«-Ең әдемі сөз – аз сөз» дейді халық. «Көп сөз-көмір, аз сөз-алтын» дегені тағы бар.
Мәдениетті, әдемі сөйлеу үшін, көп сөйлеу міндетті емес. Қай жерде болсын, айтарыңды
қысқа айтуға тырыс. Сөйлемдерің шұбалаңқы, шашыраңқы болмасын. Мәдениетті
сөйлеудің бір жолы – қыстырма сөздерді, жергілікті жерлерде ғана пайдаланатын сөздерді
пайдаланбау, «әй, өй» деп, өзіңді, тыңдаушыны да мазалай беру әбестік болады.
Сөйлеу мәдениеті деген – ең алдымен әдепсіз, көргенсіз сөздерді қолданбау. Осыған
абай бол.
Екіншіден, айғайлап, дабырлап, екіленіп сөйлеме.
Пікір таластырып тұрсаң да, сабырлы, басыңқы сөйлеуге тырыс. Басқаны толық
тыңда, сөзін бөле берме. Өзің де айтарыңды жинақы еткізіп жеткіз.
Әрине, бұл нұсқауды оқып, балалардың барлығы әдемі сөйлеп кетеді деген ұғым
тумаса керек. Тлі дамыту - әдебиетті оқыту әдістемесінің ең бір күрделі де маңызды саласы.
Ол жүйелі түрде шығармашылық бағытта жүргізіледі.
Оқу бағдарламасында тіл дамытуға арнайы сағаттар бөлінген,
бірақ оны тек сол
сағаттарда ғана жүргізу керек деп ұқпау керек. Жоғарыда айтылғандай, тіл дамытуға
мұғалім әдебиеттің әр сағаты, сыныптан тыс жұмыстарда үнемі көңіл аударып отырады.
Әдебиет сабағындағы тіл дамыту оқытылып жатқан көркем шығарма негізінде, оның
көркем тілін жаңғырту негізінде жүзеге асуы керек. Оқушылардың әдебиет сабағында
көркем тілін дамыту үшін де басқа пәндермен байланыстырып оқытудың маңызы
ерекше.Сабақты түрлендіріп өткізу тақырып, сынып ерекшелігіне
байланысты болып
келеді. Оның үлгілерін іздеу, әсіресе, соңғы кездерде тәжірибеде кеңінен қолдау
табуда.Әсіресе, оқушылардың ауызша тілін, сөйлеу мәдениетін, шеберлігін арттыруда
пікірталасы, айтыс сабақтар, баспасөз конференциясы, брифинг, көзқарас сабақтарының
маңызы ерекше.
Көркем тілдерін дамытуда, тіл мәдениетін қалыптастыруда бейнелеу өнері,
музыка
сабақтарының маңызы ерекше. Әдебиетші мұғалім осы пәндер мұғалімдерімен бірлесе
отырып, жүйелі жұмыс жүргізу керек. Мысалы, ана, соғыс, табиғат, ата мекен туралы
бейнелеу өнерінің туындылары баршылық.
Осы тақырыптағы әдеби шығармаларды өту барысында мұғалім оларды көрнекілік
ретінде пайдаланады. Көрнекілік ретінде пайдалауда да маңызды мақсат жатады.
Біріншіден, беріліп отырған білімді байыту, танымын арттыру. Екіншіден, көркем тілін
дамыту. Бейнелеу өнері мұғалімінің сурет бойынша әңгіме жүргізуі. Мысалы, күздің
бейнесін суретші бояу арқылы беріп отырғанын,
сұр қорғасын, күңгірт түстермен
қатар,сап-сары, жасыл бояулардың да суреттегі орнына тоқталды.Бұндай сабақты сабақ-
гармония деп те атап жатады. Мәселе сабақтың типінде емес, ең басты жұмыс -
оқушылардың көркем тілін дамытуда.
Тіл дамыту жұмыстарын сондай-ақ тарих, биология, т.б сабақтарымен де
байланыстыра жүргізуге болады. Оқушылардың көркем тілін дамытуда, тіл байлығын
жетілдіруде сөздік жұмыстары, сондай-ақ сөз тіркестері, мақал-мәтелдермен
жұмыстың
маңызы зор. Тіл ұстарту деген - ең алдымен сөзбен жұмыс жұмыс, тіл байлығы деген-ең
алдымен оқушының сөздік қорының молдығы, екіншіден, сол мол қорды орынды, тиімді,
әрі көркем етіп пайдалана білуі. Оқушылардың сөздік қорын дамытуда әр түрлі
сөздіктермен жұмыстың пайдасы ерекше зор. Түсіндірме сөздіктермен жұмыстың пайдасы
ерекше зор. Түсіндірме сөздіктер, әсіресе, көркем шығармаларды оқуда, соның ішінде
тарихи тақырыпта жазылған шығармаларды оқуда, соның
ішінде тарихи тақырыпта
жазылған шығармаларды оқуда оқушыға бірден-бір көмек болып табылады. Сондай-ақ
фразеологиялық сөздіктер, термин сөздер сөздігі де ауадай қажет, 5-8-сыныптар
оқушыларымен әр сабаққа сайын сөздік жұмысы жүріп отыруы керек. Көркем шығарманы
әдеби талдау алдында, мәтінмен жұмыс кезінде, міндетті түрде сөздік жұмысы жүргізіледі.
Сабақтан тыс уақыттарда да оқыған көркем шығармалары бойынша түсінбеген сөздерін
белгілеп келуі тапсырылып, сол бойынша сыныптан тыс оқуларда, қосымша сабақтарда
әр түрлі жұмыстар атқарылуы тиіс.