Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны


Одағайлардың ерекшеліктері



бет50/66
Дата25.11.2023
өлшемі496,98 Kb.
#128172
түріЛекция
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   66
2. Одағайлардың ерекшеліктері:
1. Одағайларда дербес лекси-лық мағына болмайды. Мысалы: пәлі, әттең, ойпырымай т.б.
2. Одағай сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді. Мысалы: Қап, соны күшік кезінде атып тастау керек еді.
3. Одағай сөйлем мүшесі бола алмайды. Мысалы: Әттең, қазір жанымда әкем болғанда ғой.
Мағыналық ерекшелігі.
1. Көңіл-күй одағайы – адамның түрлі көңіл-күйін білдіреді.
2. Жекіру,бұйыру одағайы – жекіру, тыйым салу мәнін білдіреді.
3. Шақыру одағайы – мал, ит-құсты шақыру не қууға байланысты айтылады.
3. Одағайдың синтаксистік қызметі
Одағайлар екі түрлі жағдайда ғана сөйлем мүшесі бола алады.
1.Одағайлар кейбір көмекші етістіктермен тіркесіп күрделі мүшенің құрамына кіреді. Мұндай көмекші етістік одағайды басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіретін дәнекер болып қызмет атқарады. Мысалы: Әттеген-ай – деді ол таңдайын қағып, дегндегі одағай де етістігінің дәнекерленуімен қайтті?, не деді? Деген сұрауларға жауап болып, сөйлемнің мүшесі бола алады.
2.Одағай сөздер субстантивтеніп, түрлі қосымшалар қабылдап, сөйлемнің қалыпты мүшесі болады. Мысалы: Аллаңнан ойбайым тыныш. Кешке әрі тоңып, әрі шаршап аһлап, уһлеп отырған, кемпір өзін өлтіріп кете жаздаған кім екенін есіне алды.


Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер

  1. Ысқақов А. Қазiргi қазақ тiлi. Морфология. –А., 1964; 1974.

  2. Қазақ грамматикасы, Астана,2002

  3. Қазақ тiлiнiң грамматикасы. 1 том. Морфология. –А., 1967.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. А., 1972.

  2. Ибатов И. Қазақ тiлiндегi туынды сөздер сөздiгi. –А., 1988.

  3. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздің грамматикалық сипаты. А., 1998.

  4. Қазақ тілі. Энциклопедия. А., 1998

  5. Қазақ тілі (сөзжасам, морфология), Алматы, 2002

  6. Қазақ тiлiндегi сөз тудыру проблемасы. –А., 1985.



  7. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет