Кредиттік оқыту жүйесінің дәстүрлі «сызықты» оқыту жүйесіне қарағанда ерекшеліктері: -дәстүрлі жүйеде оқытудың мақсаты ақпарат пен нақты білім беру болса, жаңа жүйеде нақты білімнің негізінде білім алушының шешім қабылдай білу дағдыларын дамыту, яғни шығармашылық әрекет пен өздігінен танып-білуді және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру;
- студенттердің оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі;
- білім алушылардың оқу жоспарындағы пәндерді таңдаудағы көп еркіндігі, әр студенттің өз жеке оқу жоспарын жасауға тікелей өзі қатысуы, оқыту бағдарламасының икемділігі және таңдау курстарының көптігі;
- пән таңдауда, оқу траекториясын таңдауда студенттерге көмектесетін академиялық кеңесшілердің енуі;
- «студент-оқытушы» қарым-қатынасының «субъект-субъект» болып өзгеріп, оқытушының ұйымдастырушылық қана рөл атқаруы;
-оқу үдерісін ұйымдастыруда факультеттердің еркіндігі, оқу үдерісін қажетті әдістемелік (баспа және электронды) материалдармен қамтамасыз ету қажеттігі;
- әр студенттің эдвайзер көмегімен оқу пәндерін меңгеру үшін білім беру траекториясын таңдау арқылы оқытудың жекелендіруі;
- студенттің өзіндік жұмысының (СӨЖ) үлесінің артуы, оның оқытушы қатысуынсыз жүретін СӨЖ және оқытушы жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (ОБСӨЖ) болып бөлінуі;
- игерген білім сапасының емтиханда бағаланып, сынақтың болмауы;
- оқу мотивациясының артуы, шетелде оқу мүмкіндігі, алған білімді басқа елдегі оқу орнының академиялық мойындау кепілдігі;
- оқытуда интерактивті әдістердің кеңінен қолдану мүмкіндігі;
- білім деңгейінің нақтылығы, баға жүйесінде дәстүрлі бағалаудан өзгеше жинақталатын сынақтық жүйенің енгізілуі және дәстүрлі бағалау жүйесіне аудару механизмінің болуы, бағалаудағы ерекшеліктер.
Оқу пәндерін студенттердің меңгеруін бағалау үшін міндетті түрде балдық-рейтингтік жүйе қолданылады
Кредиттік оқыту жүйесі - ерекшелену, білім беру траекториясының таңдамалылығы және білім ауқымын кредиттер түрінде есепке алу негізінде өз бетінше білім алу және білімді шығармашылықпен игеру деңгейін арттыруға бағытталған білім беру жүйесі.
Кредиттік оқыту технологиясы пән сабақтарын жекелей жоспарлау негізінде өздігінен білім алудың және ерекшелену арқылы білімді шығармашылықпен игеру арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекше тәсілі болып табылады. Ол әлемдік стандартқа сай білім беруді қамтамасыз етуге, сапалы білім беру арқылы біліктілігі жоғары және еңбек нарығында бәсекелестікке кез-келген жағдайда дайын мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.
Кредиттік оқыту технологиясының Қазақстанда ендірудегі алғашқы тәжірибелер оқу үдерісінде студенттің өзіндік жұмысын белсендірудің қажет екендігін көрсетті. Аудиториялық сағаттардың қыскарып, білімді игерудегі негізгі салмақтың өзіндік жұмысқа түсуі студенттерде өз бетімен білім алу, өзін-өзі дамыту қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда кредиттік оқыту жүйесі эксперименттік режимде жүргізіліп жатқан еліміздің жоғары оқу орындары шетел және еліміздегі ЖОО тәжірибелерін зерттеп, оқу пәндері мен бағдарламалары бойынша кредиттерді анықтағанда мынадай «шарттарын» қолданады:
кредиттік жүйені ендіру тәжірибесін зерттеу;
басқарушы кадрлар мен профессорлық-оқытушылар кұрамын даярлау;
кредиттік жүйеге сай келетін оқу-әдістемелік және техникалық қамтамаларды әзірлеу;
2004 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бакалавриаттың жекелей бағыттары бойынша эксперимент түрінде енгізу;
кредиттік оқыту технологиясы бойынша бакалаврларды даярлау нәтижесін зерттеу, талдау, қорытындылау және басқа факультеттерде қолдану туралы шешім.
Біздің еліміздегі ЖОО-да қолданылатын кредит - білім алушының және оқытушының оқу жұмыс көлемін өлшейтін сәйкестендірілген бірлігі. Бір кредит білім алушының семестр бойына (15 апта) аптадағы аудиториялық жұмысының академиялық бір сағатына тең. Бір аудиториялық сағатқа міндетті түрде бакалавриатта 2 сағат, магистратурада - 3 сағат өзіндік жұмыс ілесе жүргізіледі.
Кредиттік оқыту жүйесінің қызметі тек білім ауқымын кредиттер түрінде есепке алу ғана емес, ол:
- білім сапасын қамтамасыз ету құралы, өйткені кредит-сағат – студенттің оқу жұмысын өлшеудің негізі бірлігі ғана емес, сондай-ақ, оның нақты білім беру бағдарламасы бойынша оқу жоспарын орындағанының көрсеткіші;
- СӨЖ-ді ұйымдастырудың құралы, себебі ол студенттерді семестр бойы оқуға мәжбүрлейді, өз бетінше жұмыс істеуге ынталандырады, әрі курс бойынша жинаған бағаның 60-80 % ағымдық және аралық бақылаудың нәтижесінен тұрады;
- студенттердің тәртібіне, тәрбиесіне әсер ету құралы, өйткені ол студенттерді сабақты босатпауға, СӨЖ-ді уақытында тапсыруға мәжбүрлейді;
- оқыту әдістемесін бағалаудың құралы, өйткені оқытушының оқу үдерісінде түрлі әдістерді, өзіндік жұмыс түрлері мен формаларын тиімді, үйлесімді қолдануының нәтижесін көрсетеді:
- сонымен бірге кредиттік оқыту жүйесінің оқу орындарына түрлі қаржылық, ұйымдастырушылық, технологиялық проблемаларды шешуге мүмкіндіктер беретіндігі анықталды.
Кредиттік оқыту жүйесіне өту студент пен оқытушы арасында жаңа білімді игеру барысында, сенімді қарым-қатынастың қалыптасуын талап етеді. Оқытушы студент үшін тек ақпарат көзі ғана емес, ол студенттің қажетті ақпаратты іздеп тауып, саралап іс жүзіне пайдалануға үйретуші маман болуы керек.
Оқу үдерісі студентке мамандық бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты талаптарына сәйкес оқу пәндерінің теориялық материалдары мен кәсіби практикада тәжірибе жинақтауға қажетті жағдай туғызу үшін ұйымдастырылып, кредиттік оқыту жүйесінің мынадай ерекшеліктеріне сай жүргізіледі: