Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны


Синтетикалық байланысу тәсілі



бет53/66
Дата25.11.2023
өлшемі496,98 Kb.
#128172
түріЛекция
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   66
Байланысты:
Лекция №1 Та ырыбы Фонетиканы зерттеу нысаны

Синтетикалық байланысу тәсілі – сөздердің жалғаулар арқылы байланысуы. Қазақ тіліндегі сөз бен сөзді байланыстырушы жалғаулар септік, көптік, тәуелдік, жіктік жалғаулар болып бөлінеді.
Осы жалғаулардың ішінде сөздерді байланыстыруда ерекше қызмет атқаратыны – септік жалғаулар. Септік жалғау сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарына жалғасып, сөздердің грамматикалық мағынасын айқындайды: кітаппен дайындалды, есікті ашты, сабағын оқыды т.б.
Тәуелдік жалғау матаса байланысатын сөздің бағындырушы сыңары болып, бағыныңқы сөздің ілік септігі тұлғасында тұруын талап етеді: менің республикам, әжемнің әңгімесі, сенің тілегің т.б.
Көптік жалғаулары сөйлемнің бастауышы мен баяндауышының қиыса байланысуы қызмететеді: сіздер жассыздар, бұлар – студенттер, біздер барамыз т.б.
Жіктік жалғаулары сөйлем ішінде баяндауыштың жақтық тұлғасын көрсетіп, оны бастауышпен предикаттық қатынаста байланыстырып тұрады: мен оқыдым, сен келдің, біз көрдік т.б.
Аналитикалық – синтетикалық тәсіл – аналитикалық және синтетикалық тәсілдердің аралас келген түрі. Бұл тәсілге сөздердің әрі септік жалғауы арқылы, әрі шылау арқылы байланысу тәсілі жатады. Мысалы: Мектепке қарай жүрді (Б.с.+шылау), сабақтан соң бардық (Ш.с+шылау), құрбыммен бірге келдім (К.с.+шылау) т.б.
М.Балақаев бағыныңқы сыңардың септік жалғауы түсіріліп айтылуын да осы тәсілге жатқызады.
Мысалы: Алматы_барды, асқар тау_көрдім.


Әдебиеттер:

  1. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. 1971.

  2. Қазақ тілінің грамматикасы 2. Синтаксис. 1967.

  3. Байтұрсыноа А. Тіл тағылымы. 1992.

  4. Сайрамбаев Т.Сөйлемнің ұрлаулы мүшелері. 1991.

  5. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. 1966.

  6. Әміров Р. Жай сөйлем синтаксисі. 1993.

  7. Қазақ грамматикасы. 2002.


Лекция №5.2
Лекцияның тақырыбы: Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет