Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Төменгі сатыдағы өсімдіктер



бет41/51
Дата08.06.2023
өлшемі0,97 Mb.
#99694
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   51
Байланысты:
Лекция Өсім. сист.-сабаққа

Лекция №20,21
Тақырыбы: Алқалар тұқымдасы - Solanaceae
Ерінгүлділер немесе тауқалақайлар тұқымдасы – Labiatae, Lamiaceae


Мақсаты: Студенттерге алқалар және ерінгүлділер тұқымдастары өкілдерінің құрылысы мен систематикасы, олардың таралуы мен қолданылуы т уралы білім беру.


Лекция жоспары:
1.Алқалар тұқымдасының сипаттамасы
2. Туыстарға жіктелуі
3.Ерінгүлділер тұқымдасының сипаттамасы


Лекция мәтіні: Алқалар тұқымдасы (Solanaceae) – қос жарнақты, бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Бұта түрінде кездеседі. Дүние жүзінде тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдеулерде кездесетін 80 – 90 туысы, 2500-дей түрі белгілі. Қазақстанда Алқалар тұқымдасының 11 туыс, 23 түрі бар. Бүтін жиекті немесе тілімденген жапырағы тік не жатаған сабағына кезек орналасады. Гүлі қос жынысты. Гүлшоғыры бұйра болады. 5 тостағанша жапырағы бірігіп, жоғарғы жағы тілімденген. 5 күлте жапырағы, бірігіп қысқа түтік түзеді. Аталығы 5, аналығы біреу. Жемісі – көп тұқымды жидек, түйнек немесе қауашақ. Алқалар тұқымдасы негізінен аса бағалы тағамдық (баклажан, қызыл бұрыш, қызанақ, картоп, т.б.), сәндік және техникалық (темекі) өсімдіктер болып саналады. Олардың құрамында бірнеше улы алкалоидтар болады, сондықтан оларды мал жемейді. Жабайы түрлерінен дәрі алынады.
Алқа тұқымдастардың ғаламшарымызда 2900-ге жуық түрі бар. Бұлардың көпшілігі мәдени өсімдіктер. Алқа тұқымдастардың жабайы түрлері де көп. Ауа райы ыстық елдерде бұталы және сабақтары шырмалып өсетін де түрлері бар. Әсіресе Оңтүстік Америкада алқа тұқымдастардың жабайы өсетін түрлері көп. Қазақстанда 23 түрі кездеседі, көпшілігі қолдан өсіріледі. Бұлар - күлтелері тұтасқан, жапырақтары кезектесіп орналасатын шөптекті өсімдіктер. Гүлдері гүлшоғырда немесе жеке-дара орналасады. Гүлі кіріккен 5 тостағанша жапырақшалар, кіріккен 5 күлте жапырақшадан тұрады. Сондықтан бұл өсімдіктер кіріккенкүлтелілер деп аталады. Күлте жапырақшалардың түп жағы қысқа түтікшеге бірігіп, қоңырау тәрізді болады. Оның ортасында 5 аталық, екі жемісжапырақшалы аналық орналасады. Бұлар - жоғары жатынды өсімдіктер. Бірнеше симметрияга бөлетін сызықтар жүргізуге болатындықтан, алқа тұқымдастар дұрыс гүлді (*) өсімдіктер болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет