өзінің 1928жылы Қызылорда қаласында басылып шыққан «Тіл жұмсар» атты әдістемелік
еңбегінде: «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі-
өздігінен алатын ... білімнің ұзақ жолы үшін ... балаға жұмысты әліне шағындап беру мен
бетін белгіленген мақсатқа қарай түзеп отыру», – деп жазған А.Байтұрсынұлының бұл ойы
бүгінгі қазақ әдебиеті әдістемесінің де негізіне жатады деуге болады. Баланың білімді
өздігінен алатын жолдарын анықтау- әдістеменің басты міндеті мен қызметі екені сөзсіз.
Бұл мәселелер А.Байтұрсынұлының «Баяншы», «Әлиф-ба астары» сияқты жекеленген
әдістемелік еңбектерінде де айтылған.
М.Жұмабаев баланы әдебиетпен таныстыруға аса үлкен мән берген. Ол жұмыстың
жүзеге асырылуын бастауыш мектептен бастап мұқият дайындау керек деп танып, өзінің
«Бастауыш мектептегі ана тілі» атты белгілі әдістемелік еңбегін жазды. Онда М.Жұмабаев
әдіскер-ғалым ретінде төрт жылдық бастауыш мектептің
әр жылына сәйкес ана тілі
бойынша бала тілін дамыту үшін жаттығулар жүйесін жасап ұсынған.
Көрнекті әдіскер ғалым В.В.Голубков : «Әдістеме дегеніміз уақытты үнемдей білу,
оқушы күш -жігерін ақылмен жұмсау,оқу материалының негізгі және басты мәселелерін
таба білу, ұжым болып табылатын сыныптың еңбегін ұйымдастыру шеберлігі,
оқушылардың әр түрлі жеке әрекеттеріне ықпал етуді алдын ала ойластыру».Әдістеме «не
үшін, нені, қалай»деген негізгі үш сұраққа жауап береді.
Қазақ әдебиеті әдістемесінің іргетасын қалаушылар Байтұрсынов, Мағжан,
Аймауытов, М.Әуезов, С.Мұқанов, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, Ғ.Мүсірепов, С.Сейітов.
Қырқыншы тоқсаныныншы жылдар арасында С.Қирабаев, Ә.Қоңыратбаев,
А.Көшімбаев,
Ш.Кәрібаев,
Қ.Жұмалиев,
Ш.Аманов,
Т.Әбдірахманова,Е.Ысмайылов,М.Базарбаев,Н.Ғабдуллин,Т.Ақшолақов,М.Мызахметов,Ә.
Дайырова,
Р.Нұрғалиев,А.Нұрхатов,
Б.Сахариев,Ә.Дербісалин,Т.Жұмажанова,
С.Мақпыров, Қ.Мырзағалиев, Б.Сманов.
Кеңестік дәуірде әдебиетті оқыту әдістемесінің дамуын үш кезеңге бөліп қарастыруға
болады. 1917-1927 жылдарда әдебиет пәні кеңестік идеологияны орнықтырушы
қоғамтану құралы ретінде оқытылды. Тарихта болған бұрмалаушылықтар әдебиетке де өз
әсерін тигізбей қоймады. Ал, 1928-1938 жылдары әдебиет мектептік жүйеге негізделген
тарихи-әдебиеттік курс ретінде оқытылды. БКП(б) орталық комитетінің 1931-1932
жылдардағы «Бастауыш және орта мектептер» туралы қос қаулы мектепте әдеби білімді
жетілдіру, арнайы бағдарламалар, оқулықтар арқылы оқыту тиімділігін арттырудың бағыт-
бағдарын белгілеп берді. 1939-1990 жылдары КСРО-да халыққа білім беру жүйесі одан әрі
жетіле түсті.1958, 1985 жылдары мектеп реформалары жаңартылды. Бұл реформалардың
мектепте әдеби білім беру ісін жетілдіруге тигізген әсері зор болды.1970-1972 жылдары
«Литература в школе» журналының бетіндегі оқыту сапасын жақсарту, оқытудың жаңа
әдістерін іздестіру мақсатындағы пікірталастардың маңызы ерекше.
Орыс әдебиетін
оқытудағы әдістемелік тәжірибелер қазақ мектебіндегі әдебиетті оқыту ісін жетілдруге
және ғылыми-әдістемелік зерттеулердің қанат жаюына тигізген әсері көп болды. 1990-2000
жылдары жалпы және орта білім беру жүйесінде әр түрлі тарихи-әлеуметтік себептерге
байланысты түбегейлі өзгеріс болды.Қазақтың ұлттық мектебі тұжырымдамасы дүниеге
келді. Ұлттық мектеп тұжырымдамасы ұсынған болашақ мектеп үлгісі мен білім
берудегі жаңа жүйенің кеңестік білім жүйесінен айырмашылықтары болды. Оқытудың
жаңа технологиялары жүзеге аса бастады. Оның елімізде ғылыми-әдістемелік ізденістерді
байыта түсуге тигізген ықпал-әсерлері мол.
.
Достарыңызбен бөлісу: