Лекция 1 Тақырыбы : Химиялық кинетика пәні, химиялық реакция жылдамдығы, оған әсер ететін факторлар



Pdf көрінісі
бет3/82
Дата05.03.2023
өлшемі1,89 Mb.
#71609
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
downloadPdfUmkd

элементар актысы (қарапайым әрекеті) деп атайды. 
Элементар акт немесе қарапайым әрекет деп әрекеттесетін бөлшектердің 
энергиялық тосқауылдан өту сатысын айтамыз. Екінші сатысының 
мысалында, элементар актының энергия өзгерісін қарастырайық (1-сурет). 
Ең алдымен 
және
бір-бірімен жақындасып активті комплекс 
(псевдомолекула) түзеді де энергия тосқауылынан өтеді. Содан соң түзілген


 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу – әдістемелік кешені 
Басылым: 
бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15. ПОӘК. Бесінші басылым 
1-сурет. Бром атомының сутек молекуласымен әрекеттесу сатысындағы 
элементар актының схемалық бейнесі 
 
активті комплекс ыдырап жаңа бөлшектер түзіледі. Реакцияның барлық сатылары 
үшін де осындай процесс өтеді. Демек, 
түзілу реакциясы бірнеше энергиялық 
тосқауылдан өтеді. 
Сөйтіп, химиялық кинетика химиялық процестің уақытқа байланысты 
жүруі кезіндегі сандық өзгерістерін зерттейді, реакцияның жеке сатыларын 
яғни механизмін (немесе схемасын) анықтайды
Химиялық реакциялар өзінің табиғатына қарай гомогенді және гетерогенді 
реакция болып бөлінеді: 
(гомогенді) 
(гетерогенді) 
Сонымен қатар қайтымды және қайтымсыз реакция болып та бөлінеді. 
Қайтымсыз реакцияда реакциядан шыққан өнімдер бастапқы заттарға 
бұрынғы энергиялық жолмен ыдырай алмайды; химиялық кинетика тұрғысынан 
алғанда, тепе-теңдік күйде реакция өнімінің концентрациясы бастапқы заттардың 
концентрациясынан өте көп болатындықтан бастапқы заттарды ескермеуге 
болады. 
Қайтымды реакцияда бастапқы заттар соңғы заттарға (реакция өніміне) 
қандай энергиялық жолмен айналса реакцияның өнімі сол жолмен бастапқы 
заттарға айнала алады, бұл кезде бастапқы және соңғы заттардың 
концентрациялары шамалас болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет