Лекция №1 Тақырыбы: Сараланған бiлiм берудің әдіснамалық алғы шарттары



бет12/20
Дата01.06.2022
өлшемі222,28 Kb.
#36162
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Интегративтік принципінің мәні бағдарлы сынып оқушыларының бағдарлы пән мен қолданбалы курс бойынша дайындықты өзара байланыста алу болып табылады.
Сабақтастық принципі бағдарлы сынып оқушыларының оқуларын арнайы орта немесе жоғары оқу орнында оқуын жалғастыруы үшін оларға қажет базаны тудыруға ұмтылуымен сипатталады. Кешенділік принципі таңдап алынған вариативті оқу курсының мазмұнына сәйкес пән бойынша білім мен біліктіліктердің негізгі кешенін бөліп алуды ескереді
Келісімділік принципі қолданбалы курс пен пән бойынша сабақтардың мазмұны бойынша да, зерделеу уақыты бойынша да нақты сәйкес келу қажеттігін білдіреді. Бұл оқушының қолданбалы курсты зерделеу барысында игерген білімі мен біліктілігін жақын аралықта пән бойынша сабақтарда пайдалана алуы үшін қажет.
Түсініктілік принципі оқушылардың вариативті компонент мазмұнын қабылдауға дайындығын анықтайды. Мұнда оқущылардың берілген мазмұнның оқушылардың пән бойынша игерген білімдері мен біліктіліктерімен байланысы ескеріледі.
Бағдарлы бағытталғандық принцип жүйеқұраушы болып табылады. Ол басқа принциптермен байланысқан және оларды үйлестіруші болып табылады. Дәл осы принцип берілген бағдардағы қолданбалы курс мазмұнының ерекшелігін анықтайды.  
Қолданбалы курстың мазмұнын таңдап алуда Ю.К.Бабанский тұжырымдаған жалпыдидактикалық өлшемдердің [2.] мәнділігін бағалай отырып, бағдарлы оқытудың ерекшелігі тұрғысынан оларды жеткіліксіз деп есептейміз, сондықтан оларды бағдарлы саралаудың мәнділігін айқындайтын өлшемдермен толықтыруды қажет:
1. Оқушылардың зерделенетін материалға қызығушылық таныту өлшемі. Сондықтан оқушылардың таңдап алған бағдарға оқушылардың ынталануын қолдап отыру қажет.
2. Білім мазмұнының әлеуметтік мәнділік критерийі. Қолданбалы курс оқушылардың проблемаларды шеше алу және ақпараттық сияқты құзыреттіліктерді қалыптастыру мақсатын көздейді.
3. Білім мазмұнының қолданбалы бағытталғандық критерийі. Бұл өлшем сабақтарда оқушылардың өзіндік, практикалық жұмысына арналған мазмұн ауқымын арттыруды негіздейді. Оқу материалы әр түрлі аспектілердегі оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыратын біліктіліктер мен дағдыларды практикалық тұрғыдан шыңдауды ұйымдастырады, сондықтан оқу материалының іс-әрекеттік сипаты болуы тиіс.
4. Мамандыққа бағдарлану критерийі. Бұл критерий болашақ кәсіби қызмет туралы элементар түсінікті қалыптастыру үшін негіз болып табылатын мазмұнды таңдап алуды талап етеді.
5. Таңдап алған пән бойынша мемлекеттік стандарт мазмұнына сәйкес келу критерийі. Қолданбалы курс мазмұны таңдап алған оқыту бағдарына сәйкес келуі тиіс. Осыған байланысты мазмұнды таңдап алу бағдарлы пәнді тереңдету немесе кеңейту тұрғысынан жүзеге асырылады, ал бұл өз кезегінде бағдар құрылымдағы вариативті компоненттің орнын анықтауды талап етеді.
Қорыта айтқанда, мектептің жоғары сатысындағы қолданбалы курс мазмұнын кешенді түрде көре алу және оны жоспарлай алу оқушылардың болашақ мамандығын анықтай алуларына көмек болып табылады. Ал бұл өз кезегінде оқушыларды әлеуметтендіруге, олардың орта және жоғары кәсіби білім беру ұйымдарында оқуларын ойдағыдай жалғастыруларына себептесетін болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет