Оқу-тәрбие процесіндегі сапаны басқару. Мектеп басшысының міндеті: мақсат бірлігін қамтамасыз ету бойынша аталған саясат пен жауапкершіліктердің барлығын жүзеге асыруды, басқару дәстүрін сабақтастыруды, барлық қызмет түрлерін процестік көзқараспен қамтамасыз етуші сапа менеджменті жүйесін тұрақты түрде жақсарту мен қолдауды және нақты мәліметтер талдауының дәлдігіне негізделген шешімдерді қабылдау.
Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі құрылды. Ол тәуелсіз сыртқы бағалаудың барлық элементтерін (лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу, рейтинг, бірыңғай ұлттық тестілеу (ҰБТ), мемлекеттік аралық бақылау (МАБ), түлектерді кешенді тестілеу және басқалары) қамтиды. Барлық облыстарда білім беру сапасын бағалаудың облыстық жүйесі енгізілуде.Білім алушының белсенділігі тəжірибеден тəуелсіз оқу-тəрбие процесінде жүргізілетін басқарудың маңызды құрауышы екені оқу қызметін жəне оны құрайтын оқу əрекеттерін талдау арқылы ашылады. Белгілі психолог П.Я.Гальперин əрекет құрылымын аша отырып, оны атқаратын функциялары бойынша шамалы, атқарушы жəне бақылау деген үш бөлікке бөледі (7-кесте).
Кесте-7. Оқу-тәрбие процесінің сапасы