Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Төменгі сатыдағы өсімдіктер



бет35/51
Дата08.06.2023
өлшемі0,97 Mb.
#99694
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   51
Байланысты:
Лекция Өсім. сист.-сабаққа

Алмалар тұқымдас тармағы. Өмірлік формалары ағаштар мен бұталар. Гүлдері аналықтың үстіңде орналасады, гүлтабаны ойыс.
Гүлсерігі қосарланған, 5-мүшелі. Аталығының саны көп жағдайда 20-ға жетеді. Гинецейі ценокарпты, жеміс жапырақшалары әдетте 5, бірақ олар көп жағдайда редукцияға ұшырап 2—3, кейде тіптен 1-ге дейін қысқарған. Гүл түйіні (жатыны) төменгі, ол бокал тәрізді гапантимен бірігіп кетеді. Жемісі жидек тәрізді — алмалар, алмұрттар, айвалар және т.б. Алма туысы (яблоня). Туыстың құрамыңда солтүстік еңдіктің негізінен қоңыржай климатты елдерде өсетін 30-дай түрі бар. Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында ағаштар мен бүталардың 10 түрі, ал Қазақстаңда 6 түрі кездеседі. Табиғи өсімдіктер қауымдастығында ең көп кездесетін түрлері мыналар: орман алмасы (яблоня лесная). Ол бұрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігіңдегі жалпақ жапырақты ормандарда; Шығыс алмасы (яблоня восточная Кавказдың жалпақ жапырақты ормандарыңда; Сиверси алмасы (яблоня Сиверси — Орта Азия мен Қазақстанның таулы және өзен жағалық ормандарыңда өседі. Бұл түрлер кейде таза алма ағашынан тұратын тоғай түзеді. Орта Азияның тауларыңда өсетін, алмадан тұратын бай орманның өндірістік маңызы зор. Жабайы түрлерінің жемістері жеуге келеді және оларды өндірісте пайдалануға толық мүмкіндік бар (кептіруге, вино жасауға, джем жасауға). Недзвецкий алмасы аса сөңді, оның сабақтары және жемістерінің жұмсақ бөлігі (етженді бөлігі) антоциаңды түсімен ерекшеленеді. Алма ағашының барлық екпелі сорттарыньщ күрделі комплексі «үй алмасы» (яблоня домашняя -) деген ашен топтастырылады.
Алма (лат. malus) өте кең тараған жеміс ағашы. Табиғи алманың жер шарында 36 түрі белгілі, олардың 10 — 12-сінің шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20—100 жыл, биіктігі 3—10 м болады. 3—12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100—300 ц өнім алынады. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту бұлама алуда және селекцияда қолданылады. Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүргізіледі. Қазақстанда алманың 40-тан астам сорттары аудандастырылған, оның 20-сын (Салтанат, Іле, Алатау шапағы, Алматы т.б.) қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді. Алма құрамында 83—88 % су, 7,5—16 % қант, 0,2—0.8 % қышқыл, 9,5—18,5 % құрғақ қалдық, 0,28—1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР дәрумендері, көптеген минералды заттар бар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам ағзасын ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет