Мониторинг ерекшеліктері: білім алушының белгілі бір тақырыпты төмендеу меңгергенін, аздау ұпай алғанын байқап, білімдегі олқылықты жою мақсатында тапсырмалар жүйесін ұсынамыз;
білім алушының білім сапасын арттыруға жағдай туады.
Мониторингтің көмегімен білім алушы білімді меңгеру деңгейін ғана емес, анықтайтын білім сапасын, дағды қалыптасқанын бақылауға болады.
Білімдік мониторинг – көп деңгейлік жүйе.
І деңгей (жеке, дара және дербес), оны педагог жүзеге асырады. (Сынып білім алушыларының даму динамикасын белгілі бір бағытта белгілеу.)
ІІ деңгей – мектепішілік.
Мұнда білім алушы білімінің дамуын мекеменің әкімшілігі жүзеге асырады (сыныптардың даму динамикасын бақылау). Тоқсан, жарты жалдық, жыл бойында анықталған критерий бойынша бақылау.
ІІІ деңгей. Білім мекемелерінің даму динамикасын байқау.
Оқыту ісіндегі маңызды жұмыстың бірі – білім алушылардың пәндер бойынша алған білім деңгейлерін бақылау және тиісті дәрежеде бағалау. Білім алушының сабаққа тиянақты қатысып отыруы, өз оқуына жауапкершілікпен қарауы, алған теориялық білімін болашақта пайдалана білуі осы кезеңнің дұрыс өткізілуіне көп байланысты.
Мониторинг – модуль бойынша оқытудың рейтингтік бақылау қорытындысының динамикалық сапасының рейтингтік бейнеленуі, семестрдегі соңғы аралық рейтингтік бақылау.
Оқытушыға әрбір студенттің оқу динамикасын тексеруге, топтағы, курстағы статистикасын көруге, өтілген сабақтардың жетістіктерін біліп, оқыту жұмысына коррекция енгізуге мүмкіндік береді. Осымен оқыту технологиясының негізгі рейтингтік бөлімі аяқталды.
Пәндік рейтингтен басқа студенттердің кафедралық және жалпы семестрлік рейтингі анықталады, онда студентке бөлінген жеңілдіктер ескеріледі (материалдық көмек, арнайы стипендиялардың берілуі, жолдамалар беру, оқуы үшін ақша төлеу, т.б. ).
Мониторингтің көмегімен студенттердің бір семестрден екінші семестрге өтудегі рейтингінен студенттердің кәсіби әзірлігін біліп тоыруға болады. Факультеттің оқу кеңесі және деканат студенттердің рейтингіне қарап практикаға, жұмысқа, магистатураға бөле алады.
Қазақстанның жоғары білім берудің стратегиялық міндеті ұлттық білім беру жүйесінің жетістіктерін сақтай отырып оны әлемдік білім беру үдерісінің қазіргі заманғы болашағы бар бағыттарына сәйкес келтіру болып табылады. Бұл ұлттық білім беру жүйесін жетілдіру мен әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасуды жүзеге асыру үдерістерінен тұрады. Мұның барлығы ұлттық білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес қазақстандық білім беру жүйесінің «мөлдірлігін» және оның дамыған елдердің жүйесімен бірігуін қамту, студенттердің және профессор-оқытушылар құрамының академиялық мобильдігіне жету мақсатында реформалау мен модернизацияны талап етеді. Осыған сәйкес 2003 жылдан бастап еліміздің жоғары оқу орындарында және магистратурасында кредиттік оқыту технологиясын ендіру басталды.
Кредиттік оқыту жүйесінің Қазақстанның жоғары оқу орындарында ендіру үдерісі шетелдік тәжірибені зерттеу, салыстыра талдау және жинақтау арқылы, білім сапасын төмендетпей, ұлттық менталитетті ескере және қолда бар жасалғандарды тиімді қолдана отырып білім беру жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізуді талап етті. Осыған орай, білім берудің парадигмалары өзгерді.
Кредиттік жүйеде білім берудің жаңа парадигмасы «оқу - қалай оқығаныңа қарай», «өзін-өзі дамыту», «өмір бойына оқу» болып өзгерді. Жаңа жүйеде оқытушы студенттерге өздігінен білім алудың түрлі әдістері мен жолдарын көрсете отырып, студенттің өз бетімен жасайтын танымдық әрекетінің ұйымдастырушысы болып табылады.
Кредиттік оқыту жүйесі дараландыру, білім беру траекториясын таңдау, оқу үрдісін реттеу шеңберінде және білім көлемін кредит түрінде екенін ескеру негізінде өзіндік білімді құрау және шығармашылық білімді игеруге бағытталған білім беру жүйесі.
Қазақстанның жоғары оқу орындарында кредиттік жүйенің ендірілуі әлемдік білім беру саласындағы беталыстарды ескеруді қажет етеді. Алғаш рет «кредит-сағат» термині Гарвард университетінің ректоры По мырзамен 1867 жылы өтілген материалдың көлемін фиксациялауға енгізіліп, ал ХХ ғасырдың 80 жылдарынан еуропалық елдерде бір ЖОО-нан екіншісіне білім алушының ауысуы кезінде сынақ бірліктерін белгілеу мен салыстыруға қолданды. Одан кейінгі кредиттік жүйенің дамуы әлемдегі жетекші елдердің министрлерінің Сарбон мен Балон декларациясын үлкен масштабтағы студенттер мобильдігін қолдау құралы ретінде қабылдауымен жүзеге асты.
Кредит (сredit, credit-hour) - латын тілінен аударғанда «сену», «сенім» дегенді білдіреді. Кредиттік технологияда оқыту жүйесіндегі кредит -тындаушының, оқытушының оқу жұмысы көлемінің өлшем бірлігі. Бұл кредит академиялық кезең ағымындағы тыңдаушының апталық аудиториялық жұмысының бір академиялық сағатына тең. Әрбір лекциялық, практикалық (семинарлық) және студиялық сабақтың академиялық сағаты міндетті түрде студенттің өзіндік жұмысының (СӨЖ) 2 байланыс сағатымен (100 минут) толықтырылады
Кредиттік оқыту жүйесі дегеніміз - жеке оқу жоспарын студенттің тікелей араласуымен, жұмыс оқу жоспарына сәйкес әр студенттің жеке оқу жоспарын жасауда студенттің пәндерді еркін таңдауына, әр студенттің және оқытушының кредит бойынша еңбек шығынын есептеуге негізделген білім беру жүйесі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоғары базалық білім стандартында «кредиттік оқыту жүйесі бойынша студенттердің оқытушының басшылығымен жүргізетін өз бетінше жұмысы - аудиторияда және аудиториядан тыс жүргізетін оқытудың түрі», - деп атап көрсетілген.
Кредиттік оқыту жүйесі бірізді емес оқыту жүйесіне жатады. Бірізді емес оқыту жүйесіне - оқу үрдісін жекелей жоспарлау арқылы жүйелі түрде ұйымдастыру тәсілі кіреді. Ал, бірізді оқыту жүйесі деп (линейная система обучения) - оқытудың логикасына сәйкес білім алушы кәсіптік білім бағдарламасындағы пәндерді жүйелі түрде берілген сағаттық көлем негізінде белгілі уақытта оқытуды айтады.