Лекция №1 Корея әдебиеті


Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар



бет23/28
Дата14.10.2023
өлшемі221,14 Kb.
#114217
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар



  1. XX ғасыр ақыны Ли–Чачаудың ой–тұжырымының нәтижесі жайлы айтыңыз.

  2. Қытай әдебиетіндегі повесттің қалыптасуы, оның негізін қалаған жазушы.

  3. 1970 жылы Қытайда белең алған үдеріс?

  4. Постмодернизмнің өзіндік ерекшелігін көрсетіңіз.

  5. Қытай сыншыларының бірі Ло Ганның ұстанған идеясы?

  6. Ма Юань шығармашылығына тән өзіндік ерекшелік?

  7. 1990 ж. пайда болған жазушылардың қызығушылықтарын оятқан бағытты сипаттаңыз.



Лекция № 14


Араб әдебиеті
Жаңа заманғы араб әдебиетінің қалыптасып, дамуына Мысыр, Сирия, Ливан, Ирак, Иор­да­ния, Алжир, Тунис, Марокко және Арабия түбегінің елдері септігін тигізді. Дегенмен бұл үдерісте Мысыр, Сирия және Ливан елдері өкілдерінің рөлі зор.
Араб зерттеушілерінің көпшілігі бүгінгі араб елдерінің әдебиетін бірегей әдебиет ретінде қарастырып, оның мысырлық, сириялық, тунистік деп бөлінуін мойындамайды. Жер­гі­лікті ерекшеліктер мен айырмашылықтарды ескере отырып, араб әдебиеттанушылар «Мы­сыр­дағы араб әдебиеті» деген терминді қолданады, бірақ «Мысыр әдебиеті», «Ирак әде­бие­ті» және т.б. терминдерге қарсы. «Мысырлық», «сириялық» деген анықтамалар тек жанрға қатысты қолданылады. Мысалы: мысырлық роман, сириялық новелла және т.б.
XX ғасырдың басында әдебиет тағдырында араб интеллигенциясының эмиграциясы ерекше бір із қалдырды. Осындай бір эмигрант жазушылардың бірі Адиб Исхак болатын. Ол Дамаск қаласында шенеуіктің отбасында дүниеге келеді. Діни көзқарас жағынан католик болатын, бірақ монастырлық мектепте оқып, ағылшын және францух тілдерін жақсы меңге­ріп шығады. Исхактың публицистика мен журналистика саласындағы жетістікке жетуі «Миср» («Мысыр») және «Ат-Тиджара» («Сауда») атты газеттерімен байланысты. Екі газет те «исламдағы модернизмді» мақалаларының негізі етіп алатын. Сол себепті екеуі де үкімет шешімімен жабылады. Содан Адиб Исхак Парижге қоныс аударуға мәжбүр болады. Онда Исхак туберкулез дертіне шалдығып, 30 жасқа толмай дүние салады. Исхак қайтыс болғаннан кейін ағасы Ауни Исхак оның кейбір маңызды шығармаларын жинақтап «ад-Даур» атты жинақ шығарады. Бұл жинақ бірнеше рет баспадан өтеді.
Көптеген зерттеушілердің пікірінше, араб қоғамында стихиялық экспрессивтілік, терең тамырлаған сезімталдылық пен поэзия, метафора мен символизмнің орны ерекше болған.
Араб көркемдік өнері әдеби тілмен тығыз байланысты екендігі айдай анық. Сөз әдебиет саласында ғана емес, сонымен қатар музыка, сурет, архитектура, мүсін өнері саласында да негізгі элемент болып саналады. Тіл құдіреттілігін арабтар ашық түрде мойындап қана қоймай, оны жаңарту жолында да көп еңбек еткен.
Мәдениет әлеуметтік құрылымдар және әлеуметтік қызметпен бірлесе отырып қалыптасады. Соның ішінде роман жанры әлеуметтік шындықты бейнелеуде ерекше рөлге ие болады. Дегенмен араб әдебиеті термині әдетте поэзиямен тығыз байланысты болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет