Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары



бет56/92
Дата05.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#79593
түріЛекция
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   92
Кемелдену шыңы



Креатиивті



М



Зерттеуші



Ұ



Ізденуші



Жаңашыл

Ғ



Шығармашыл

Л



Озат тәжірибелі

А



Тәжірибелі маман

І



Жас маман

М


Сурет-27. Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке даярлығының дәрежесіне сәйкес мұғалімдердің типтері ( К.Д.Бузаубакова бойынша)
Креативті мұғалім – өзінің авторлық технологиясын ғылыми тұрғыдан негіздей алған, іс-тәжірибесі республика көлемінде танылған, насихатталған ұдайы ізденістегі жаңашыл, шебер мұғалім.
Диагностикалау тобының қызметі
Бұл топ мектептегі тәжірибелі мұғалімдерден құралады. Қажет болған жағдайда оған мектеп басшысы немесе аудандық бірлестіктен тәжірибелі ұстаз қатыстырылады.
Топ жұмысын директордың оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасары үйлестіріп отырады. Атқаратын жұмыс түрлері:

  • Оқушы білімділігі мен тәрбиелілігін тексеру, талдау.

  • Мұғалімдердің кәсіби даярлығының және оқу-тәрбие жұмысының сапасын тексеру, талдау, болжау жасау.

  • Оқу-тәрбие жұмысы, әдістемелік жұмыс жағдайы туралы, педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес шешімдердінің орындалуы жайлы мәліметтер банкін құру.

  • Озат тәжірибе туралы, педагогика, психология саласындағы жаңа зерттеулер, мектеп жұмысы жөніндегі ғылыми-әдістемелік материалдар банкін құру.

  • Оқу-тәрбие жұмысының мазмұн, форма, әдіс-тәсілдерін дамытудың жақын арадағы және келешектегі мақсаттарын айқындау, ұжымның және жеке арадағы және келешектегі мақсаттарын айқындау, ұжымның және жеке мұғалімнің ғылыми- әдістемелік іс-әрекетін дамыту.

  • Әдістемелік кеңестің жоспарлау, ұйымдастыру, ғылыми-әдістемелік жұмыс мазмұны жөнінде ұсынысын дайындау.

Әдістемелік бірлестік – білім мекемесінің әдістемелік қызметі құрылымындағы негізгі білім болып табылады. Бірлестік бір немесе туыстас бірнеше пәндер бойынша оқу-тәрбие, әдістемелік, зерттеу-тәжірибелік және сыныптан тыс жұмыстарды атқарады.
Бір пәннен немесе бір білім аймағынан сабақ беретін мұғалімдер саны 3-тен көп болған жағдайда әдістемелік бірлестік құрылады. Әдістемелік бірлестіктер мен ондағы мұғалімдер саны білім мекемесінің алдына қойылған кешенді мақсат-міндеттерді шешу қажеттілігімен анықталып, мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.
Әдістемелік бірлестік жұмысына мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жетекшілік етеді. Әдістемелік бірлестік жұмысы мектеп директоры бекіткен жылдық жоспар негізінде жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет