3. Педагогиканың аксиологиялық негіздері Аксиологияның негізгі ұғымы құбылыстың мәдени-әлеуметтік мағынасын ашатын «құндылық» болып табылады. Тәжірибеге жүгінсек, аксиология үшін құнды нәрсе тек қана педагогикалық және ғылыми-педагогикалық құбылыстардың құндылығын анықтау ғана емес, сондай-ақ оларды бағалау критерийлерін де анықтау: жаңашылдық деңгейі, өзектілігі, теориялық және практикалық құндылықтары. Педагогикалық құндылықтарды бағалау критерийлері өте күрделі, себебі жаңалықтың өмірге келуі мен оны жүзеге асырудағы субъектінің рөлі өте маңызды болып табылады.
Құндылықтар: Адам, Өмір, Денсаулық, Отбасы, Отан, Еңбек, Білім, Мәдениет, Бейбітшілік, Жер, Адамзат, Даму, Ар-ұят, Еркіндік, Бақыт, Еңбек, Өмір, Ақиқат, Жақсылық, Әділеттілік, Табиғат, Қоғам, Таным, Теңдік, Бауырластық, Сұлулық, Қарым-қатынас, Ойын.
Қазақстандық ғалымдар білім мен тәрбие беруді дамытуда жалпы адамзаттық ұлттық құндылық тенденцияларына ғылыми-теориялық, әдіснамалық бағытта әр қырынан зерттеу (Г.А.Уманов, Н.Д.Хмель, Қ.Б.Жарықбаев, А.А.Бейсенбаева, С.А.Ұзақбаева, Т.Сапабекова және т.б.) жүргізіп келеді.
Құндылықтарды игеру механизмі адамның өзін-өзі айқындау құндылығы арқылы жүзеге асады. Өзін-өзі айқындаудың алғашқы кезінде оқушы игеретін құндылықтардың мәнін аша келе, адамгершілік құндылық бағдарына ие болады. Бұдан келіп, оқушы өз бойындағы өзін-өзі айқындаудың адамгершілік құндылықтарын басқалардың адамгершілік құндылықтарын және адамгершілік құндылық бағдарлары негізінде іс-әрекеттері мен қарым-қатынасы ұйымдастыруын салыстырады, әрекеттер мен мінез-құлыққа талдау жасау барысында ол адамгершілік құндылықтарды анықтап, оның өзін-өзі айқындап жүзеге асады
Лекция №3 Педагогика ғылымының әдіснамасы туралы түсінік 1.Педагогика ғылымының әдіснамасы туралы түсінік 2.Педагогикалық зерттеудің әдістері
3.Ғылыми зерттеу әдісі
4.Педагогиканың философиялық негіздемесі
1.Педагогика ғылымының әдіснамасы туралы түсінік Ғылым тек жаңа білімдердің толықтырылуымен ғана дами алады. Игерілген білім ең алдымен әдіснамалық зерттеулерді таңдауға байланысты нақтыланады.
Әдіснама (грек сөзі methodos – зерттеу жолы немесе таным, теория, оқу және logos – сөз ұғым): 1) теориялық және практикалық іс-әрекетті құру және принциптер жүйесі мен ұйымдастыру тәсілі; 2) ғылыми таным әдісі туралы ілім;3) қандай-да бір ғылымда қолданылатын әдістер жиынтығы.
Әдіснама -зерттеу жұмысының сапасын бағалауға оның бағдарламасын құруға, ғылыми білімдер жүйесін түзуге бағытталған іс-әрекет. Сонымен қатар зерттеу объектісі мен пәнінің ерекшеліктеріне байланысты зерттеуді ұйымдастыру және принциптерін таңдау, мәселеге әр тұрғыдан келу.
Педагогика ғылымының әдіснамасы - бұл таным процесі, формасы, әдістері, принциптері туралы ілім және педагогикалық құбылыстарды бейнелейтін білімдерді іздестіру мен оған әр тұрғы аспектіден келу жүйесі.
Теориялық білім педагогиканың шынайы құбылыстардың әдіснамасының негізі болады, сонымен қатар әдістеме арқылы іске асырылады. Ал, теория – таным процесінің нәтижесі, әдіснама танымға жетудің жолы. Таным теориясы таным іс-әрекетінің тұтас процесін, мазмұнын қарастырады. Ғылыми әдіснаманың үш деңгейі бар: философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылыми. Философия әдіснама ретінде зерттеушіні адам, қоғам, табиғат, сана дамуының жалпы заңдарын білуге, әлемнің тұтастығын қамтуға байланысты мәселелерден алатын орнын анықтаумен қамтамасыз етеді. Жалпы ғылыми әдіснама зерттеудің кейбір жалпы заңдары мен ұстанымдарын меңгеруге көмектессе, нақты ғылыми әдіснама, ғылыми пәнге қатысты заңдылықтар мен ұстанымдарды меңгеруге көмектеседі. Қандай ғылым саласы болмасын ең алдымен философиялық ілімге сүйенеді. Ғылымды философиялық, аксиологиялық түсіну философия ғылымың мазмұнына кіреді, сондай-ақ ғылыми білім туралы түсініктердің қалыптасуына негіз болады. Дегенмен маманның ғылыми-зерттеу мәдениетіне, әдіснамалық тұжырымына тек философия және оның гносеологиялық негіздері ғана ықпал етпейтіні белгілі.
Ал, әдіснамалық тұжырымдар ғылымның философиялық негіздері мен педагогика ғылымының қарастыратын мәселелеріне сай ажыратылады. Зерттеушінің әдіснамалық тұжырымы оның бұрын қалыптасқан психологиялық-педагогикалық тұжырымдары негізінде толықтырылады. Тіпті кей кезде, барлық ғылым жүйесі негізге алатын тұрақты ережелер, әдістемелік көзқарастар, ғылыми мектептердің негізгі бағыттары да өзгеріске ұшырап отырады. Демек, теориялық білім дегеніміз белгілі бір педагогикалық шынайы құбылысты талқылауға, қолдануға жєне түсіндіруге бағытталған ғылыми көзқарастар, тұжырымдар, түсініктер мен идеялардың жиынтығы болып табылады. Теориялық білім жеке адамды тәрбиелеу, оқыту және қалыптастырудың қалыптасқан тәжірибесін шығармашылық тұрғыдан қайта құрумен тікелей байланысты деуге болады. Сондықтан да ол педагогикалық тәжірибені қортындылап, жеке адамның болашақта маман ретінде қалыптасуы мен дамуының алғы шарты бола алады.
Ғылымда әдіснамалық бөлімнің төрт деңгейін бөліп қарастырады: философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылыми және техникалық. Философиялық деңгейде танымның жалпы қағидалары және ғылыми аппараты құрылады. Жалпы ғылыми деңгейдің негізінде көптеген ғылымдарда қолданылатын тұжырымдамалар, әр аспектіде ғылыми тұрғыдан келу жүйесі жатыр. Яғни, жүйелілік, жеке тұлғалық, іс-әрекеттілік, мәдени, этнопедагогикалық және т.б. тұрғылардан келу. Нақты ғылыми деңгей- нақты бір ғылым саласында қолданылатын зерттеу әдістер, принциптер жиынтығы. Техникалық деңгейін зерттеуге қолданылатын әдістеме мен техника құрайды.