Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Төменгі сатыдағы өсімдіктер



бет22/51
Дата08.06.2023
өлшемі0,97 Mb.
#99694
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51
Паразит саңыраукұлақтар. Паразит саңыраукұлақтар тірі ағзалардың денесінде өсіп жетіліп, тірі жасушалардың ағзалық заттарымен қоректенеді. Жазда әр түрлі өсімдіктердің жапырақтарына, сабақтарына аппак ұн сеуіп тастаған сияқты болады. Күздік бидай, қара бидай, арпада көбіне сабақтарында, жапырақтарында ол мақта сияқты болып көрінеді. Бұл ақұнтақ саңырауқулагының жіпшумақтары. Олар есімдіктің жапырақ, сабағына өсінді жіберіп, жасушаның ағзалық заттарымен коректенеді. Жіпшумақта, арнайы жіпшелерде түзілген споралар сол өсіп түрған жеріне түседі немесе баска өсімдікіктерді зақымдайды. Өсімдіктердің закымдалған жапырақтары мен сабақтарының бетіндегі жіпшумақтың арасында көптеген қызғылт түсті, кейінірек коңыр түсті жемісті денелер түзіледі. Оларды жаздың екінші жартысында немесе күзге карай байқауға болады. Ішіндегі түзілген жыныс жасушалары (жасуша кабығы жоқ) қосылып, зигота түзеді. Әрбір зиготадан — қалта, оның ішінде 8 спора түзіледі. Жіпшумақтан түзілген жемісті денелердің ішінде кыстап шығады. Олар көктемде сүректі өсімдіктерді зақымдайды. Сондайақ астық түсімін 30%-ға кемітеді.
Егістікті аралап жүргенде бидай масағынан сөл иіліп келген кара түсті қастауышты көруге бола­ды.








Ақ ұнтақ Қастауыш





Сурет 4. Қастауыш саңырауқұлагының көбеюі және таралуы.


Ол паразит саңырауқұлағы. Би­дай гүлдегенде масағындағы аналықтың аузына қастауыш споралары келіп түседі. Спора өніп, жіпше, жіпшумақ түзіп, шырынданып, аналык түйінін толтырады. Сол жерде споралар түзіледі. Шырынға конған бунақденелілер спораларды таратады. Бидай піскенде барлык закымдалған ана­лык түйіниің орнында қастауыш пайда болады. Оның іші тола жіпшумақ. Бұл - қастауыштың кыс­тап шығатын кезені. Қыстап шыққан қастауыш денесінде көктемде жемісті денелер жетіледі. Олардың ішінде жыпысты көбею жүреді. Споралар өсімдіктерді зақымдайды.
Кейде қастауыш астықпен бірге орылып кетсе, одан дайындалған тамақтан адам уланады.
Тат саңырауқұлағы дәнді дакылдарды (бидай, арпа, күріш, сүлы), қамысты және басқа да өсімдіктерді закымдайды. Жапырақ сабағында ұзынша тат төрізді томпайған дак пайда болады. Күзге карай ол дақтар қара коңыр түссе езгереді.



Сурет 5. Тат саңырауқұлағы
Бұл дақтарда споралар пайда болады. Ол тат саңырауқұлағының зақымдауға бейімделгендігін көрсетеді. Жауын-шашынды, ылғалы мол жыл мезгілінде тез дамиды. Тат саңыраукұлағымен зақымдалған астыктың дәні майда әрі женіл бола­ды. Жер бетінде бидай түсімі жылына 15%-ға төмендейді. Астық дақылдарының, жабайы дәнді дақылдардың және баска да есімдіктердің кейде дәндерінің орнында, кейде сабағында үгітіліп тұрған кара тозаңдар көрінеді. Егістікте өсіп түрған жүгерінің әр жері (көбінесе собығы) үлкейіп, томпаяды. Егер оны - пай­да болған ірі ісіктерді жарып жіберсе, айналаны қара тозаң басып кетеді. Бұл - қаракуйе саңырауқұлағының спорасы. Оның екі ядросы қосылып, жынысты кобейеді. Осы екі ядролы жасушадан пай­да болған жіпшелер бидайдың, жүгерінің және басқа да өсімдіктердің өскінін зардаптайды. Бидайдын, гүліндегі аналығының аузына споралар түсіп, кейін дәнін закымдайды. Закымдалған дәнді кайта сепкенде, одан ауру өскін пайда болады. Сыртынан карағанда ауру өсімдікпен cay өсімдіктің айырмашылығы болмайды. Кейін масактанған кезде ол каракүйенің спорасы жетілетін орынға айналады. Олар қайтадан басқа өсімдіктердің гүліндегі аналығының аузына түсіп, закымдайды.



Сурет 6. Паразит саңырауқұлақтар


Ағаштардың сабағында өсетін діңқулақ саңырауқұлагының пішіні малдың тұяғына ұқсас. Оның астьңғы бетінен жыл сайын жаңа спора түзетін қабат пайда болады. Бұрынғы қабаттары ағаштанып, өлі кабатқа айналады. Олардың споралары түтікшелердің ішін жауып тұрған жасушалардан түзіледі де, жел арқылы таралып, ағаштарды зақымдайды. Ағаш діңінің ішіне діңкұлақтың жіпшумағы отіп, оның ағзалык заттарымен коректенеді. Ағаш сүрегінің сапасын төмендетеді. Паразит саңырауқұлақтарымен күресуде улы химикаттар пайдаланылады. Саңырауқұлактар зақымдамау үшін себер алдында тұкымды формалинмен еңдейді.








Сурет 7. Мукор саңырауқұлағы: 1 - жіпшумақ; 2 - спораның түзілуі; 3 – жыныстык жолмен көбеюі


Пеницилл мен аспергилл де зең саңырауқұлақтарына жатады. Олар өлі ағзалық заттармен қоректенеді. Бұлар да өсімдіктердің жерге түсіп қалған жемістері мен тұқымдарын, түрлі тағамдарды бұлдіріп, көгертеді. Пеницилдің жіпшумақтарының шоғыры - көкшілжасыл түсті, ал аспергилдің жіпшумақтарының шоғыры сарғыш жасыл түсті болады . Бұларды микроскоппен карасак, жасушалары перделермен бөлінген түссіз жіпшелері анық көрінеді. Пеницилдің споралары майда, көп жасушалы, саусақ тәрізді тармақталған жіпшелердің ұшындағы жасушалардан бөлініп жетіледі. Аспергилдің споралары ұшы кенейген біржасушалы жіпшенің төбесіндегі жасушалардан бөлініп дамиды .

Сурет 8. Зең саңырауқұлақтары: 1 - пени­цилл; 2 - аспергилл; 3 –спорангий.
Медицинада пеницилдің 2 түрінен пеницил­лин дәрісін алады. Оны өкпенің қабынуы, ревма­тизм (қуздама), дифтерия (щлауруы), скарла­тина, басқа да ауруларды емдеуге пайдаланады. Пенициллин іріңдеген ауруларды тез жазады. Аспергилдің бір түрінен дүкенде сатылатын лимон қышқылы алынады. Жоғарыда корсетілген қасиеттері аркылы пеницилл мен аспер­гилл табиғатта болатын тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Сондай-ақ айрықша зиянды ағзалардың өсуін тежейді.
Зең саңырауқұлақтарының зияны да бар. Олар картоп, жеміс, дөнді дақылдарды шірітеді. Зең саңырауқұлақтарынан сактандыру үшін мынадай ережелерді, ескеру' кажет: а) түрлі жеміс-жидектерді, дәнді дакылдарды, картопты, сөбізді қоймаға сақтау алдында кептіріп алу және оларға химиялық препараттар шашу; ә) қоймада ауа мен жылу мөлшерін қалыпты жағдайда ұстау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет