Лекция №1 Тақырыбы: Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде. Лекция жоспары



бет21/72
Дата11.12.2023
өлшемі345,24 Kb.
#137472
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   72
Байланысты:
педагогика оқыту әдіс лекциялар

Шарттары: мектепте оқылатын ғылыми білімдердің керектігін қоғамдық-тарихи тәжірибе арқылы дәлелдеу. Білім алушы оқу тіршілікке керек екенін түсінетіндей етіп оқыту; «Білім - өмір» байланысы, өмірден алынған мысалдарды талдау. Өлкетіну мәліметтерін қолдану; білім алушыларға қазіргі жаңа технологиялар, өндірістік қатынастар, еңбектің жақсы әдістері туралы әңгімелеу және тікелей таныстыру; білім алушыларды өз білімдерін қолдануға және тексеруге үйрету. Қоршаған өмірден білім алып, оны қолдану; білім алушының әрбір сабақта өз жұмысының маңызын түсінуі. мектептің өндіріспен байланысын қолдану. «Оқу пәні өндіріс» байланысына бағыт беру, бақылау; білім алушылармен бірге өмірден алынған есептер мен жаттығуларды орындау, оқулықтың мәліметтерін өмірден алынған мәліметтермен толықтыру; аймақтың сұранысына қарай кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу; Мәселелік-ізденіс, зерттеу жұмыстары теория мен тәжірибені байланыстырудың басты құралы; еңбекке саналы қатынасты тәрбиелеу, Педагогтің еңбектегі үлгі-өнегесі; қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекті білім алушылардың бақылауларымен, ой-толғаныстарымен ұштастыруу, сұрақтар қою, көп білуге, мәселелерді анықтауға ұмтылдыру; қоғамдық пайдалы еңбектің оқу және тәрбие мақсаттарына сай жүргізілуі.
Көрнекілік принципі. Бұл ертеден қолданылып келе жатқан принцип. Оның негізіне мынадай ғылыми заңдылық жатады: сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерді түрліше қабылдайды. Ең сезімталы - көру мүшелері; Олар арқылы миға енетін ақпараттар білім алушылардың есінде жақсы сақталады. Кейбір заттарды есте сақтау көрнекіліксіз мүмкін емес.
Шарттары: білім алушылардың ақыл-ой жұмысы үшін формалар, бояулар, дыбыстар керек екенін естен шығармау; оқытудың алтын ережесі: көрініп тұрғандарды көрсету, еститінді естірту, иіскететінді иіскету, дәмін татып көретінді дәмін таттыру; көрнекілік - оқыту және ақыл-ойды дамыту құралы; білім алушы ұғымдар және абстрактілік принциптерді түсіну үшін нақты фактілер, мысалдар келтіру; көрнекілікті мәселелі жағдаяттар туындату үшін қолдану; көрнекі құралдық оқылатын зат және құбылыс туралы анық және дұрыс түсінік алуға көмектесуі; білім алушылардың бақылауын жүйелеп, құбылыстардың себептерін, салдарын анықтату; көрнекілікті білім алушылармен бірге алдымен түгел қарау, негізгісі мен негізгі емесін анықтау, содан кейін тағы бір рет толық қарап шығу; көрнекіліктің алуан түрін қолдану, біраң көп көрнекілік қолданбау, өйткені білім алушылардың назары басқа жаққа ауып, негізгіні түсіне алмай қалады; көрнекілікті қолданып білім алушының сезіміне қозғау салу, қалыптасқан түсініктерге сүйеніп, меңгерілетін ұғымды нақтылау; білім алушылармен бірге көрнекілік жасау, білім алушылардың өздері жасаған көрнекіліктердің де әсері мол; қазіргі көрнекі құралдарды, атап айтсақ: оқу теледидарларын, бейнежазбілім алушырды, кодослайдтарды, жартылай әкранды проекцияларды т.б. қолданып, техникалық құралдармен жұмыс істей білу; көрнекі құралдарды қолданып білім алушылардың зейінін, бай-қампаздығын, ақыл-ой мәдениетін, жобілім алушый білуін, оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеу; көрнекілік арқылы өмірмен байланыс орнату; білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай заттьщ көрнекілікті азайтып, таңбалық көрнекіліктерді қолдану; нақты заттар мен құбылыстарды көрсету, мүмкіндік болмаған жағдайда символдың көрнекі құралдарды қолдану.
Көрнекілік түрлері:
-табиғи көрнекілік білім алушыларды нақты объектілермен (өсімдіктермен, жануарлармен, минералдармен) таныстыруды талап етеді;
- эксперименттік көрнекілік арқылы білім алушылар химиядан, физикадан тәжірибелер жасайды;
- суретті көрнекіліктің мақсаты - нақты дүниенің бейнесін көрсету (бейнесурет, картина, диафильм, диапозитив, мылқау кинофильмдер);
- көлемді көрнекілік: макет, үлгі, муляж, геометриялық фигуралар, панорама;
- дыбыстық көрнекіліктер: күйтабақтар, ұнтаспаға жазылған материалдар, т.б.;
- таңбалық және графикалық көрнекілік: абстракты ой дамуына көмектеседі, себебі болмысты шартты белгілермен белгілейді. Олар: карта, жоспар, сызба, диаграмма;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет