Техникалық рейтингте ағымдық жұмысты бағалау мен коллоквиумда типтік тапсырмаларды орындау бағалары қосылады. Ол студенттердің типтік стандартты тапсырмаларды шешуі арқылы техникалық іскерлік және дағдыларын тексеруге қызмет етеді.
Теориялық рейтинг - аралық бақылаудың сатыларында, коллоквиумдарында жиналады және теориялық материалды игеру дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді.
Шығармашылық рейтинг - студенттердің болашақ мамандығына сәйкес шығармашылық потенциалдық дәрежесін бағалау, оның өзі лекцияға ұқсастырып, теорияларға дәлелдемелер алу, теориялық және қолданбалы мінездегі стандартты емес тапсырмаларды шешуге дағдылануды қалыптастыру үшін қолданылады. Шығармашылық рейтинг тапсырмасын орындауға тек сомалық рейтингі «жақсы» немесе «өте жақсы» деген бағаға үмітті ғана студенттер жіберіледі. Теориялық рейтингтің балын жинау аналогиялық тәсілмен техникалық рейтингтен минимум балы бар студенттер жинай алады.
Модульдік оқытудағы студенттердің білімін рейтингтік бақылау жүйесі мынадай мүмкіндіктер береді: