Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны



бет49/66
Дата25.11.2023
өлшемі496,98 Kb.
#128172
түріЛекция
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   66
Байланысты:
Лекция №1 Та ырыбы Фонетиканы зерттеу нысаны

2. Бейнелеуіш сөздер
Бейнелеуіш сөздер деп – табиғаттағы құбылыстар мен заттар дың және неше алуан жан-жануарлардың сыртқы сын сипаттары мен әрекет қимылдарын көру қабілеті арқылы қабылданған бейне-көріністердің атауларын, яғни, атаулары ретінде қызмет ететін сөздерді айтамыз.

  • Негізгі еліктеуіш сөздер – ар, ырс, бырс, бұлт, күмп, елп, мырс, селк, жарқ.

  • Туынды еліктеуіш сөздер – алшаң, арбаң, елпең, қалтаң.

  • Атауыш сөздерге –ағар-аң, дал-аң, домала-ң, көлбе-ң.

  • Жеке қолданылмайтын сөздерге – арба-ң, кірж-ің, қайқ-аң, шұба-лаң.

Негізінен, пысықтауыш, құранды мүшенің құрамында баяндауыш болып анықтауыш та болады. Субстантивтеніп толықтауыш, анықтауыш, бастауыш та болуы мүмкін.


Одағайлар. Түрлері
Одағай сөздер адамның көңіл-күйін, сезімін білдіру мақсатымен ғана емес, сонымен қатар басқа біреуге бұйыру, ишара білдіру немесе малды, үй хайуандарын шақыру, айдау, қорғау мақсатында қолданылады. Олар 3 топқа бөлінеді:
1. Көңіл-күй одағайлары.
2. Императивті одағайлар.
3. Тұрмыс-салт одағайлары.
Олардың жеке–дара лексикалық мағынасы болмайды, нақты ұғымдық мәні жоқ, сөйлем ішінде басқа сөздермен байланысқа түспейді. Сондықтан олар оқшау сөздерге жатады. Дегенмен сөйлеушінің көңіл-күйін, императивті мәнін білдіреді.
1. Көңіл-күй одағайы. –Алақай! Бәрекелді! Оһо! Һа! Паһ-паһ!
2. Императивті ишара одағайы. – адамға байланысты айтылатын түрі: Айда!Тәйт! Сап-сап! Жә! Тек! Әлди-әлди! – малға, үй хайуанттарына байланысты айтылатын түрлері: Айтақ! Моһ-моһ! Шөре-шөре!
3. Тұрмыс-салт одағайы. – Хош! Хайыр! Рақмет! Ассалаумағалейкум! Құп! Ләббай! Кеш жарық!
Тұлғасына қарай одағайлар негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.
Негізгі одағайларға: ау, па, ей, әй, е, уа, уау, я, пай, ә, о, оһо, ие, аһа, у, беу одағайлары жатады.
Туынды одағайларға: мәссаған, бәрекелді, әттеген-ай, жаракімалла, масқарай, о тоба, астапыралла, ой тобай т.б. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет