Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе Типтік оқу бағдарламасынан көшірме


Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты



бет2/62
Дата23.11.2022
өлшемі182,76 Kb.
#52011
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты:Әдебиеттің сөз өнері әрі ғылым ретіндегі ерекшеліктеріне сүйене отырып, оны «халқымыздың көркем тарихы», «өмір оқулығы» дәрежесінде оқып үйрету. Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, интеллектуалдық, азаматтық тәрбие беру. Әдеби мұраны және бейнеленген құбылысты эстетикалық тұрғыда қабылдауға қажетті білім мен білікпен қаруландыру, дара тұлғаны дамытуды көздейді.
Пәннің негізгі міндеті:

  • Әдеби білімнің әр жақтылығын, жүйелілігін, туған әдебиеттің ұлттық сипатын, жанрлық-стильдік ерекшеліктерін, көркем туындының идеялық-адамгершілік түпкі мазмұн-мәнін түсіндіру;

  • Дара тұлғаның эмоциялық мәдениетін дамыту;

  • Әдебиетті оқытудың шығармашылық сипатын күшейту.

Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі университеттер мен педагогика институттарының филология факультеттерінде жалпы білім беретін орта мектептер үшін мұғалім даярлайтын, олардың тәжірбиесі мен іскерлік дағдыларын қалыптастыратын негізгі пәндердің қатарына жатады.Әдебиетті мектепте оқыту әдістемесінің алдында қояр мақсаты- әдебиетті өмірмен байланыстыра оқыту, әдеби шығарманың тәжірибелік мәнін тиімді пайдалану, шәкірттерді өз беттерімен көркемшығарманы оқуға қызығушылығын қалыптастырып өз тарапынан ойланып толғануға тәрбиелеу, таным әдісіне үйрету.


Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің басты мақсаты мен негізгі міндеттері
2. Мектепте оқылатын әдебиет пәнінің мәні мен маңызы


Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1. Көшімбаев Ә. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А., 1969
2. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., 1997
3. Әріпова Б. Әдебиетті оқыту әдістемесінің тарихы. А., 2001
4. Байтанасова Қ.,Айтуғанова Ш. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. А.,2008
Қосымша:

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 қаулысымен бекітілген). www.akorda.kz.

  2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысымен бекітілген). www.akorda.kz.

  3. Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысы. www.akorda.kz.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет