Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Төменгі сатыдағы өсімдіктер


Гүлінің формуласы: *Т(5)К(5)А5Ж(2). Жемісі - жидек немесе қауашақ



бет42/51
Дата08.06.2023
өлшемі0,97 Mb.
#99694
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   51
Байланысты:
Лекция Өсім. сист.-сабаққа

Гүлінің формуласы: *Т(5)К(5)А5Ж(2). Жемісі - жидек немесе қауашақ.
Түрлері: Тағамға пайдаланылатын баклажан, қызанақ, болгар бұрышы, өзге де көкөністер өздеріңе бұрыннан мәлім. Дәрілік, сәндік және улы өсімдіктері де бар. Арамшөп ретінде белгілі меңдуана, сасық меңдуана - нағыз улы өсімдіктер. Сонымен бірге олар дәрілік өсімдіктерге де жатады. Меңдуаналардың жапырағы мен тұқымы демікпеге, құрыспа ауруларға дәрі ретінде пайдаланылады. Шырайгүл(петуния) және қызылқұлақ (физалис) сәндік өсімдіктер болып табылады. Шырайгүл күтім талғамайды және ұзақ гүлдеп тұрады. Сондықтан Оңтүстік Америкалық шырайгүл қала гүлзарларына сән беріп тұрады. Қызылқұлақ тропиктік, субтропиктік аймақтарда кең таралған. Оның 100-ге жуық түрлері бар. Өсімдіктің жидек-жемісі қампиып қаптайтын түзілісі үшін қызылқұлақ аталған. Қампима қаптаманың түсі ашық қызыл-сары болып көз тартады. Ол - өсімдіктің тостағанша жапырақшасы.
Жабайы түрі Үндістанда өседі, көпжылдық алқа тұқымдас шөптекті өсімдік. Қолдан өсірілетін түрі - біржылдық. Сабағының биіктігі 30-70 см шамасында. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Баклажанның гүлі жапырақ қолтығында жеке (немесе 2-7) бірігіп, шоғырланып тұрады. Күлтесі тұтасқан 5 күлте жапырақшадан құралады. 5 аталығы күлтенің түбіне бекінген, 1 аналықты қоршап өседі. Жемісі - жидек, тұқымы - ұсақ.
Баклажан - жылу және ылғал сүйетін тағамдық өсімдік. Ол Қазақстанның оңтүстік облыстарында өсіріледі. Топырақ ылғалдылығы - 80%, қолайлы температурасы 20-30оС-ге жеткенде ғана өсіп-дамиды. Баклажанның өсімді кезеңі өте ұзақ. Оның жемісі 100 күннен астам мезгілде ғана жеуге жарамды болады. Тағамға толық пісіп жетілмеген жеміс пайдаланылады. Ал жемістің пісіп жетілуі үшін тағы 1-1,5 ай қажет. Сөйтіп баклажанның жеміс беру кезеңі 3 айға созылады. Ауа температурасы 130С-де баклажан өсуін тоқтатады. Үсікке тез шалдығады.
Баклажанды көшет арқылы жылыжайда өсіреді. Қыс ызғары кетіп, орташа температура 150С-ден жоғарылаған кезде көшетті отырғызуға болады. Егістікке отырғызуға дейін көшет 65-75 күн жылыжайда өседі.
Баклажанның жемісі 0,4-1,0 килоға дейін тартады. Ол алмұрт немесе қияр тәрізді, түсі қоңыр немесе күлгін қара болып келеді. Жемісінің құрамында нәруыз, май болады. Бұдан өзге кальций, фосфор, темір және өзге тұздары да бар. Баклажан медицинада бауыр ауруын емдеуге, қан құрамындағы зиянды түзілісті ( холестеринді) азайту үшін қолданылады. Баклажан - түсімді дақыл, 1 гектарынан 15-30 т түсім алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет