Әдіснамаландыру – педагогикалық білім беру мазмұнының қазіргі заманғы ғылыми амалдармен, білім жүйелерімен толығып, жүйелілік, қозғалмалылық, жалпылылық және танымдық бағдарларының жоғары деңгейлі көрсеткіштермен сипатталуы.
Интеграциялау – қазіргі заманғы-педагогикалық білім берудіңдаму болашағы мен заңдылықтарын түсінуге көмектесетін, элементтер мен компоненттер жиынтығымен танылған педагогикалық жүйенің бүтіндігін қамтамасыз етеді. Педагогикалық пәндер интеграциясының негізінде ғылым аралық, пәнарлық, ішкі пәнаралық байланыстың түрлері жатыр.
Дифференциациялау интеграцияның «кері» жағы болып табылады. Дифференциация оқу пәндерін ерекшеліктерін есепке ала отырып, оларды бөледі. Мысалы, «Әлеуметтік педагогика» пәні педагогикалық және педагогикалық емес мамандық студенттерімен оқытылса, ал «Мектепке дейінгі педагогика» пәні «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбие» мамандығының, «Түзетушілік (коррекционная) педагогика» пәні «Дефектология»мамандығының студенттерімен оқылады.
Бірегейлендіру (унификация) – бұл әр түрлі білім беру орындарының (университет, институт, академия, колледж және т.б.) шегіндепедагогикалық білім берудің меңгеру мазмұнын, көлемін, уақытын, формаларын, әдістерін, тәсілдерін, құралдарын бір жүйеге түсіруге тырысу. Мысалы, «Педагогиканы оқыту әдістемесі» пәнінің мазмұны «Педагогика және психология» мамандықтарына 2 кредит, яғни 90 сағат болып бірегейлендірілген.
Диверсификация – бұл білім алушылардың сұранысын, қызығушылығын қажеттіліктерін ескере отырып жасалған, педагогикалық білім беруді іске асыратын білім берудің және білім беру орындарының (университет, институт, академия, колледж және т.б.) көп түрлілігі.
Стандарттау – бакалавриат түлегі дайындығының деңгейіне деген мемлекеттік дәрежеде танылған нормалар мен талаптардың жиынтығы.
Көп вариативтілік – құрылымы мен мазмұны арқылы көрініс табатын педагогикалық білім берудің ерекшелігі. Қазақстан Республикасындағы құрылымның көп вариативтілігі педагогикалық білім берудің көп түрлі деңгейімен танылған: жоғары білім беру (бакалавриат), жоғары оқудан кейінгі білім беру (магистратура, докторантура PhD).
Үздіксіз – білім беру сатылары (бакалавриат, магистратура, докторантура PhD) бойынша педагогикалық білім берудің мазмұнын оқу кезінде сабақтастық принципін ескере отырып, педагогикалық оқытуды академиялық кезеңдерге бөледі. Сонымен қатар өзін-өзі оқыту маңыздылығы мен ұзақтығын қарастырады, себебі оның көмегімен қажетті педагогикалық білім, іскерлік, дағды және құзыреттілікке иеленеді.
Технологияландыру – педагогикалық білім беру мазмұнын меңгерудің ережелері мен алгоритмдерін, сонымен қатар педагогиканы оқыту үдерісінің технологиялық алғышарттарын әзірлеуді қалыптастырады.
Гуманизация – технологияландырудың полярлы тенденциясы болып табылады. Студенттің мүмкіндігін ескере отырып, оның жекелей тұлғалық әлеуетін дамытуға мүмкіндік беруге, педагогиканы оқыту үдерісін «адам ету» шартын құруға бағдарланған.
Универсализация – педагогикалық білім беру мен оны меңгеру үдерісіне көп функционалдық және универсалдық қасиет беру. Басқа сөзбен айтсақ, педагогикалық білім тек педагог-маманға ғана керек емес, ол «адам-адам» жүйесінде қызмет ететін басқа да мамандықтар өкілдеріне қажет.
Мамандандыру – еңбек пәні мен нақты іс-әрекетін ескере отырып жасалған, педагогикалық мамандықтардың шегінде педагогты нақты іс-әрекет түріне дайындауға бағытталған педагогикалық пәндерді іріктеу. Мысалы, педагогика пәнің оқытушысы, әлеуметтік педагог, педагог-дефектолог және т.б.
Ақпараттандыру – ғылымның дамуына байланысты пайда болатын, ақпараттық технологиялар мен жаңа телекоммуникация құралдарын педагогиканы оқыту үдерісі кезінде қолдану, педагогикалық білім беру мазмұнын жаңа ақпараттармен толықтыру.
Орталықтандыру (централизациялау) – жоғары білім беру жүйесін бір орыннан басқару.Мысалы,ҚР Білім және ғылым министірлігімен педагогикалық білім берудің мазмұнына деген талап анықталады.