Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары лекция тезистері лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым


Педагогикалық үдеріс, ұйымдастыру формасы, технологиясы және құралдары, әдістері мен білім беру мазмұны



бет32/90
Дата01.10.2023
өлшемі445,71 Kb.
#112145
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   90
Байланысты:
Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары-emirsaba.org

Педагогикалық үдеріс, ұйымдастыру формасы, технологиясы және құралдары, әдістері мен білім беру мазмұны
«Педагогикалық процесс» ұғымын ғылымға алғаш рет 1904 жылы П.Ф.Каптерев ендірді.
«Педагогикалық процесс» объектінің сапасы, оның қасиеті ретінде көрінеді, оларсыз педагогикалық процесс өзіндік ерекшеліктерінен айырылады: белсенділік пен қатынастың бірлігі, процеске қатысушылардың барлық субъектілерінің ұйымдастырылған, бірлескен, дербес іс-әрекеттері; әртүрлі сатыдағы жүйелердің қызметінің арнайы мамандануы; субъектілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын әртүрлі қарым-қатынастарының жиынтығы.
Педагогикалық процеске көптеген ғалымдар әртүрлі анықтама береді (4-кесте).
Педагогикалық процестің негізгі сипаттамасы оның біртұтастығында. Педагогикалық процестің барлық құраушылары бір мақсатқа бірігеді: білімділік, дамытушылық, тәрбиелік. Педагогикалық процестің тұтастығы жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, дамыту мақсаттарының бірлігімен және нақты оқу-тәрбие процесінің өтуімен сипатталады.
Тұтастық, жалпылық, бірлік – бірдей мақсатқа бағытталған педагогикалық процестің барлық құраушыларының негізгі сипаттамасы. Педагогикалық процесс – қойылған мақсатқа жетуге бағытталған, тәрбиеленушінің қасиеттерінің белгіленген өзгерісіне, түрленуіне алып келетін тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара бірлескен іс-әрекетінің дамуы. Педагогикалық процесс – негізгі біріктіруші жүйе. Онда қалыптасу, даму, тәрбие және оқыту процестері өздерінің барлық шарттарымен, формаларымен, әдістерімен өзара бірігеді.
Педагогикалық процесс өзін біртұтастық ретінде субъектілердің өзара әрекеттегі арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеттерін бөле көрсете алады. Егер әрбір субъектінің жетістіктері болса, онда «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің тұрақтылығымен өзін-өзі дамыту мәселесі шешіледі.
Тұтас педагогикалық процестің басты қасиеттері:
а) педагогикалық процесс – әлеуметтік жүйе, оның өмір сүруі, қызмет істеуі оған қатысушылардың арасындағы іс-әрекеттердің алмасуымен анықталады;
ә) ынтымақтастық (тек қана ұстаздармен ғана емес, мұғалімдермен, бір-бірімен де) оқушы үшін әртүрлі іс-әрекеттердің тәсілдерін тезірек меңгерудің, яғни педагогикалық процестегі іс-әрекет субъектісінің қалыптасуының жағдайы болады;
б) «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің біртұтастығы педагогикалық процесс ішіндегі әртүрлі деңгейдегі жүйелердің өзара әрекеттері барысындағы мақсат пен нәтижелердің бірлігімен анықталады;
в) педагогикалық процестің негізгі интегративтік қасиетін әртүрлі тетіктердің бірлігі деп қарап, ондағы өзара байланысқан жүйелердің оқушылар тұлғасының қалыптасуына әсері іс-әрекет субъектілерінің (ұстаздар мен оқушылардың) қайта құру белсенділігімен анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет