Лекция №1 Тақырыбы: Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде. Лекция жоспары


Лекция № 4 Тақырыбы: Педагогиканы оқыту үрдісі мен ұстанымдары



бет19/72
Дата11.12.2023
өлшемі345,24 Kb.
#137472
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   72
Байланысты:
педагогика оқыту әдіс лекциялар

Лекция № 4


Тақырыбы: Педагогиканы оқыту үрдісі мен ұстанымдары.


Лекция жоспары:
1.Педагогиканы оқыту үдерісі, оның ерекшеліктері.
2.Педагогиканы оқыту заңдылықтары.
3.Педагогиканы оқыту ұстанымдары, оның сипаттамасы.


Лекция мақсаты: Педагогиканы оқыту үрдісі, оның ерекшеліктері, құрылымы. Оқыту заңдылықтары туралы неізгі ұғымдарын меңгерту. Сонымен қатар оқу жұмыстарын ұйымдастырудың үйлесімділік ұстанымын ашып көрсету.


Лекция мазмұны: Оқыту процесінің жалпы мақсаттарына және заңдылықтарына сәйкесті мазмұнды, ұйымдастырушылық формалар мен әдістерді анықтайтын базистік жағдайлар – педагогиканың оқыту принциптері болып табылады. Принцип - латын сөзі, қазақша «негіз» деген сөз. Оқыту принциптері – педагог пен білім алушылардың жұмысын реттеп отыратын принциптер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптеріне сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған педагог өз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді.
Я.А.Коменский педагогикалық ойдың тарихында ең бірінші болып оқыту процесінің құрылыуын анықтайтын оқыту принциптерінің жүйесін жасады. Я.А.Коменскийдің оқыту табиғаттың және адамның дамуының жалпы заңдылықтарына бағынады деген идеясы «оқытудың табиғатқа сәйкестігі» деген атқа ие болды. Ж.Ж. Руссо оқыту процесінің принциптік негізі білім алушының табиғатпен тікелей жанасуы деп есептеді. И.Г.Песталоцци оқытудың мазмұнын көрнекілік принципінен шығарады.
А. Дистервег оқыту жүйесін нақты принциптермен толтырады. Ол оларды оқыту мазмұнына, оқытушыларға, білім алушыларға талаптар түрінде қарастырды. Оқыту прициптерін жасауда К.Д.Ушинский үлкен үлес қосты. Ол мынадай принциптерді бөліп шығарды: оқытудың халықтық идеясында көрініс табатын оқытудың тәрбиелеушілік сипаты; оқытудың жүйелігі, шамаға лайықтылығы және әлі жетерлігі; білімнің беріктігі; оқытудың саналылығы және белсенділігі; оқытудың көрнекілігі. К.Д.Ушинский осы принциптерге терең психологиялық негіздеме берді.
1927 жылғы педагогикалық энциклопедияда педагогика ғылымы мен мектептің жетістіктері жинақталып, «принцип» сөзіне анықтама берілді: мақсаты, құралды таңдауға негіз болатын ой.
А.П.Пинкевич ұсынған принциптер: оқытудың өмірмен және қоғамдық еңбекпен байланысы; жас ерекшелігі принципін сақтау; оқытудың белгілі бір жас кезеңіндегі білім алушылардың даму деңгейіне сәйкес болуы (білім алушылардың күш жігерін дамуға жұмсау, жұмыстың жүйелілігі, шығармашылық - қызығушылықтың басты негізі); пән мазмұнының ерекшеліктерін, әдістерін аньщтау. Ол «Оқыту принципін дидактиканың түғырлы принциптері, оқыту процесіне қойылатын негізгі талаптар», - деп тұжырымдалады.
Н.Медынский ұсынған принциптер: ғылым негіздерін жүйелі меңгеру; білімді саналы меңгеру; теорияның тәжірибемен байланысы; тәрбие беретін оқыту; оқыту әдістерінің алуан түрі; жалпы және политехникалық білімі.
В.Е.Гмурман ұсынған принциптер: оқытудың саналылығы және белсенділігі; оқытудың көрнекілігі; оқытудың жүйелілігі; ғылым негіздерін берік меңгеру.
Талданған оқытудың принциптері білім алушыларға берік, жүйелі білім беруге бағытталды.Оқыту принциптерін аталған педагогтардан басқа М.А.Данилов, М.Н.Скаткин зерттеді. Зерттеу қорытындылары бойынша И.П.Подласый, Т.Сабыров, т.б. оқыту принциптерінің шарттарын анықтады.
Қазіргі оқытуда саналылық, белсенділік, көрнекілік, жүйелілік, бірізділік, беріктік, түсініктілік, ғылымилық, теория мен тәжірибе бірлігі сияқты принциптер кең қолданылады. Принциптердің талаптары Педагогтің түрлі принциптерді қолдануы арқылы орындалады.
Принциптерде педагогке нақты нұсқаулар беріледі. Оларды ғылым жетістіктеріне, өмір талабына сай толықтыруға және түзетуге болады. Принциптер педагогикалық процесті реттеп отырады. Олардың талаптары принциптер арқылы жүзеге асады.
Ғылымилық принципі білім алушыларға ғылымда ашылған білімдерді меңгертуді талап етеді, сондықтан оқу жоспарлары мен бағдарламаларына ғылыми білімдер енгізіледі. Оларды меңгерту үшін пәнаралық байланыстарды қолдану керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет