Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе Типтік оқу бағдарламасынан көшірме



бет26/62
Дата23.11.2022
өлшемі182,76 Kb.
#52011
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   62
Лекция мақсаты:Көркем туындыны талдау жолдарын қарастыру. Мектеп тәжірибесінде көп қолданылатын талдау түрлеріне тоқталу.


Лекция мәтіні (қықаша):
Әдеби жанр (французша - тек, түр) термин ретінде шартты түрде екі мағынада қолданылады. Біріншісі -әдебиеттердің қалыптасқан тектері - эпос, лирика, драма; екіншісі - әдеби туындылардың түрлері - әңгіме, повесть, роман, поэма, комедия т.б. Жанр - даму үстіндегі құбылыс. Әрбір тарихи дәуірде белгілі бір жан-рдың түп негізі сақтала отырып, өзгеріске ұшырайды. Жанрлар туады, дамиды, өзгереді, жаңадан пайда болады. Поэзия - әдебиеттің көне саласы. Поэзиялық шығармада сезім басты орында түрады. Лириканы оңыту әдебиетті оқытудың басты талабынан туындайды.
Дәстүрлі түрде алғанда әдеби тек үшке жіктеліп, әрңайсысының белгілі бір қызметі ңалыптасады. Эпос - болмысты белгілі бір уақыт пен кеңістік аясында, оқиғалар шеңберінде, сюжеттік желі негізінде су-реттейді.
Лирика - адамның ішкі сезім күйін, әр түрлі эмоцио-налдың жағдайын бейнелейді.
Драма - кейіпкерлердің тікелей қатысуымен олардың арасындағы тартыс, қақтығыстарды әлеуметтік-психологиялық сипатта беруімен ерекшеленеді.
Осылардың ішінде лирика өмірдің алуан түрлі құбылыстарына аңынның көзқарасын, күйініш-сүйініш сезімін, толғаныс тебіренісін көрсетеді. Лириканы тал-дау оңырманды өнерді эмоциялың эстетикалық жағы-нан түсінуге баулиды. Лириканы оңытуда мынадай мәселелер ескерілу керек:
- алдымен, лириканы оқуда эмоциялық, логикалық бірлікті сақтау керек;
- оқушының лирикалық шығармаға деген көзқарасы болуы шарт;
- өлеңнің әрбір бөліктерін өзара тұтастыру керек. Сол арқылы ақынның айтайын деген ойы аныңталуы керек;
- ақын шығармасында ңандай көркемдік құралдарды пайдаланғаны талдану керек;
- лирика мен ақынның бірлігі танылуы шарт. Лириканы терең түсіну үшін қайталап оқып, басқа ақынның соған ұқсас өлеңдерімен салыстыру керек. Одан соң, мәнерлеп оқудың мәні үлкен. Академик З.Қабдолов:« Лириканы тақырыбына қарай топтап талдау оны жазған ақынның творчестволық бітімін пайымдау үшін айырықша мәні бар нәрсе: оның әр түрінен ақынның бір қырын тануға болады» - десе, ғалым Ж.Дәдебаев: «Лирикалық шығармада ақын өмірден, айналасынан көргені мен білгендерін ғана жазып қоймай, сол құбылыстардан лирикаға арқау боларлықтай ең басты асыл қасиеттерін тани білу керек», - деген нақты ой түйеді.
«Өлең» үғымы ХІХ-ХХ ғасырларда нақты мазмұн иеленді. Өлең - өлең сөзбен жазылған, лирикалық сипаты басым шағын әдеби туынды. Өлең белгілі бір ырғаққа бағындырыла оңылады. Өлең шумақтан, тармақтан, бунақтан, буыннан, ұйқастан тұрады. Барлық тілдегі өлең тармағының негізгі өлшем бірлігі - буын. Буынның фонетикалық сипатына әуез, екпін секілді белгілер тән. Соған орай, өлең жүйесі метрикалың, силлабикалық, то-никалық, силлабо-тоникалың болып жіктеледі.
Көркем әдебиет өзінің бар болмысымен сол халықтың танымын, өткендегісі мен болашағын бейнелейді. Әдебиеттің ұлттық ерекшелігі халықтың тарихи дамуымен тығыз байланысты. Ал, оның қайнар бұлағы - фольклорлық мұра - көркемөнер дамуына ұдайы елеулі ықпал жасап отыратын шығармашылық фактор.
Фольклор мұраларында кездесетін мифологиялық кейіпкерлер адам танымының әр түрлі даму кезеңін көрсетеді.
Мыстан кемпір. Ол - айлакер әйел, қулықпен күн кешкен. Алдап-арбаудың небір түрлерін, амал-айласын білген. Өзімізге жақсы таныс «Алпамыс батыр» жырында батырдың алдын орап, майда тілмен оны дегеніне көндіріп, шырмауына түсіретіні белгілі.Мыстан бейнесінің жырларда берілуі жөнінде зерттеуші Ш.Ыбыраев мынадай пікір айтады: «Мифтік ұғымдардан қазақтың көне эпостарында көптеген белгілер сақталған. Жалпы, көне эпостарда ерекше жинақталып, тұтас көрінетін жауыздық бейне - мыстан кемпір. Ол бірде айлакер, барлық жағдайды күні бүрын болжагі отыратын, сөйтіп, батырдың жолына алдын ала тор құратын жауыз кемпірдің кейпінде сурет-телсе, бірде жеті басты жалмауыз, нағыз дүлей күштің иесі ретінде суреттеледі». Яғни, мүндай сырт кейпі ұсқынсыз бейне жыр сюжетін ерекше қызықты, шытырманды ете түседі.
Албасты - мифологиялың көне кейіпкер. Бұл ретте ғалым С.Қасқабасов мынадай ой айтады: «көне мифоло-гиядағы рух-иелер алғашқы қауым мифінде дүниені жаратушы өрі күллі өлемнің иесі болып көрсетіледі. Мүндай кейіпкерлердің қалдығы кейінгі заманда қалыптасқан жанрларда да, мысалы ертегі, эпостарда да көрініс береді».
Пері — көбіне салқын жерде, көбіне су жағасын мекендейді. Ол сұлу қыз түрінде көрінеді. Перінің мұсылман жөне кәпір перісі болады. Мұсылман перісі көбіне адам үшін зиянсыз болады. Бұл бейне де ертегі-аңыздарда өйел бейнесінде беріледі. де адамға тән. Міне, бұл кейіпкерлер адамның көне ойлаудағы танымынан хабар бере отырып, халықтың байырғы ұғымдардың менін ашады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет