Лекция №1 Тақырыбы: Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде. Лекция жоспары


Лекция № 3 Тақырыбы: Педагогика курсының мазмұнын құрастыру



бет13/72
Дата11.12.2023
өлшемі345,24 Kb.
#137472
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   72
Байланысты:
педагогика оқыту әдіс лекциялар

Лекция № 3
Тақырыбы: Педагогика курсының мазмұнын құрастыру.


Лекция жоспары:

  1. Білім мазмұны педагогикалық білім, білік мен дағдылардың бейімделген жүйесі және шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылықтық қатынастар ретінде.

2.Мемлекеттік білім беру стандарты.
3. Білім мазмұнын реттейтін құжаттар.


Лекция мақсаты: Педагогика курсының мазмұнын құрастыру барысында білім беру мазмұны, оқыту əдістерінің басты ерекшеліктерін, міндеттерін ашып көрсету және басқа ғылымдармен байланысын дәлелдеу.


Лекция мазмұны: Педагогика мазмұнын құрылымдау – бұл оқу пәнінің мазмұнын жобалау рәсімі, лекцияның мақсаты мен міндеттері мен міндеттерін тұжырымдау, курстың құрылымы мен мазмұнын анықтау, білім алушылардың іс-әрекетін ұйғарым мен шектеулердің шегінде жоспарлау, бұлардың барлығы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, типтік бағдарлама, оқу және әдістемелік әдебиеттер секілді нормативтік құжаттармен реттеледі.
Педагогиканың тәжірибесінде педагогиканың мазмұнын құрылымдаудың екі амалы қалыптасты: білімдік-бағдарлық (дәстүрлі) және құзіреттіліктік (инновациялық).
Біріншісі – білімдік-бағдарлық амал өткен ғасырда қалыптасқан және педагогиканың мазмұнын беруге бағытталған амал. Бұл амал негізгі талаптарды тек қана педагогикалық білімнің қалыптасуына қойды, ал болашақ педагогтың іскерлігі, дағдысы және құзыреттілігінің қалыптастыруын практикаға жүктеді.
Екінші – құзіреттіліктік амал, бертін келе қалыптасып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көрсетілген тізімдердегі басты құзыреттіліктер мен педагогикалық бейімделген білім мен іскерлік жүйесін студенттердің меңгеруін білдірді. Қазіргі кезде екінші амал жетекші болып табылады.
Педагогика курсының мазмұнын құрылымдау келесі принциптерге сүйенеді:
-мақсатқа бағыттылық, болашақ педагогті кәсіби іс-әрекетке даярлаудағы мақсат пен міндеттерге педагогика мазмұнының сәйкес келуі;
-ғылымилық, педагогика курсы мазмұнының қазіргі заманғы педагогикалық ғылым жетістіктеріне сәйкес болуы;
-негізділік (фундаменталдық), педагогиканың әдіснамасын күшейту;
-тұтастылық, оқылып отырған пәннің теориялық және практикалық жақтарының біркелкілігін сақтау;
-интеграция, педагогикалық үдерістен (құбылыстан) тұтас көрініс беретін көптеген пәнаралық және ішкі пәндік байланыстар санын мүмкіндігінше көп бекіту;
-модульдік, педагогиканың мазмұның инвариантты (міндетті) және вариативті (таңдау бойынша) компонеттерін модуль түрінде беру;
-іс-әрекеттік-модельдеуші, болашақ педагогикалық іс-әрекеттің үзінділерін модельдеу, оның барысында кәсіби нормаларды меңгеру;
-жекешелендіру, мазмұнның вариативтілігі және оны меңгеру тәсілдері білім алушылардың негізгі дайындық деңгейіне және кәсіптік ерекшеліктеріне байланысты білім мен іскерліктер жүйесін меңгеруді қамтамасыз ету;
-прескриптивтілік (нормалық), педагогика мазмұнының болашақ педагогтың біліктілік талаптарына сай болуы.
Кәсіптік білім беру бағдарламасының құрылымында үш өзара байланысты блок бар, олар жалпы білім беру пәндері, базалық пәндер, кәсіптендіру пәндері деп аталады. Әрбір блок инвариантты (міндетті) және вариативті (таңдамалы) пәндерден тұрады.
Базалық пәндер блогын оқытудың мақсаты мен міндеттері мен міндеттері – педагогика және психологиялық ғылымдардың, болашақ мамандықтың, өзін-өзі реттеудің, басқа адамдар мен топтарды басқарудың практикалық дағдыларының ғылыми-теориялық негіздерін қалыптастыру; онтогенездегі жеке тұлғаның ерекшеліктері жөніндегі психология-педагогикалық біліммен қаруландыру; этнопсихология, психология тарихы, тұлғалық-бағдарлық білім берудің психологиялық негіздері, этнопедагогика, педагогика тарихы, педагогика саласындағы зерттеулермен танысу.
Кәсіптендіру пәндерін оқыту блогының2. Лекцияның 2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері мен міндеттері ғылыми-педагогикалық эксперименттік зерттеулерді ұйымдастырудағы, психология-педагогикалық диагностикалаудағы іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру; ғылыми-әдіснамалық дүниетанымды және болашақ педагог-психологтың тұлғалық бағыттылығын дамыту; педагогика, психологияны оқыту әдістемесі, педагогика, психологияны оқу пәні ретінде құрылымдау принциптері, педагогикалық және психологиялық пәндер мазмұнын меңгеруді ұйымдастыру тәсілдері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Мемлекеттік стандарттың құрылымы біліктілік сипаттарды анықтайды, ол педагог-психологтың негізгі және кәсіптік құзыреттіліктеріне арналған талаптардан тұрады. Осылайша, педагог бойында мынандай басты құзыреттіліктер болуы керек:
-педагогикалық үдерістің даму заңы туралы түсініктің болуы;
-ҚР Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медико-педагогикалық көмек көрсету туралы», «Қазақстан Республикасындағы балалардың құқығы туралы» Заңдарын, педагогика мен психологияның негіздерін білуі;
-практикалық кәсіптік іс-әрекетте педагогика мен психологияның теориялық қағидаларын қолдана білуі;
-білім беру сапасын жақсартуда және тиімді етуде, психологиялық-педагогикалық мәселелерді шешуде құзіретті болу.
Педагог-психологтың келесідей кәсіби құзыреттіліктері болуы керек:
-өзінің педагогикалық іс-әрекетті, педагогикалық қарым-қатынас пен белгілі бір педагогикалық сана мен идеалдардың, құндылықтардың иесі ретіндегі тұлғалық қасиеттерінің қалыптасқандығын анықтайтын пәндік, психология-педагогикалық, әдістемелік білім, білік, дағдылар жүйесін меңгеруі;
-адамдармен қажетті қарым-қатынас орната білу;
-өзінің даму мүмкіндіктерін анықтау, өзін дене, рухани және интеллектуалдық жағынан дамыту, өзінің көңіл-күйін реттеу және өзін-өзі қолдау амалдарын меңгеруі;
-өзінің жұмыс нәтижелерін жақсартуға, жекелік-тұлғалық ерекшеліктері мен кәсіби психологиялық мүмкіндіктерін пайдалану негізінде еңбек тиімділігін көтеруге даярлығының болуы;
-оқыту бейінділігіне байланысты білім беру мазмұнын таңдай білуі, оқыту бейінділігіне байланысты оқу үдерісін жобалай және ұйымдастыра білуі;
-қазіргі заманғы әдістемелер негізінде бейіналды және бейінді сынып оқушыларының өзбетімен және өзін-өзі жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру, дамыту, түзету бағдарламаларын жасау және жобалау, инновациялық әдістерді бейімдеу және модификациялау, таңдау туралы білімдерді меңгеруі қажет.
Сонымен, біз педагогика мен психология бакалаврларының біліктілік сипаттамасын қарастырдық. Ол педагогика курсының мазмұнын құрылымдау кезіндегі бағдар болып табылады.
Педагогика мазмұнын құрылымдау кезінде бағдар болып табылатын тағы бір құжат – педагогикалық білім берудің концепциясы.
Бұл концепцияның негізгі идеясы бойынша жоғары оқу орнындағы барлық оқу-тәрбиелік іс-әрекетінің жүйесі болашақ педагог маманның белсенді-шығармашылық, тұлғалық ұстанымын қамтамасыз ететін жағдайлар құруға бағдарлануы тиіс.
Сонымен қатар, концепция 2015 жылы 12 жылдық білім беру жүйесіне көшетін қазіргі заманғы қазақстандық мектептер мен қоғамның талаптарына жауап бере алатын педагогты даярлауға бағытталған.
Болашақ педагогтың қалыптасуы қисындық түрде үш аспектіден өтеді – тұлғалық, мазмұндық, іс-әрекеттік. Тұлғалық аспект педагогикалық іс-әрекеттке сәйкес келетін тұлғалық қасиеттердің, құндылық ұстанымдардың дамытуына бағытталады. Мазмұндық аспект педагогикалық білім жүйесін меңгеріп алуға бағытталған. Іс-әрекет аспектісі – педагогикалық іс-әрекет тәсілдері мен өзін-өзі реттеу тәсілдеріне оқыту.
Концепцияда педагогикалық жоғары білімі бар маманды даярлаудың негізгі жүйесі берілген:
-педагог тәрбие мен оқытудың міндеттері шешілетін, оқу және оқудан тыс іс-әрекетте танылатын тұтас педагогикалық үдерісті өз іс-әрекетінің нысаны ретінде түсінуі керек;
-педагогикалық тұтас үдеріс іс-әрекет субъектілері (педагог пен білім алушылар) өзара әрекеттескенде немесе келісімге келгенде тиімді болады;
-педагог педагогикалық білім мен іскерлік жүйесімен, педагогикалық бағытымен сипатталатын іс-әрекетке дайын болуы керек;
-педагог шығармашылық іс-әрекетке дайын болуы тиіс.
Осы ерекшеленген жүйе бойынша педагогикалық білім берудің принциптері анықталды:
-педагогикалық білім берудің үздіксіздігі;
-кәсіптік іс-әрекет нысаны ретінде педагогикалық тұтас үдерістің теориясын білу, яғни, теориялылығы;
-теорияның және практиканың біртұтастылығы;
-бірінші курстан бітіруші курсқа дейінгі біртіндеп теориялық білімді арттыруды болжайтын педагогикалық білім берудің сабақтастығы және бірізділігі;
-модельдеу, яғни теориялық білімді практикалық іскерлікке ауыстыруды үйрету (педагогикалық технологияны меңгеру);
-стандартты және стандартты емес кәсіби міндеттерді шешу тәсілдерін үйрету;
-педагогикалық үдерістің диагностикалық зерттеуіне үйрету.
Концепция педагогикалық пәндер кешенімен берілген. Педагогикалық мамандықтардың бакалавриаты студенттерімен оқылатын педагогикалық пәндердің қысқаша сипаттамасы мен құрылымы 3-кестеде берілген.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық білім берудің концепциясы негіздерінде педагогика пәнінің мазмұны Типтік оқу бағдарламасында нақтыланады.
Типтік оқу бағдарламасын түсінік хат ашады. Онда педагогиканы оқыту жайындағы негізгі міндеттер, білім алушылардың меңгеруге тиіс білім, білік, дағдылар жүйесі көрсетіліп, педагогикалық білім мазмұны сипатталады, сонымен қатар оқытушыға әдістемелік нұсқаулар ұсынылады.
Типтік оқу бағдарламаның негізінде педагогиканы оқыту пәнінің мазмұнын құрылымдау жұмыс оқу бағдарламасында жалғасын табады.
Жұмыс оқу бағдарламасы – білім алушылардың меңгеруіне тиісті негізгі педагогикалық білім, іскерлік пен дағдының, құзыреттіліктің шеңберін белгілейтін нормативті құжат.
Жұмыс оқу бағдарламасына келесі міндетті құрылымдық элементтер кіруі тиіс:
- педагогиканың басқа пәндер арасындағы орны;
-бастапқы даярлықтың деңгейіне деген талаптардың сипаттамасы, мемлекеттік білім беру стандартқа сәйкес білім алушылардың меңгеруге тиіс білім, іскерлік және құзыреттіліктер тізбегі;
-курстың пререквизиттері және постреквизитттері;
-курстың оқу-тақырыптық жоспары, мазмұны;
-жұмыс түрлері мен ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған тапсырма түрлері, өзіндік жеке тапсырмалар, оларды орындауға байланысты әдістемелік нұсқаулар;
-әдебиеттердің тізімі (міндетті-2-3-тен кем емес базалық оқулықтар мен оқу құралдары, қосымша – 10-15 дереккөздер көп емес, сонымен қатар интернет-көздері).
Жұмыс оқу бағдарламасында типтік бағдарламадан уақыт факторы мен өткізілетін орны және шарты ескереле отырып 10%-ға дейін өзгерістер болатынын айта кеткеніміз жөн (өзгерістер міндетті түрде бағдарламаның түсінік хатында айтылып, негізделуі тиіс).
Педагогика курсын құрылымдау кезінде жұмыс оқу бағдарламасы іске асыратын негізгі қызметтерді білген жөн:
-мақсат қою қызметі: курстың басты компоненті – мақсат, ол басқа компоненттерді, яғни оқу міндеттерді, мазмұнды, тәсілдер мен құралдарды анықтайды;
-жедел өзгерту қызметі: курсқа байланысты тұтастықты бұзбай оқыту үдерісіне өзгерістер енгізу;
-ақпараттық қызмет: жұмыс оқу бағдарламасы курс жайлы жалпы сипаттағы ақпаратты береді;
-ұйымдастыру-әдістемелік қызмет: жұмыс оқу бағдарламасы оқу үдерісінің және сабақты оқыту әдістемесінің ерекшеліктерінің басты ұйымдастырушылық формалары жайлы ақпараттан, студенттердің өзіндік жұмыстары мен оқытушының басқаруымен студенттердің өзіндік жұмысы тапсырмаларының әр түрлерін орындауға арналған нұсқаулықтардан тұрады;
-бақылау-бағалау қызмет: педагогика бойынша оқу материалдарын меңгеру деңгейін және бағалар шәкілін тексеретін құралдардан тұрады.
Құрылымдау рәсімі бірнеше кезеңнен тұрады:
1-кезең – мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын оқу, педагогика курсының пререквизиттері мен постреквизиттерін анықтау;
2-кезең – педагогиканың типтік бағдарламасын оқу, нақты бір мамандыққа қатысты бағдарламадағы басты негіздерді белгілеу, курс бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттерді таңдап алу, библиографиямен жұмыс жүргізу;
3-кезең – жобалау принциптері мен әдістемелік нұсқаулықтарды ескере отырып оқу жұмыс бағдарламасын жасау;
4-кезең – дәрістер конспектін жазу, дидактикалық материалдар мен белсенді үлестірмелі материалдарды, студенттердің өзіндік жұмыстары үшін бақылау-бағалау тапсырмаларын, оларды орындау, бағалау талаптары көрсетілген қысқаша нұсқаулықтарды, ағымдық, аралық және қорытынды тапсырмаларды әзірлеу, презентация дайындау.
Педагогиканың құрылымына кіретін ғылыми пәндердің қатары қазіргі кезде көптен-көп. Жалпы бұл құрылым келесідей көрініске ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет