Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары лекция тезистері лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым


Әдістемелік жүйе, оның құрылысы, негізгі құрастырушылардың анықтамасы, әдістемелік жүйенің мақсаты. Мәдени білім беру ортасы



бет30/90
Дата01.10.2023
өлшемі445,71 Kb.
#112145
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   90
Байланысты:
Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары-emirsaba.org

4. Әдістемелік жүйе, оның құрылысы, негізгі құрастырушылардың анықтамасы, әдістемелік жүйенің мақсаты. Мәдени білім беру ортасы.
Педагогика ғылымында ХХ ғасырдың 20-жылдарында педагогикалық процестің тәрбиелік тетіктері- педагогтер мен оқушылар арасындағы, ұжым ішіндегі қарым-қатынастар жүйесі, яғни тәрбиенің заңдылықтары зерттеле бастады (Н.К.Гончаров, А.Г.Калашников, С.В.Грехтенберг). Біршама кейін педагогикалық процестің оқу процесіндегі заңдылықтарын В.И.Загвязинский, Г.И.Щукина, Н.И.Болдырев, Н.Н.Петухов және т.б. ғалымдар зерттей бастады.
ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында пайда болған жұмыстарға талдау жасай келе, біртұтас педагогикалық процестің заңдылықтарын зерттеген ғалымдар: И.А.Данилов, Ю.К.Бабанский, Б.Т.Лихачев, В.А.Сластенин, т.б.
С.Қ.Мұхамбетова педагогикалық заң мен заңдылыққа төмендегідей анықтама береді: «Педагогикалық заң – педагогикалық құбылыстардың дамуына жағдай туғызатын олардың объективтік негізі, маңызды тұрақты байланыстары, ал педагогикалық заңдылық – нақты педагогикалық заңның көрінісі». Заңдылықтар педагогикалық процестің ішкі және сыртқы байланыстарын көрсетеді, олар өз кезегінде жеткілікті дәрежедегі күрделі байланыстарды құрайды.
Педагогикалық процестің төмендегідей негізгі заңдылықтары бар:
  1. оқу орнының педагогикалық процесі қоғамның әлеуметтік экономикалық қажеттілігіне сай болады;


  2. педагогикалық процестің мақсатқа бағыттылығы: қоғамның мақсатын айқындайды, ол әлеуметтік тапсырыс ретінде, білім беру заңдары арқылы талап етіледі;


  3. педагогикалық процесс – екі жақты процесс, ол ұстаздар мен оқушылардың, өзара тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің әрекетімен байланысты, міндетті түрдегі екі жақты іс-әрекет;




  4. оқушылардың шығармашылық белсенділігі – мұғалімнің мұқият ойластырған және ұйымдастырылған іс-әрекеттің нәтижесі;
  5. педагогикалық процестің қызметі оның жасалуы мен ұйымдастырылуы оқушылар ұжымы, сонымен қатар жеке оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейлеріне сай келуіне байланысты;






  6. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет