Әдебиеттер тізімі 1. Әметов Ә.Ә. Ботаника. – Алматы, 2005.
2. Абдірахманұлы А. Өсімдіктер систематикасы. Алматы, 2004ж.
Хржановский В.Г., Пономоренко С.В. Ботаника. - Москва, 1982 .
3. Хржановский В.Г. Курс общей ботаники. –Москва, 1976.
4. Тахтаджян А. Систематика магнолияфитов. -Ленинград, 1987.
5. Рейвн П.Современнея ботаника. -Москва., 1990.
6. Курсанов Л:И и др.Ботаника . -Москва, 1966.
Лекция №13,14
Тақырыбы: Папоротниктәрізділер бөлімі - POLYPODIOPHYTA Мақсаты: Студенттерге папоротник тәрізділердің шығу тегі, спорофиттің жалпы морфологиялық және анатомиялық құрылысы және олардың табиғатта таралған түрлерімен таныстыру.
Жоспары: Папоротниктәрізділердің шығу тегі. Спорофиттің жалпы морфологиялық, анатомиялық сипаттамасы.
Гаметофит және ұрықтану.
Папоротник тәрізділердің классификациясы.
Лекция мәтіні:Папоротник тәрізділер өзінің жас шамасы жағынан риниофиттерден, псилот тәрізділерден және плаун тәрізділерден кейін тұрады. Олар шамамен кырықбуын тәрізділермен бір уақытта пайда болған. Егсрде риниофиттер түгелдей жойылып ксткен өсімдіктер болса, псилот тэрізділер, плаун тәрізлілер және қырықбуын тәрізділер казіргі кездегі флорада аздаған ғана түрлерімен белгілі. Ал папоротник тәрізділер бүрынгы геологиялық кезендерге карағанда бәсендеу болғанымен, өзінің шарықтап өсуін оліде жалғастырып келсді. Қазіргі кезде олардың түрлерінің саны 10 мыңнан астам. Папоротник тәрізділер жер бетінің барлық жерлерінде таралған, олар тропикалық ормандардан және батпақтардан бастап, шөлді аймақтарға дейін әртүрлі жерлерде кездеседі. Папоротник тәрізділердің алуан түрлілігі жағынан, ылғалды тропикалық ормандар ерекше орын алады. Бұл жерлерде папоротниктер топырақта ғана емес, сонымен бірге эпифит ретінде басқа ағаштарлың діндерінде де өседі.
Құрылысы. Ертедегі папоротник тәрізділердің спорофитгері, діндері колона торізді бұтақтанбайтын, радиальды симметриялы агаштар болған. Кейіндеу қоңыржай және салқын континентальды климаттың әсерінен олардың геофиттік өмірге (жерастында өсуге) бейімделген жаңа түрлері пайда болады. Олар өркендері қысқарған, жерге, жайылып өсетін дорзовентральды, қосалкы тамырлары бар шөптесін өсімдіктер. Қазіргі кездегі папоротник тәрізділердің басым көпшілігі көпжылдық шөптесін өсімдіктер.
Папоротник тәрізділердің басқа жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктерден айырмашылығы сол, олар эволюцияның үлкен жапырақты линиясын (мегафилия) береді. Жапырақтары ұзақ уақыттар бойы төбесінен өседі. Мұның өзі жапырақтарды талломдардың жалпайуының нәтижесінде пайда болған деп айтуга негіз болады. Сондықтанда оларды вайялар деп жиі айтады. Көп жағдайда жапырақтар екі кызмет атқкарады фотосинтездік және спора түзу. Кейбір түрлерінде жоғарғы вайялары спора түзуге, ал төменгілері фотосинтезге маманданған болып келеді. Түрлерінің көпшілігі тең споралы, алайда әртүрлі споралы түрлері де кездеседі.
Гаметофиті көп жағдайда қос жынысты. Қоңыржай климатгы зоналарда өсетіндерінде ол жүрек тәрізді, тропикалық зонадағы түрлерінде жіп тәрізді, немесе тармақталған пластинка тәрізді.
Гаметофит ылғалды жерде өсуге бейімделген. Ұрықтануы сумен байланысты. Гаметофиттері балдыр кезеңіндегі леңгейден озгермей қалып қойған, сондықтанда спорофит құрғақта есетін өсімдік болғанымен папоротник тәрізділер құрлықты басып ала алмаған.
Папоротник тәрізділер көптеген өсімдіктер қауымдастығының әсіресе тропикалық, субтропикалық және солтүстік жалпақ жапырақты ормандардың негізгі компоненттерінің бірі. Олар ашық және жабық грунттарда, сәндік бақтар өсіру үшін ең қажетті өсімдіктер, сонымен бірге дәрі-дәрмек алуға таптырмайтын шикізат.
Классификациясы. Бөлім 7 кластан тұрады: аневрофи-топсидтер (Aneurophytopsida), археоптеридопсидтер (Archaeopteridopsida), кладоксилопсидтер (Clad(ixylopsida), зигоптеридопсидтер (Zygoptcridopsida немесе Coenopteridopsida), офиоглосопсидтср немесе ужовниктер (Ophioglossopsida), мартиопсидтер (Marattiopsida;, полипо-диопсидтер (Polypodiopsida). Осы 7 кластың ішіндегі біздің флорада ең кең таралғаны полиподиопсидтер класы.
Полиподиопсидтер класына 270 туыс, 10000-дай тұр жатады. Өмірлік формасы алуан түрлі: ағаш тәрізді, лианалар, шөптесін эпифиттер (ылғалды тропикалық ормандарда), көпжылдық тамырсабақты шөптесін өсімдіктер (қоңыржай және салқын климатты зоналарда). Түрлерінің басым көпшілігі тең споралы, құрлықта өсетін өсімдіктер. Қалғандары (120-дай түр) әртүрлі споралы және батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер.
Кластың жапырақты ормандардың ылғалды, көлеңкелі жерлерінде кең таралған өкіліне еркек папоротник (щитовник мужской — Dryopteris filixmass) жатады. Ол спорофитінің биіктігі 1-метрдей болатын көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабағы жер асты тамырсабағы түрінде берілген. Ол қысқа, жуан, қаралау-қоңыр түсті құрылысы айқын байқалатын дорсивентральды болып келеді. Мұндай тамырсабақтар жас жапырақтармен қоршалған, өсу конусынан тұратын, төбе бүршіктерімен аяқталады. Тамырсабақтың үстінде жапырақтардың сабақтары қаптап тұрады, ал астыңғы жағынан қысқа қосалқы тамырлары кетіп жатады.
Тамырсабағының сырты эпидермиспен қапталған. Оның астын сыртқы қабаты механикалық ұлпалардан тұратын, қабық қабаты алып жатады. Орталық цилиндрдін, ортасын өзек алып жатады. Концентрлік өткізгіш шоктары орталық цилиндрдің шет жағында орналасқан.
Жапырақтары ірі, сағақтары қоңыр түсті. Жапырақ жиегі екі рет қауырсынды тілімделген. Жапырақ сегментінің бірінші қатары кезектесіп орналасады, ұштары үшкір болады. Екінші қатарының шеттері иректелген және ұштары доғал болады. Жапырақтың сыртын эпидермис жауып тұрады, оның клеткаларында хлоропластар болады. Жапырақ мезофилі борпылдақ, онда өткізгіш шоқтар орналасқан. Олардың құрылысы тамырсабақтағы өткізгіш шоқтардың құрылысымен бірдей. Жапырақтың астыңғы бетінде, оның екінші қатардығы сегменттерінің орталық жүйкесін бойлай спорангилердің тобы орналасады. Оларды сорустар немесе сорий деп атайды. Спорангилердің формасы жасымықшаға ұқсас. Сорустың үстін жауып тұратын бүйрек формалы жамылғысы-индузий болады. Споралар жетілген соң спорангилары құрғап, жиегіндегі сақина тәрізді қоршар тұрған клеткалары жиырылып, тартылады, нәтижесінде жиегі ашылып споралар сыртқа шашылады. Споралар бүйрек тәрізді, мөлшері бірдей. Спора түзілер кезде мейоз процесі жүреді. Қолайлы жерге түскен спорадан гаметофит (өскінше) пайда болады. Гаметофиттің ені 4 мм, көк-жасыл түсті, жүрек пішінді табақша. Оның астыңғы бетінде табақшаның ойық жеріне жақын архегонийлар , яғни аналық жетіледі, ал ризоидтарға жақын жерде натеридий (аталық ) жетіледі. Антеридий шар тәрзді, оның ішінде спираль тәрізді көп талшықты сперматозоидтар жетіледі. Архегоний құмыры пішінді, оның кеңейген бөлімінде жұмыртқа клеткасы пісіп жетіледі. Ұрықтануы сумен байланысты. Жаңбырлы күндері сперматозоид жұмыртқа клеткасын ұрықтандырады. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан спорофиттің ұрығы пайда болады, ол бастапқы кезде өскінше есебінен қоректене бастайды. Көп ұзамай жас папоротниктің тамыры сабағы пайда болған соң өз бетінше өмір сүреді. Еркек папоротник тең споралы өкіліне жатады.
Әртүрлі споралы өкілдері негізінен тропикалық және субтропикалық ормандарда өседі. Көлдер мен өзендердің ағысы баяу жерлерінен жүзгіш салвинияны (Salvinia natans) кездестіруге болады. Cпорафиті ұзындығы 15 см болатын су бетінде жүзіп жүретін тарамдалған бұтақтан тұрады. Сабағына 3 жапырақтан топтасып орналасады. Оның екууі су бетінде , біреуі су астында болады, ол 8-12 жіп тірізді тармақтарға бөлінген. Суды және ондағы минералды заттарды бүкіл денесімен сіңіреді, бұл процесте су астындағы тармақталған жапырақтың ролі үлкен. Споракарпийлары (сори) су астындағы жапрақтың түбінде жетіледі.