Лекция №1 Тақырыбы: Сараланған бiлiм берудің әдіснамалық алғы шарттары



бет4/20
Дата01.06.2022
өлшемі222,28 Kb.
#36162
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Пайдаланылған әдебиет тізімі:
1. Базисный учебный план общеобразовательной школы РК.– Алматы, РОНД, 2002. – С. 15-23
2. Теоретические основы содержания общего среднего образования. /Под. ред. В.В.Краевского, И.Я. Лернера. –М.: Педагогика, 1983. –352с.
3. Дидактика средней школы: Некоторые проблемы современной дидактики. /Под ред. М.Н.Скаткина, изд-е 2-ое, переработанное и дополненное. –М.:Просвещение, 1982. –319с.
4. Лернер И.Я. Дидактические основы методов обучения. – М.:Педагогика, 1981. –186с.


Лекция №4
Тақырыбы: Бiлiм берудің жаңа парадигмасы тұрғысынан жаратылыстану пәндерінің мазмұнын таңдап алудың факторы ретіндегі оқыту мақсаттары
Оқыту мақсаттары оқу үдерісінің маңызды компонентi болып табылады, оның қалай анықталуынан және берiлуiнен оқыту үдерісінің тиiмдiлiгi байланысты болады. Сондықтан оқыту мақсаттары маңызды дидактикалық проблемалардың қатарына жатады. Жалпы бiлiм берудiң мақсаттары қоғамның мектепке қоятын әлеуметтік тапсырысынан туындап, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына және оған сәйкес келетiн әлеуметтік тапсырыстың өзгеруiне байланысты өзгерiп отырады.
Жаңа бiлiм беру парадигмасы тұрғысынан жаратылыстану пәндерінен бiлiм беру мақсаттарын анықтаудың алдында жалпы бiлiм беру мақсаттарының құрылымдық ерекшелiктерiне тоқталып өтейiк.
1) әлеуметтік аспект —жалпы бiлiм беруге қойылатын талаптарды және әлеуметтік институт ретiндегi оның функцияларын сипаттайды;
2) тұлғалық аспект — тұлға құрылымы теориясында бөлiнетiн оның жақтарының дамуы көзқарасы тұрғысынан бiлiм беру мақсаттарын қарастырады.
Осылай, қазiргi кезде елiмiздегi жалпы бiлiм берудiң жалпы мақсаттары ретінде жалпы білім беру бойынша маңызды стратегиялық құжаттарда тұлғаның жан-жақты дамуы және оның өзiндік әлеуетін анықтауы үшiн ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды үйлестiру негiзiнде қолайлы жағдайлар туғызу қажеттігі көрсетіледі. Жаратылыстану пәндеріне қатысты оқыту мақсаттары жалпы бiлiм беру мақсаттарынан анықталып, пән деңгейiнде, әрi қарай оқу материалы деңгейiнде нақтыланады. Сондықтан оқу пәні деңгейінде де білім беру мақсаттары әлеуметтік тәжірибе тұрғысынан, одан кейін тұлға дамуы тұрғысынан қарастырылуы тиіс.
Кең мағынада алғанда, қоғамсыз тұлға болмайды, әрбір адам тұлға ретінде қоғамда, ұжымда қалыптасады және басқа адамдармен қарым-қатынас жасауда байқалады. Тұлға – сананы сақтаушы және тасымалдаушы адам [1.]. Біз әрі қарай тұлға ұғымын осылай анықталған кең мағынада қолданатын боламыз, педагогикада да осы тұрғыдан қарастырылады, бұл жеке тұлғалық та, әлеуметтік те енетін мақсаттардың кеңінен қарастырылуынан туындайды.
Тұлға құрылымының статикалық жүйесiне компоненттердiң үш тобы енеді:
тұлға тәжiрибесi, психиканың функционалдық компоненттерi, тұлғаның типологиялық қасиеттерi. Ал тұлға құрылымының екiншi жүйесi оның
динамикасы болып табылады: iс-әрекет және тұлғаның уақыт бойынша өзгеруi (дамуы). В.С.Леднев бiлiм мазмұны жеке тұлға қалыптасуының үшбiрлiктi үдерісiн: тәжiрибенi меңгеруді, тәрбиелеуді, дамытуды қамтамасыз етедi деп есептейдi. Оқушылардың оқу iс-әрекетi үдерісінде жүзеге асырылатын тұлғаның немесе қоғамның құндылық бағдарлары оқыту мақсаттары арқылы жүзеге асады. Бiрiншi жағдайда әрбiр оқушы жеке тұлға ретiнде оқу iс-әрекетi барысында өзiне мақсаттар қойып, оларды жүзеге асырады, ал қоғам мақсаттары әлеуметтік тапсырыс арқылы жүзеге асады. Сондықтан оқыту мақсаттарын оқу пәні деңгейде анықтау үшiн мақсатты бағдарларды ескеру қажет. Инвариантты жеке тұлға сапасы (танымдық сапа, жеке тұлға бағытталғандығы, еңбек ету сапалары, коммуникативтi, эстетикалық сапалар); түрлерiнiң жалпылық дәрежесiне қарай сараланатын (жалпы және арнайы бiлiм, қолданбалы бiлiм) пәндiк iс-әрекет тәжiрибесi; психологиялық белгiлерi (бiлiм, бiлiк, дағды) бойынша сараланатын жеке тұлға тәжiрибесi, шығармашылық белгiлерi (қайта жаңғырту және шығармашылық) белгiлерi бойынша сараланатын жеке тұлға тәжiрибесi. Жаратылыстану ғылымдары қоршаған әлем туралы ғылымдар ретiнде оқушылардың дүниетанымын, жалпы ғылыми көзқарастарын, сенiмдерiн, адамгершiлiк сапаларын қалыптастырады. Жеке тұлға сапаларының бұл
элементтерi оқытудағы тәрбие беру мiндеттерiн шешу үдерісiне енедi. Оқыту және дамыту мiндеттерi оқушылардың:
а) табиғатта, техникада, тұрмыста туындап жататын үдерістер мен құбылыстардың мәнiн түсiнуi үшiн және бiлiмдерiн жалғастыру үшiн қажет ғылыми бiлiмдерi мен бiлiктiлiктерiн қалыптастыру мен дамыту;
ә) қазiргi заманғы іргелі теориялардың негiздерiнен, әлем бейнесiнен (деректер, ұғымдар, принциптер, болжамдар, заңдар және т.б.) бiлiмдерiн қалыптастыру;
б) жаратылыстану ғылымының тiлiн танып-бiлу, табиғаттағы және техникада бақыланатын құбылыстарды жүйелей алу бiлiктiлiктерiн қалыптастыру;
в) өлшеуiш құралдарды қолдана алу практикалық бiлiктiлiктерiн, оларды өз бетiнше тәжiрибелер, зерттеу жұмыстарын жүргiзуге қолдану арқылы шешiледi.
Оқытудың дидактикалық мiндеттерi мен iс-әрекеттiк жүйе компоненттерi жоғарыда атап өткенiмiздей, функционалдық байланыста болады. Оқыту мiндеттерiнiң өзгеруi пән мазмұнының компоненттерiнiң ғана емес, оқыту үдерісінің де едәуiр өзгерiстерiне әкеледi.
Жалпы бiлiм беретiн мектептiң жоғары сыныптарына қатысты жаратылыстану пәндерін оқыту мақсаттарын жалпы (тәрбиелiк және дидактикалық), жеке (пәндiк) және арнайы (кәсiптiк бағытталған) деп жiктеуге болады, ал олар, өз кезегiнде, пән мазмұнын анықтаудың негiзгi факторы болып табылады. Бағдарлы сыныптарға (мысалы, физика- математикалық, гуманитарлық) арналған оқыту мақсаттарын саралау, бұл бағдарларда оқытудың әр түрлi кәсiби мәндiлiгiн де анықтайды.
Жаратылыстану пәндерін оқыту нәтижелерi iс-әрекеттiк және тұлғалық-бағдарланған тұрғыдан қарауды жүзеге асыруда; оқушылардың интеллектуалдық және практикалық iс-әрекетпен қарулануында; қоршаған дүниеде бағдарлана алуы үшiн күнделiктi өмiрде қажет бiлiм мен бiлiктiлiктермен қарулануында көрiнiс табатын болады.
Жаратылыстану пәндерін оқыту бойынша бұл мақсаттарды сипаттамалық түрде көрсеттік, алайда олар оқушыларда қандай нақты білімдер және қандай деңгейде қалыптасуы тиіс деген сұраққа жауап бермейді. Бұл сұраққа мақсаттардың күтілетін нәтижелер тұрғысынан берілуі жауап бере алады. Оның үстіне тұлғаның жалпы мәдениетiн қалыптастыруға бағытталған мектепте бiлiм берудiң қазiргi кездегi даму кезеңiнде оқушылардың жалпы оқу бiлiктерi мен дағдыларын, әмбебап iс-әрекет тәсiлдерi мен түйiндi құзыреттіліктерін қалыптастыру ескеріліп отыр. Сондықтан оқыту мақсаттарын күтілетін нәтижелердің көп деңгейлі жүйесі арқылы сипаттау маңызды болып табылады.
Кесте 1. − Жаратылыстану пәндерін оқытудың жалпы мақсаттары

Жалпы бiлiм беру мақсаттары

Пән негіздерін оқыту мақсаттары

Алдыңғы буын тәжiрибесiн меңгеру

Пән негiздерiнен бiлiммен қаруландыру: деректер, ұғымдар, теориялар, әлемнiң жаратылыстану-ғылыми бейнесi.
Жаратылыстану пәндері арқылы таным әдiстерi туралы бiлiммен қаруландыру.
Техниканың ғылыми негiздерi мен ғылыми-техникалық прогрестiң негiзгi бағыттары туралы бiлiммен қаруландыру.
Эксперименттiк бiлiктiлiктi, құбылысты түсiндiре алу, есептер шығара алу бiлiктiлiктерiн қалыптастыру.
Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру.
Жаратылыстану ғылымдарының қоғам өмiрiндегi рөлi, жеке ғылым дамуының қоғам, техника, басқа ғылымдар дамуымен байланысы туралы түсiнiктi қалыптастыру.
Практикалық iс-әрекетке және кәсiптi таңдап алуға дайындық

Психиканың функционалдық тетіктерін дамыту

Ой-өрiстi, қабылдауды, жадты (ес), тiлдi дамыту өзiнiң iс-әрекетiн бақылай мен бағалай алу дағдысымен қарулану, өзiнiң iс-әрекетiнiң мүмкiн нәтижелерiн көре бiлу бiлiктiлiгiмен қаруландыру.
Оқу iс-әрекетiн ұйымдастыра алу: мақсат қоя алу, жоспарлау, мақсат пен құралдардың тиiмдi қатынасын анықтай алу; алынған нәтижелердi бағалай алу, өзiнiң iс-әрекетiн ұйымдастыра алу, топта (ұжымда) бiрлесiп жұмыс iстей алуды дамыту.

Жеке тұлғаның жалпыланған типологиялық қасиеттерiн дамыту

Дербестiлiктi қалыптастыру. Жалпы қабiлеттiлiктi дамыту. Қоршаған дүниенi эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу.
Нақты дүниеге эмоционалды-құндылық қатынасты қалыптастыру: ғылымды әлеуметтік-тарихи шығармашылық ретiнде түсiну, ғылым жетiстiктерiн бағалай алу, адамгершiлiк проблемаларының ғылымдағы және экологиялық проблемалардың қазiргi дүниедегi орнын түсiну.

Оң дара қасиет-тердiң дамуы

Жаратылыстану пәндерін оқып-үйренуге қабiлеттiлiктi, пәнге қызығушылықты дамыту, интеллектуалдық және практикалық iс-әрекетпен қаруландыру; қоршаған дүниеде бағдарлана алуы үшiн күнделiктi өмiрде қажет болатын бiлiм мен бiлiктiлiктермен қаруландыру; кәсiби таңдау, оның iшiнде кәсiби бiлiм беру жүйелерiнде оқуын әрi қарай жалғастыруға дайындықты қоса алғандағы проблемаларды шеше алу қабілеттілігін дамыту.



Құзыреттілік жалпы бiлiм беру мен кәсiптiк бiлiм беру нәтижелерiндегi және жаңа заман талаптарының арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған әлемдiк бiлiм беру жүйесiнiң алған бағыты болып табылады. Бiлiм беруге құзыреттілік-бағдарланған тұрғыдан қарау бiлiмдiк базаны және бiлiм мен бiлiктер кешенiн, сондай-ақ функционалдық сауаттылық элементтерiн қалыптастыру қажеттiгiн терiске шығармайды, мұнда интеграцияланған
нәтижеге – игерген білімдерін өмірлік жағдаяттарға қолдана алу туралы айтылады.
Сонымен қазiргi кездегi бiлiм берудiң жетекшi идеясы бiлiм берудiң нәтижелiк құраушысын жеке тұлға дамуының жоспарланатын нәтижесiмен үйлестiру болып табылады. Осылай, нақты тәжiрибеде құзыреттілік тұрғыдан қарау өзектi мәнге ие болуда. Қазіргі кезде құзыреттіліктің бірыңғай сипаттамасы да, адамда қанша және қандай құзыреттіліктер қалыптасуы тиіс екендігі туралы да бірыңғай көзқарас жоқ деуге болады.
Құзыр дегенiмiз – алдыға қойылған мақсатқа жету үшiн субъектiнiң өзiнiң iшкi және сыртқы қорларын ұйымдастыра алуға дайындығынан көрiнiс табатын бiлiм беру нәтижесi. Құзыреттілік – игерген бiлiм негiзiнде әрекет ету қабiлеттiлiгi. Бiлiм, бiлiк, дағдыларға қарағанда құзыреттілік әмбебап бiлiм негiзiнде өзiндiк iс-әрекет тәжiрибесiн жүзеге асыруды ескередi. Құзыреттілік тұрғыдан қарау оқушылардың игерген бiлiмдерiн практикалық, танымдық, құндылық бағдарланған және коммуникативтi мiндеттердi шешу үшiн қабiлеттiлiгiн айқындау қажеттiгi ретiнде анықталады [2.].
Қорытындылай келе, құзыреттілік деп жеке тұлғаның игерген білімін, оқудағы және өмірлік тәжірибесін, құндылықтар мен бейімділіктерін пайдалана отырып, нақты өмірлік жағдаяттарда туындайтын проблемалар мен күнделікті мәселелерді шешудегі қабілеттілігін анықтайтын интегралдық сипаттама ретінде анықтайтын боламыз.
Қазіргі заманғы өзгермелі әлеуметтік-экономикалық ақпараттық қоғамдағы тұлғаға қойылатын талаптарды қанағаттандыратын білім берудің жаңа сапасына жету іс-әрекеттің белгілі бір аясында құзыреттілікке жетумен байланыстырылады. Құзыреттілік – тұлғаның интегралдық қасиеті, ол тұлғаның оқудағы және өмірлік тәжірибесі, құндылықтары мен бейімділігін пайдалана отырып, нақты өмірлік жағдаяттарда туындайтын проблемалар мен әдеттегі мәселелерді шеше алуға қабілеттілігін анықтайды. Ақпараттық қоғамдағы адамның өзін өзі анықтай алуы — адамның өзін өзі, өзінің жеке тарихын құрудағы өзіндік кезеңі, ол жеке шешім қабылдай алудан, құндылыққа бағдарлана алудан, өмірлік жоспарларға байланысты болады.
Жаратылыстану пәндерін оқытуда келесi құзыреттіліктердің қалыптастырылуын атап көрсетеміз:
1) проблемаларды шеше алу құзыреттілігі:
− өзiнiң iс-әрекетiн бақылай мен бағалай алу дағдысымен, өзiнiң iс-әрекетiнiң мүмкiн нәтижелерiн көре бiлу бiлiктiлiгiмен қарулану;
−оқу iс-әрекетiн ұйымдастыра алу: мақсат қоя алу, жоспарлау, мақсат пен құралдардың тиiмдi қатынасын анықтай алу;
−қоршаған дүние құбылыстарының мәнiн, себебiн, өзара байланысын сәйкес жаратылыстану әдiстерiн пайдалана отырып түсiндiре алу: бақылау, өлшеу, эксперимент, модельдеу; деректердi, болжамдарды, себептердi, дәлелдеулердi, заңдарды, теорияларды ажырата алу;
− теориялық және эксперименттiк есептердi шешу үшiн барабар тәсiлдермен қарулану; белгiлi деректердi және ұсынылатын болжамдарды
эксперименттiк тексеру үшiн болжамдар ұсына алу тәжiрибесiмен қарулануға ықпал етеді;
2) ақпараттық құзыреттілік:
−әр түрлi ақпарат көздерiн танымдық және коммуникативтi есептердi шығару үшiн қолдана алуды;
−ой елегінен өткізілген ақпарат негізінде саналы шешім қабылдай алуға;
− өз бетінше мақсат қоя білуге және оны негіздей алуға, осы мақсатқа жете алу үшін танымдық қарақетті жоспарлай алуға және жүзеге асыра алуға;
−ақпаратты, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативті технологияларды қолдана отырып, өз бетінше ақпаратты таба алуға, талдай алуға, таңдап, түрлендіре алуға және ақпаратты жеткізе алуға,
− логикалық операцияларды (анализ, синтез, қорытындылау, құрылым түзу, тікелей және жанама дәлелдей алу, үлгі бойынша дәлелдей алу, модельдеу, ойша эксперимент, материалды жүйелей алу,) қолдана отырып, ақпаратты өңдей алуға мүмкіндік береді.
3) коммуникативтік құзыреттілік:
− монологтық және диалогтық сөйлей алу. Сұхбаттасушыны түсiне алу және басқа көзқарасты мойындай алуға қабiлеттiлiк;
− қазақ және өзге тілдердегі коммуникация құралдарын нақты өмірлік жағдаяттарға қолдана алу үшін пайдалана алуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет