Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары


Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру талаптары



бет59/92
Дата05.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#79593
түріЛекция
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   92
Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру талаптары:

    1. Мектептегі қайта өзгертуді тәжірибе арқылы іске асыру, оның өмірімен байланысы, маңыздылығы. Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың барысында жаңа жағдай қоғамның әлеуметтік тапсырысын және осы мұғалімдер ұжымына жақын мәселелерді есепке алу.

    2. Әдістемелік жұмыстың ғылымилығы. Мұғалімдердің мамандығын көтеру жүйесінің қазіргі ғылым жетістіктеріне бағыт ұстауы.

    3. Әдістемелік жұмыстың жүйелілігі. Жүйенің тұтастығы, мақсат, міндет, мазмұн мен жұмыс әдісінің бірлігі тиімді нәтижеге жетудің көрсеткіші ретінде қаралады.

    4. Әдістемелік жұмыстың кешенді сипаты. Бұл жерде туындыгерлер мұғалімдердің мамандығын арттырудың барлық жақтарының өзара байланысты негіздерін, бірлігін ұсынады (жеке әдістер, дидактика, тәрбие ілімі, психология, физиология, педагогикалық әдеп және жалпы мәдениетті дамыту мәселелері бойынша).

    5. Жүйелілік, бірізділік, сабақтастық, үздіксіздік, көпшілдік. Оқу жылының барысында мұғалімдерді оқу түрлерімен толық қамту, әдістемелік жұмысты үздіксіз білім алу жүйесінің бөлігіне айналдыру.

    6. Әдістемелік жұмыстың шығармашылық сипаты, мұғалімдердің зор белсенділігі. Әрбір мектепте мұғалімдермен жүргізілетін жұмыстың өзіндік жеке жүйесін жасау, мұғалімдердің шығармашылық ізденісіне жағдай туғызу арқылы ынталандыру.

    7. Әдістемелік жұмыстың нақтылығы. Мектеп пен мұғалімнің нақты ерекшеліктерін есепке алу, мұғалімдерге жекелеген амал, әдістер қолдану.

    8. Мұғалімдердің біліктілігін арттыруда әдістемелік жұмыстың басты, маңызды бағыттары. Мұғалімдердің мамандығын көтеруде және олармен жұмыс жүргізу түрлерінде маңызды бағыттар мен мәселелерді іздестіру.

    9. Әдістемелік жұмыстың барлық бағытындағы ілім мен тәжірибенің бірлігі. Бұл көзқарас бір кезде екі қажетсіз, шектен шықан мәселеге қарсы тұрады: ілімнің мәні мен маңызын бағаламауға және әдістемелік жұмыстың орынсыз ілімдік тұрғыда баяндалуына, оқу-тәрбие жұмысындағы тәжірибе мәселелері мен ілім арасындағы алшақтықтарға қарсы болады.



    10. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет