Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мазмұны, әдеби білім кезеңдері



Pdf көрінісі
бет26/33
Дата22.12.2023
өлшемі485,89 Kb.
#142707
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33
Бақылау сұрақтары: 
1. Технология және оның түрлері. 
2. Қазақ әдебиеті сабағында қолданылатын технология түрлері. 


Әдебиеттер тізімі: 
Негізгі: 
1. Қоңыратбаев Ә.Әдебиетті оқыту методикасы. А., "Мектеп" 1966, 1985 
2. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы "Рауан". 1988 
3. Жұмажанова Т. Оқушылардың оқырмандық қызығушылығын арттыру мәселелері. 
А.1982 
4. Жүсіпов Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Павлодар 2003 
Қосымша: 
1. Көшімбаев Ә. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А., "Мектеп" 1969 
2. Ақшолақов Т. Мектепте әдеби шығарманың компоненттерін оқыту А., "Мектеп", 
1974 
3. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. А., 1966, 1985 
5.Байтанасова Қ.,Айтуғанова Ш. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. А.,2008 
 
 
Лекция № 13 
Тақырыбы:
Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері 
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме: 
Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері
Сабақ және оның кезеңдері. Кіріспе сабақ, көркем мәтінмен жүмыс кезеңі, корытынды сабақ. 
Кіріспе сабақтар.
Ерекшеліктері. Сабақ үдерісіндегі алатын орны. Оларды ұйымдастыруға койылатын әдістемелік 
талаптар. Кіріспе сабактардың дұрыс ұйымдастырылуы. Оларға бөлінетін уақыт мөлшері. Кіріспе сабақтарда көркем 
шығарманың жанрлық 
ерекшеліктеріне қатысты мәселелердің ескерілетіні.
Жазушы өмірі мен шығармашылыгын, шолу тақырыптарды, монографиялық тақырыптарды өтуге қатысты 
кіріспе сабақтар.
Көркем мәтінмен жұмыс кезеңі.
Бұл кезеңнің сабақтың кіріспе бөлігімен сабақтастығы. Оқушының мұғалім 
тапсырмасымен көркем шығарманы алғаш рет өз бетімен оқуының маңызы. Осы өздік оқудағы алғашкы қабылдау 
нәтижелерінің сыныпта керкем мәтінмен жүргізілетін жұмыс түрлерін белгілеуге негіз болатыны. Орталау сыныптардағы 
көркем мәтінмен жүргізілетін мәнерлеп мазмұндау, салыстырмалы талдау т.б. жұмыстар кешені. Жоғары сыныптарда 
көркем шығарманы окып-үйретудің жан-жакты талдау арқылы меңгерілетіні. 
Талдау түрлері.
Мұғалім нақты шығарманы талдау түрін әдеби шығарманьң көркемдік табиғатындагы белгілерге 
сүйеніп айкындайтыны. Көркем мәтінді талдаудың көп түрлілігі. Оқыту әдістерінің талдау нәтижелерінін мазмұнына 
карай белгіленетіні. 
Қорытынды сабақтар.
Олардың кіріспе сабақтармен, көркем мәтінмен жұмыс кезеңімен тығыз сабақтастығы. 
Қорытынды сабақтардың көркем шығарманы талдаудың шешуші кезеңі екендігі. Алдыңғы сабақтарда берілген әдеби 
білімнің қорытынды сабақтарда бекітілетіні. Бекіту сұрақтарының орны. 
Жазушы өмірбаянын оқыту. Көркем шығармада жазушы өміртанымының, көзқарасының, мәдени-рухани 
деңгейінің, эстетикалық мұратының, қаламгерлік қолтаңбасының көрініп тұратыны. 
V-IX сыныптарда жазушы өмірбаяны окытылып отырған көркем туындыға қатысты кіріспе әңгіме түрінде 
өтілетіні. Х-ХІ сыныптарда оның жазушының өмірі мен шығармашылығы түрінде жан-жақты талданып оқылатыны. 
Жазушының қоғамдық, тарихи-әлеуметтік қызметіне қатысты деректерді меңгертудің жолдары. 
Ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын оқытуға арналған әдістемелік еңбектерге шолу. 
Шолу тақырыптарды окыту. Шолу такырыптарының белгілі бір кезеңге жататын әдебиет өкілдерінің 
шығармашылығын өтуге баспалдақ міндетін атқаратындығы. Оларда әдебиеттің даму үдерісі коғам өмірімен байланыста 
қарастырылатыны. Шолу тақырыптарын өтуге қажетті маңызды тарихи-әдеби материалдарды таңдап алудың өлшемдері 
мен әдістемесі. Оқылатын тақырыпқа сай қосымша әдебиеттерді пайдаланудың маңыздылығы. 
Шолу такырыптарының түрлері, олар бойынша жүргізілетін жұмыс формалары. Шолу тақырыптарын өтуде 
әдебиетті окыту әдістерін пайдаланудың тиімді жолдары. 
Шолу тақырыптарын оқьггу әдістемесі туралы еңбекгерге шолу. 
Сабақга әдеби-сын мұраларды пайдалану. Жоғары сыныптарда көркем шығарманы оқьпуда әдеби-сын еңбектерін 
пайдаланудың қажеттігі. Оларды пайдалану тәсілдері. 
Әдебиет теориясы мәселелерін оқыту. Көркем шығармадағы әдеби-теориялық үғымдардың қолданысы 
жазушының сөз қолданыс шеберлігін айкындайтыны. Әдеби-теориялық ұғымдарды меңгерту үшін жүргізілетін жүмыс 
түрлері. Әдеби-теориялық үғымдарды таньггудың әдіс-тәсілдері. Ү-ІХ сыныптарда әдебиетген берілетін теориялық 
үғымдардың көлемі. 
Әдеби бағыттар. Бұлардын пайда болу, дамуы мен қалыптасуының тарихи-әлеуметтік себептері. Реализм мен 
романтизм үғымдарының әдеби шығармадагы көрінісі. 
Әдебиет теориясын оқытуға қатысты еңбектерге шолу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет