Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. (1 сағат) Жоспары


Халықаралық қатынастар жүйесі



бет82/96
Дата05.06.2023
өлшемі389,03 Kb.
#98761
түріЛекция
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   96
Байланысты:
саясаттану лекциялар

2. Халықаралық қатынастар жүйесі. Халықаралық саясатта әр түрлi теориялар мен тұжырымдар қалыптасқан. Мәселен, мемлекеттiк күштердiң ара салмағына байланысты күш теңдiгi немесе саяси теңдiк деген тұжырымдар қалыптасты. Бұл тұжырым ХVll ғасырда пайда болды.
Ресейлiк В.Малиновский /1765-1814ж.ж./ Соғыс пен бейбiтшiлiк туралы ой жүгiрту деген еңбегiнде дүниежүзiлiк әлемде сот пен полицейский жоқ. Сондықтан агрессордың сазайын тарттыратын және агрессияның алдын алудың құралы мемлекеттер арасындағы күш теңдiгiн сақтау деп жазады.
Американдық идеолог З.Бзежинский халықаралық саясаттың жаңа үлгiсiн ұсынды. Бұнда жалпыадамзаттық құндылықтар үшiн барлық мемлекеттер тең дәрежеде өздерiнiң егемендiгiнен бас тартуы тиiс деген тұжырым ұсынылады.
Марксизм мемлекеттiң iшкi саясаты оның сыртқы саясатын анықтайды деп санайды.Халықаралық қатынаспен байланысты тағы бiр ұғым ұлттық мүдде. ұлттық мүдде деп өз халқының, мемлекетiнiң мақсат-мүддесiн сезiп, бiлiп оны iске асыруға тырысушылықты айтады. Оған ұлтты еркiн және тәуелсiз мемлекет ретiнде ұстау, сыртқы қауiп-қатерден сақтау, ұлттың жақсы тұрмыс халiн өрлетiп, дамыту, халықаралық майданда мемлекеттiң экономикалық және саяси бағытын қорғау, әлемдiк саясатта өз ықпалын кеңейту жатады.
Халықаралық қатынастар жүйесiндегi тағы бiр маңызды ұғым ұлттық қауiпсiздік. Кейбiр ғалымдар ұлттық қауiпсiздiкке ұлттық мүдде тұрғысынан қарау керектiгiн ұсынды. Мемлекеттiң қауiпсiз аймақта болуы, өзiнiң заңды мүдделерiне нұқсан келмейтiн iс-әрекеттерiмен байланысты. Саяси реализм мектебінің лидері Ганс Моргентау ұлттық мүддені ғылыми зерттеу мен анализ жасауды қажет ететінобъективті құбылыс ретінде қарады. Моргентаудың пікірінше, сыртқы саясаттың мақсаты ұлттық мүдде терминімен анықталады.
Ұлттық мүдденің субъектісі мемлекет және сонымен қатар ұлттық мүдденің қалыптасуында қоғам, партия ғылыми және шығармашылық элита, армияның да рөлі бар. Ұлттық мүдде мен мемлекеттік мүдде синоним ретінде қолданылады. Бірақ теориялық жағынан айырмашылық бар. Қоғамдық мүдде ұлттық мүдде қарағанда ұсақ, күнделікті проблемаларды қамтиды. Ұлттық мүдде әлеуметтік тұрақтылықты қалыптастыруға, ұлт бірлігін, мемлекет, қоғам, жеке адам қауіпсіздігін, территория тұтастығын сақтауға негіз болады.
Қазақстанның ұлттық мүддесінің проблемасы әр ұлт өкілдерінің бірігу проблемасын қозғайды. Тарихи тамырын тереңге жіберген қазақстандықтардың дәстүрін есепке алатын Қазақстанның ұлттық мүддесі қандай болу керек? Бұл сұраққа берілетін жауаптар да әртүрлі.

* Жергілікті ұлттың идеясы арқылы.


* Дін арқылы.
* Аймақтардың экономикалық өзара байланысы арқылы.

Қазақстанның сыртқы саяси мүдделерін әр түрлі деңгейде қарастыруға болады. Бұл деңгейлерге еліміздің Ресеймен, ТМД елдерімен, Азия мемлекеттерімен, Араб әлемімен сондай-ақ Батыс Европа және АҚШ-пен түрлы дипломатиялық, саяси, экономикалық және т.б. қарым-қатынастары жатады.


Қазақстан Республикасының 1998 жылы 26 маусымда “Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі” Заңын қабылдады.
Осы заңның 4 бабында көрсетілген Қ.Р-ның ұлттық мүдделерін іске асыруға негізделген бағыттарға тоқталатын болсақ:

* Адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету.


* Елде қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты сақтау.
* Қазақстанның бүкіл халқының игілігі үшін экономикалық даму.
* Қазақстандықтарды патриотизмге тәрбиелеу және Қазақстан халқының бірлігін нығайту.
* Қазақстан қоғамының материалдық және рухани құндылықтарын сақтау.
* Қ.Р. конституциялық құрылысының, оның ішінде мемлекеттік тәуелсіздігінің бірегей құрылысы мен президенттік басқару нысанының, тұтастығының, мемлекеттік шекараларына қол сұғылмаушылық пен ел аумағының бөлінбестігінің бұлжымас беріктігі.
* Мемлекеттік институттардың тұрақты жұмыс істеуі, оларды нығайту және қызметінің пәрменділігін арттыру.
* Қ.Р. Қарулы күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының жарақталуы мен жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету.
* Заңдарды бұлжытпай орындау және құқық тәртібін сақтау.
* Әріптестік негізінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
* Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі Заңы. 1998ж. 30 маусым.

Кейбiр ғалымдар ұлттық қауiпсiздiкке ұлттық мүдде тұрғысынан қарау керектiгiн ұсынды. Мемлекеттiң қауiпсiз аймақта болуы, өзiнiң заңды мүдделерiне нұқсан келмейтiн iс-әрекеттерiмен байланысты. Саяси реализм мектебінің лидері Ганс Моргентау ұлттық мүддені ғылыми зерттеу мен анализ жасауды қажет ететінобъективті құбылыс ретінде қарады. Моргентаудың пікірінше, сыртқы саясаттың мақсаты ұлттық мүдде терминімен анықталады. Ұлттық мүдденің субъектісі мемлекет және сонымен қатар ұлттық мүдденің қалыптасуында қоғам, партия ғылыми және шығармашылық элита, армияның да рөлі бар.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет