Лекция №1 Тақырыбы: Сараланған бiлiм берудің әдіснамалық алғы шарттары



бет11/20
Дата01.06.2022
өлшемі222,28 Kb.
#36162
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТТЕР ТІЗІМІ:
1. Усова А.В., Бобров А.А. Формирование учебных умений и навыков учащихся на уроках физики. – М.: Просвещение, 1988. – 112 с.


Лекция №9


Тақырыбы: Бағдарлы оқытудағы дидактикалық проблема ретіндегі вариативті компонент оқу курстарының мазмұнын құру ерекшеліктері

Қазіргі уақытта жоғары сыныптарда бағдарлы оқытуға көшуге байланысты оқушылардың өзіндік әлеуетін анықтау проблемасының өзектілігі артып келеді. Бағдарлы оқыту білім беру саласындағы маңызды бағыт ретінде педагогикалық ғылым мен тәжірибеде оқушылардың әрі қарай оқуын таңдауға әсер етеді. Сондықтан жоғары сыныптарда бiлiм мазмұнын бағдарлы саралауға және оқушыларды кәсіби бағдарлауға себептесетін вариативті компонент оқу курстарының маңызы ерекше.


Мұғалім әрбір оқушыға онымен кеңесе отырып, тапсырма береді және оқушы оны өзіндік график бойынша орындағаны тиімді болады. Бұл жағдайда мұғалім дәріскерден сұхбаттасушыға, кеңес берушіге, ал сабақ талқылауға, пікір-сайысқа, тәжірибелік жұмыстарды өткізуге айналады.
Қолданбалы курстардың келесі типтерін шартты түрде бөліп көрсетуге болады (пәндік бағдарланған, пәнаралық, кәсіби бағдарланған) [ 1]:
1. Пәндік қолданбалы курстар, оның мақсаты мектептің оқу жоспарына кіретін пәндер бойынша (мысалы, физика) білімді тереңдету.
2. Пәнаралық қолданбалы курстар, олардың мақсаты оқушылардың табиғат туралы білімдерін тереңдету.
Пәндік қолданбалы курстарды бірнеше топқа бөлуге болады: а) көтеріңкі деңгейдегі қолданбалы курстар, бағдарлы курспен тақырыптық та, өткізілу уақтысы бойынша да келісілген пәнді тереңдетіп оқытуға бағытталған курс. Мұндай курс пәнді тереңдетіп оқытуға мүмкіндік береді;
ә) қолданбалы арнайы курс, мұнда пәннің жеке бөлімдері тереңдетіліп оқытылады.
3. Кәсіби бағдарланған қолданбалы курстар, олардың мақсаты —оқушылардың пән негіздерінен игерілген білімдерін тәжірибеде қолд



Курс түр-лері

Қолданбалы курстардың атқаратын білім беру міндеттері

Қолданбалы курстардың функциялары

Қолданбалы курстардың мысалдары

Пән-дік бағдарлан-ған

– оқушының бағдарлы пәнге қызығушылығын арттыруға мүмкіндік туғызу;
– оқушының бағдарлы пәнді жоғары деңгейде игеруіне дайындығын және қабілеттілігін анықтау;
– оқушының әрі қарайғы оқуын жалғастыруы тұрғысынан таңдап алған бағдарының дұрыстығына сенімділігін арттыруға көмектесу.



– базалық және бағдарлы пәндер бағдарламаларының кейбір жеке тақырыптарын тереңдету;
– жалпыбілімдік бағдарламаны оның аясынан тыс тақырыптарды зерделеу есебінен кеңейту;
– бағдарлы пәндер бойынша оқудағы жетіспеушілікті компенсациялау;
– бағдарлы пәндер бойынша бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындық.

– «кванттық механика элементтері»
– «Максвелл теңдеулері»
– «гидро- және аэроди-намика»
– «физикалық есептерді шығару»
– салыстырмалылықтың арнайы теориясы
– «физика тарихы» және т.б.

Пәнара-лық

– жоғары сынып оқушысына таңдап алған бағдарының дұрыстығына сенімділігін арттыруға көмектесу;
– оқушыларды бағдарлы оқытуды анықтайтын пәндер циклі бойынша білімнің синтезін талап ететін әрекет түрлерімен және кешенді проблемалармен таныстыру.



– қазіргі кездегі кешенді проблемаларды зерделеу;
– пәндер цикліне қатысты құзырлар-мен қарулану және іс-әрекет түрлерін игеру;
– игерілген түсініктерін әлемнің біртұтас бейнесіне интеграциялау.

- «физика, тарих, өнер: тоғысулар және өзара әрекеттесу»
– «биофизика негіздері»
– « жаратылыстанудағы эксперименттер»;
– «химиялық физика элементтері»

Кәсі-би бағдарлан-ған

– қазіргі заманғы мамандықтар саласына бағдарлау үшін негіз құру;
– оқушыларды кеңінен таралған мамандықтарға сәйкес келетін іс-әрекет түрлерінің ерекшеліктері таныстыру;
– нақты оқыту бағдарына оқушының мотивациясын қолдап отыру.



– кәсіби бағдарлану;
– нақты кәсіби бағдарға тән құзыр-лармен қарулану;
– «кәсіби сынақ».

–«ғарыш физикасы»
– «радиофизика негіздері»
– «физика және компьютер»
– «техника және қоршаған орта»
– «толқындық оптика»
– «құрылыс материалдары физикасы» және т.б.

Қолданбалы курсты оқытудың мақсаттары, біріншіден, жоғары сынып оқушыларын кәсіби бағдарлау, екіншіден, олардағы қалыптасқан білімдері мен түсініктерін әлемнің біртұтас жүйесіне интеграциялау, үшіншіден, бағдарлы пәндерді оқытудың тиімділігін арттыру және негізгі пәндік және қолданбалы курстар арасындағы сабақтастықты орнықтыру болып табылады. Бұл мақсаттардан, мысалы, келесідей нақты міндеттер туындайды:


1) мұғалім үшін – ұсынылатын курстың мазмұндық аяларын анықтау және нақты сыныпқа қатысты оқытудан күтілетін нәтижелерді анықтау;
2) оқушы үшін – әр түрлі ақпарат көздерінен арнайы мәліметті ала білу және оны жүйелей алу.
Сонымен қолданбалы курстарды оқыту мақсаттары оқытуды даралауға және оқушыларды әлеуметтендіруге, олардың болашақ кәсіби қызмет аясын саналы әрі жауапты таңдап алуға бағыттау болып табылады. Мақсаттар келесі міндеттерге бөлінуі мүмкін және олар:
–оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне сүйене отырып, олардың танымдық мүмкіндіктерін дамытуы;
– оқу курсының практикалық бағытталғандығын сақтай отырып, зерделенетін материалдың өмірмен байланыстырылуы;
– қолданбалы курс бағдарламасының білім берудің келесі деңгейлеріндегі оқыту мазмұнымен сабақтастықты ескеруі;
– жоғары сынып оқушыларының іргелес пәндер үшін жалпы болып табылатын элементар біліктіліктермен қарулануын қамтамасыз етуі тиіс.
Әрбір мақсаттың өзара байланысы мен өзара кірігуі вариативті компоненттің білім мазмұны мен құрамын қалыптастырады. Жоғары сыныптардағы қолданбалы курс мазмұнын мақсатты толтыру:
– қазіргі кездегі түйінді проблемаларды зерделеу;
– болашақ кәсіби қызметке бағдарлану;
– танымдық, ұйымдастырушылық дағдыларды жетілдіру;
– базалық білім мазмұнны толықтыру және жетілдіру;
– бағдарлы пәндер бойынша оқытуда жіберілген кемшіліктерді компенсациялау арқылы жүзеге асады.
Негіздер ретінде қолданбалы курстың мазмұнын түзуді анықтайтын дидактикалық принциптер жатады. Қолданбалы курсты оқыту мақсаттары мен міндеттерін теориялық тұрғыдан негіздеу бағдарлы саралау жағдайындағы оның мазмұнын таңдап алу үшін қажет негізгі принциптер мен өлшемдерді айқындап алуға мүмкіндік туғызды.
Бағдарлы саралау жағдайында алдыңғы шепке жоғары сыныптардағы оқытудың мәнін сипаттайтын интегративтік, кешенділік, сабақтастық, келісімділік, түсініктілік және бағдарлы бағытталғандық принциптері шығады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет