Бүкіл әлемге тарату Жобаның даму барысында біз осы мәселені басқа кеңесшілермен және мұғалімдермен талқылау туралы көптеген ұсыныстарға жауап бердік. Нақты айтқанда, 5 жылдың ішінде осындай 400-ден астам әңгіме өткіздік. Олар барлық оқу пәндерін және екі оқыту деңгейін: бастауыш және орта мектепті қамтыды. Бұдан басқа, кейбір бастауыш мектептермен тұрақты ынтымақтастық орнатылды. Бұның барлығы біздің жалпы қорытындыларымыз барлығы үшін өте пайдалы болады деген сенім тудырды, алайда түрлі жастағы топтар мен оқу пәндері үшін кейбір маңызды тетіктер өзгеріп жатуы мүмкін. Оның үстіне, Стэнфорд Университетінің тобы Патшалық Колледжбен бірлесіп Калифорния мектептерінде осындай дамыту жобасын құру үшін Ұлттық Ғылым Қорынан ақшалай қаражат алды. Осы қаржының арқасында жұмысымызды кеңейтуге мүмкіндік алдық. Біз сондай-ақ жобаның басшы тобын құрған бірнеше үкіметтік ұйымдардың жеке тұлғаларынан материалдық қолдау алдық, кеңес беріп, насихат жүргіздік, сол арқылы Англия мен Шотландияның білім беру саясатының басты тақырыбы – оқу үшін бағалау екеніне көз жеткізуге көмектестік.