Жемістері негізінен құрама: дәндердің жиынтығынан, жаңғақшалардың жиынтығынан, құрама таптамалардың жиынтығынан және сүйекті жидектердің жиынтығынан түрады
Жемістері негізінен құрама: дәндердің жиынтығынан, жаңғақшалардың жиынтығынан, құрама таптамалардың жиынтығынан және сүйекті жидектердің жиынтығынан түрады.
Раушангүл, немесе итмұрын туысы. Полиморфты (өзгергіш) туыстардың бірі. Жабайы өсетін түрлерінің 5-мүшелі түксіз қосарланған, сиректеу жартылай түкті гүл серігі болады.Солтүстік ендікте кең таралған. Жартылай ормандыдалалық шөлейтте және шөлейт жерлерде, әдетте жарық ормандарда, орманның шетіңдегі ашық жерлерде, өзендердің жайылмаларында, жыралы сайларда өседі. Таулы аудандарда (Орта Азия) көптеген жерлерді алып жатады. Түрлерінің саны аралық формаларының орасан көп болуына байланысты, өлі күнге дейін толық анықталмаған. Бір деректер бойынша туыста 120—150 түр, ал екінші деректер бойынша 300—350 түр бар. Бұрынғы одақтас республикалардың флорасыңда 150-дей түрі бар, оның 60-ы эндемдер, яғни тек бүрынғы одақтас республикалардың территориясында ғана кездеседі. Ал Қазақстанда 24 түрі бар. Олардың ішіңде мәңгі жасыл және жапырағы жылма-жыл түсіп отыратын формалары да бар. Кейбір түрлерінің гипантиінде көп мөлшерде витамин С витамин В2, Р, К және провитамин А мен комплексте болады. Бұл жағынан ең құндысы ақгүлді (беггера итмүрыны) және қызылгүлді түрлері (қоңыр итмұрын, қатпарлы итмұрын). Қызғыл гүлді түрлерінің гипантиясында (ит итмүрыны — киіз итмүрын) витамин С біршама аз, ал сары гүлді түрлерінің гипантиі де (тікенекті итмұрын, сасық итмұрын олар өте аз, бірақта таниндер мен танидтер көп. Итмұрынды бұтадан тікенекті қоршау жасау үшін жиі қодданады.
Итмұрын (Rosa) – раушангүлдер тұқымдасынажататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауықөсімдіктер туысы. Қазақстанда кездесетін 25 түрдің ішіндегі ең әдемісі. Республиканың (Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы) сай, Орталық және Оңтүстік-шығыс бөлігінде тауда, жазықта, қорым тастарда, беткейлерде, ормандарда, дымқыл топырақты жерлерде бұталар арасында өседі. Ылғалды жақсы көреді, топырақтың да, ауаның да ылғалдығына сезімтал, биіктігі 2 метрге дейін сүр-қошқыл түсті, қабығы бар, сабағыменбұтақтары ұсақ тікенекті. Өткір тікенектер барлық туыс түрлеріне тән, олар жануарлардың жеп қоюынан сақтайды. Жапырағы күрделі, тақ қауырсынды, әдетте 2-3-тен жұптасқан көлемді эллипс тәрізді, жиегі ара тісті, ал астыңғы жағын қою да жұмсақ түк басқан. Гүліқос жынысты, дұрыс гүл (актиноморфты) тостағаншасы жіңішке жасыл түсті, күлтесі ашық күлгін немесе қызғылт түсті. Тостағаншалар мен күлтелер саны бірдей (5-тен), аталық пен аналықтары көп (саны анықталмаған), гүлі көлемді (диаметрі 6 см-ге дейін), үзын гүл табанына көбінше жалғыздан, сирек топтасып бекиді. Ашық түсті гүлінің хош иісі жәндіктердіөзіне тартады, ара, үлкен тозаң жейтін қоңыздар, бір гүлден екінші гүлге ұшып-қонып жүріп айқас тозаңдандырады. Кейде жәндіктер гүлді түнеп шығатын орын ретінде пайдаланады, өйткені кешке қарай гүлдердің күлтелері, жабылады.Итмүрын шілдеде гүлдейді, тамыздажеміс береді.
Раушангүл туысының жемісі туралы толығырақ айтсақ артық болмас. Раушангүл туысының жидегі шындығында да жалған жеміс, құрылысы күрделі, күлте жапырақшаларының құмыра немесе бокал тәрізді болып, қабырғаларының ішкі жағында бекінген көптеген сарғыш жаңғақтар, қою да қаттылау түктермен бөлінген. Біз суреттеп отырған түрдің жемісі пісіп-жетілген қою, ашық-қызыл түсті. Ұшында түспейтін қүрғақ тостағанша жапырақшалары барлық раушандар мен жабайы раушандарға тән. Кейбір түрлері ежелден белгілі бауда өсірілетін раушандардың арғы тегі болып табылады. Біздің эрамызға дейінгі 4 мың жылдыққа жататын Алтайдың көмбелерінен табылған металл ақшаларда да бауда өсірілетін раушандар бейнеленген. Қазірде жабайы раушандар сұрыптауда және мәдени раушандардың сапасын жақсартуда қолданады. Итмүрынның ерекшелігі — бағалы витаминдерге бай, жемісі және одан дайындалған дәрі-дәрмектер медицинада негізінен асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін шайдың орнына пайдалануға болады, күлтелерден дайындалған эфир майы — парфюмерия өндірісінде пайдаланылады.
Раушангүл (итмұрын) сәндік гүлдер өсіру шаруа-шылығыңца бұрыннан белгілі жөне танымал обьект болып саналады. Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша бұлардың 12 мыңнан астам сорттары белгілі, ал Қазақстаңца да сорты аудандастырыльш сәндік өсімдіктер ретінде өсіріледі. Оның ішіңде тікелей Қазақстан ғалымдары шығарған сорттар да бар.
Таңкурай туысы (ежевика, малина). 500-дей түрі бар үлкен полиморфты (өзгергіш) туыс; бұрынғы одақтас республикалардың флорасыңда 45 түрі, ал Қазақстанда 4 түрі кездеседі. Солтүстік ендіктің негізінен қоңыржай және салқын климатты зоналарында өсетін бүталар. Алғашқы ағаш тәрізді формалары субтропикада өседі. Оңтүстік ендікте туыстың өкілдері Жаңа Зелаңдияға дейін жетеді. Жемісі сүйекті жидектердің жиынтығынан тұрады. Кәдімгі таңқурай (малина обыкновенная) бүрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігінде, Кавказда, Сібірде және Солтүстік Американың жалпақ жапырақты Сонымен бірге таңқурайдың бұл түрі ағашы кесілген және өрт шалған жерлерде, тау шатқалдарындағы өзендердің бойыңда өсетін бұталардың арасыңда кездеседі. Мөдени жағдайда көптеген сорттары өсіріледі. Қожақат таңқурайы (ежевика) табиғатта кең таралған, кейде мәдени жағдайда да өсіріледі. Қой бүлдірген (костяника) бүрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігінің және сібірдің қылқанжапырақты ормандарында кең тараған өсімдік. Аласа таңқурай (морошка приземистая) және арктика таңқурайы (Кагеисш) өмірлік формасы жағынан редукцияға көп ұшыраған түрлер. Субарктикалық райондарда өседі.
Кұлпынай туысы (земляника). Оның 50-дей түрі бар. Ұзынсағақты жапырақтарынан розетка түзілетін көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Тостағаншасынының астында, тостағанша асты жапырақшалары болады. Аналығы ойыс, етженді больш келген гүлтабаньша орналасады. Жемісі сүйекті жидектердің жиынтығынан тұрады. Орман құлпынайы (земляника лесная) және жасыл бүлдірген (клубника немесе полуница) екі үйлі өсімдіктер, олар бұрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігінде, Сібірде, Орта Азияда, бұталардың арасьщда және шалғьшдарда, сонымен бірге Кавказдың жарық ормандарьщда да өседі. Ананас құлпьшайы тек мәдени жағдайда ғана белгілі, оны құлпынайдың виргинская және чилийская деп аталынатьш түрлерін будандастыру арқылы алған деп шамалайды. Ол мәдени жағдайда өсірілетін, жемісі үлкен болып келетін сортқа біріктірілген. Тұқымдастармағының шөптесін өкілдерінің ішіңде тек дәрілік шелна (кровохлебка аптечная деп аталынатын бір ғана түрдің мал азығы ретіңде үлкен маңызы бар. Оны медицинада және ветеринарияда дәрі ретінде емге қолданады. Бұл ылғалды шалғыңдарда өсетін өсімдік. Гүлі қоңыр-қызыл түсті, шоқпарбас болып келетін гүлшоғырына жиналған. Кейде мәдени жағдайда өсіреді.