Оқушылардың ғылыми ойлау стилiн дамыту. Мектеп жағдайында белсендi, дербес, мәдениеттi тұлғаны қалыптастыру талабынан туындайтын қоғамның әлеуметтік тапсырысы педагогикалық қауымдастықтың бiлiм мазмұнына да, оқытудың әдiстерi мен тәсiлдерi жүйесiне де қатынасын өзгерттi. Егер осыдан бұрынырақ бiлiм мазмұнының шығармашылық тәжiрибенi, дүниеге эмоционалды- құндылық қатынас тәжiрибесiн жеткiзу сияқты компоненттерiнiң рөлi жеткiлiктi дәрежеде бағаланбаса, ендi олар оқушы тұлғасын дамытуда маңызды мәнге ие бола бастады. Сонымен қатар оқушының тұлға ретінде дамуы үшiн ол оқу-тәрбие үдерісінің объектiсiнен өзiнiң дербестiлiгiн көрсететiн және мұғалiммен белсендi қарым-қатынас жасайтын субъектiге айналуы тиiс. Ал оқушы тұлғасының дамуы, ең алдымен, оның ой-өрісін, яғни ғылыми ойлау стилiн дамытуды ескередi.
В.Н.Мощанский, В.В.Мултановский және т.б. зерттеулерiнде ғылыми ойлау стилi ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың iргетасы ретiнде қарастырылады. Ғылыми ойлау стилi құрамына танымның негiзгi әдiстерi енетiн бiлiмдi қисынды құру принциптерiнiң жүйесi. Әлемнiң жаратылыстану-ғылыми бейнесiнiң (ӘЖҒБ) әдiснамалық негiзi ретiнде ойлау стилi ғылымда келесi мiндеттердi атқарады: ӘЖҒБ-іне енетiн әр түрлi теориялардың ұғымдық аппаратын үйлестiредi; ӘЖҒБ-інiң негiзi ретiнде бастапқы принциптердi анықтайды; ӘЖҒБ-інiң логикалық қайшылықта болмауын және бiрлiгiн қамтамасыз етедi. Жаратылыстану ғылымдарының тарихи даму барысында әлемнiң жаратылыстану-ғылыми бейнесiнiң алмасуымен ойлау стилi де эвлюцияға ұшырайды. Қазiргi кездегi ойлау стилiнiң ерекшелiгi ӘҒЖБ-нiң динамикалық заңдылықтардан статистикалық заңдылықтарға өтуiмен; себеп-салдарлық байланыстардың ықтималдық сипатының анықталуымен; микродүниені сипаттау үшiн жаңа модельдердi құру қажеттiлігiмен және т.б. байланысты. Ғылыми ойлаудың негiзгi атрибуты диалектикалық логика. Алайда оның құрамына оқушылардың формаль-логикалық ойлау стилiн қалыптастыруды көздейтiн салыстыру, анализ, синтез, қорытындылау және т.б. сияқты функциялар кiредi.
В.Н.Мощанский еңбегінде [7.] ғылыми ойлау стилiне қатысты негiзгi деген белгiлер бөлiп көрсетiлген, оларға:
1) құбылыстың, объектiнiң бiр мезгiлде диалектикалық қарама-қарсы қасиеттерiнiң бар болу мүмкiндiгiн түсiну және диалектикалық қарама-қайшылықтарды қолдана алу бiлiктiлiгi;
2) құбылыстардың өзара байланыстылығын, өзара тәуелдiлiгiн түсiну және бұл байланыстарды айқындай алу және талдай алу;
3) құбылысты немесе объектiнi дамуда, үнемi қозғалыста қарастыра алу бiлiктiлiгi;
4) бiлiмнiң нақтылығын, белгiлi бiр жағдайдағы оның ақиқаттығын түсiну;
5) сапалық және сандық байланыстардың өзара байланысын түсiну;
6) терiске шығару көрiнiс табатын ғылыми бiлiмдi дамуда көре бiлу бiлiктiлiгi.
Оқушылардың ғылыми ойлау стилiн дамытудың маңызды шарттарының бiрi табиғат құбылыстарының өзара байланысы, өзара тәуелдiлiгi болып табылады. Құбылыстардың өзара байланысы, өзара тәуелдiлiгi туралы айта отырып, жаратылыстану пәндерін оқыту барысында оқушыларды өзара байланыстылықтың сыртқы көрiнiс табуын ғана емес, құбылыстар мен үдерістердiң iшкi, мәндiлiк өзара байланысын көре бiлу бiлiктiлiгiне үйрету қажет.
Жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру үшін бұл цикл пәндерін тығыз байланыста оқытуды жүзеге асыру қажет, сондықтан зерттеуде жаратылыстану пәндерінің пәнаралық байланысына тоқталатын боламыз.
Оқушыларды дүниетанымдық сипаттағы қорытындылар жасай алуға бағыттау үшiн мұғалiмнiң өзiнiң сәйкес дүниетанымдық байлығы болуы және пән арқылы ғылыми дүниетанымды қалыптастыруға мүмкiндiк беретiн арнайы технологиямен қарулануы тиiс. Сонымен қатар ғылыми дүниетанымды қалыптастыруға бағытталған пән құралдары (жаттығулар, тапсырмалар, есептер, сұрақтар) болуы қажет. Дүниетанымның қалыптасу көрсеткiштерiне әр түрлi iс-әрекет түрлерiнде көрiнiс табатын бiлiм, көзқарас, сенiмдер (дүниетаным құрылымдары) жүйесi, өзiнiң бiлiмi мен iс-әрекетiн жетiлдiру қабiлеттiлiгi жатады. Сондықтан дүниетанымның құрылым элементтерiнiң қалыптасуын оқушылардың дайындық деңгейiн қорытынды тексеру кезiндегi тапсырмалар мен сұрақтарда ескеру қажет.