Лекция №1 Тақырыбы: Сараланған бiлiм берудің әдіснамалық алғы шарттары



бет5/20
Дата01.06.2022
өлшемі222,28 Kb.
#36162
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Пайдаланылған әдебиет тізімі:
1. Леднев В.С. Содержание образования: Учебное пособие. – М.:Высшая школа, 1989. –360 с.
2. Зимняя И.А. Ключевые компетенции – новая парадигма результата образования. //Высшее образование сегодня. –2003. –№5. – С. 34-42
Лекция №5,6
Тақырыбы: Жаратылыстану пәндерін оқытуда оқушылардың танымдық қабілеттіліктерін дамыту

Жаратылыстану ғылымдары қоғам дамуының барлық тарихи кезеңдерiнде табиғат заңдары туралы бiлiм жүйесi ретiнде дүниетанымның қалыптасуына, көптеген философиялық iлiмдердiң туындауына ықпал еттi. Жаратылыстану ғылымдары зерттеулерінде бiздi қоршаған дүниенi ғылыми танып-бiлудiң жалпы әдiстерi қалыптасты және олар басқа ғылымдар мен адам қызметiнiң қолданбалы салаларында қолданысын тауып отырды.


Жаратылыстану пәндерін оқытудың әдiснамалық деңгейiн жетiлдiруге ҚР Бiлiм берудiң мемлекеттiк стандарты (2002 ж.) мен оқу бағдарламаларында елеулi орын бөлiнген, сондай-ақ бұл пәндер бойынша жаңа буын оқулықтарында да ғылыми танымның жалпы формалары мен әдiстерiнен мәлiметтер берiлiп, олардың беташар курсында «Табиғатты ғылыми танып-бiлудiң ерекшелiктерi» арнайы тарауы арналған. Алайда жаратылыстану пәндерін оқытудың әдiснамалық деңгейiн жетiлдiру проблемасын талдау пән мазмұнында әдiснамалық бiлiмдi дидактикалық жүйенiң бiрлiгi ретiнде қарастырылу проблемасы жеткiлiктi дәрежеде шешiмiн таппағанын көрсетедi. Сондықтан жаратылыстану пәндерінде әдiснамалық материалдың ара-кiдiк қамтылуы орын алып отыр. Сондықтан жаратылыстану пәндерінен бiлiм беру мақсаттары мен оқытудың жалпыдидиактикалық талаптарын ескере отырып, пәндерді оқытуда қалыптастырылатын әдiснамалық бiлiмдер кешенiне: материяның категориялары, оның атрибуттары (кеңiстiк, уақыт, қозғалыс); түрлерi (зат және өрiс), материялық жүйелер кластары (элементар бөлшектер, вакуум, ғалам және т.б.), қозғалыс түрлерi; Әлемнiң материалдық бiрлiгi, Әлемнiң жаратылыстану-ғылыми бейнесiнiң эволюциясы туралы бiлiм; шығармашылық iс-әрекет ретiндегi жаңа бiлiмнiң алынуы мен дәлелденуi туралы қағидалар; танымның эмпирикалық және теориялық деңгейлерi; танымның жалпығылыми және жалпылогикалық әдiстерi (салыстыру, жiктеу, қорытындылау, индукция, дедукция, бақылау, тәжiрибе, эксперимент, модельдеу, аналогтау, болжам ұсыну және оны дәлелдеу, ойша эксперимент, логикалық, статистикалық, динамикалық, жүйелiлiк тұрғыдан қарау), сондай-ақ модельдер арқылы сипатталатын қолданыстар енуi қажет.
Әдiснамалық бiлiмнiң қалыптасуы абстрактiлi және логикалық ойлаудың дамуына байланысты. Абстрактiлi-логикалық ойлауды танымның психологиялық үдерісi ретiнде анықтауға болады, ол себеп-салдарлық байланыстар арқылы объектiнiң жеке қасиеттерiн және белгiлi бiр жүйелiлiктiң пайдаланылуын ескередi. Жаратылыстану ғылымдарындағы абстракциялау, аналогтау, модельдеу, болжам жасау, ойша эксперимент жасау және олардың қолданыстары сияқты маңызды таным әдiстерi абстрактiлi-логикалық ойлауға байланысты.
Оқу пәнiнiң мазмұны дүниетанымды қалыптастырудың iргетасын құрайды, оған сәйкес ғылым мазмұнының негiздерiнен, сонымен қатар қосымша бiлiмдер жүйесi (ғылымаралық бiлiмдер, тарихи-ғылыми, бағалау) кiредi. Дәл сол қосымша бiлiмдер жүйесi жаратылыстану пәндерi мазмұнының дүниетанымдық бағытталуын жүзеге асыру үшiн қажет. Сонымен бейтарап пәндiк бiлiмнiң дүниетанымдық бiлiмге өтуi және көзқарастың қалыптасуы әдiснамалық бiлiм арқылы жүзеге асады. Оқу үдерісіндегi әдiснамалық бiлiмнiң мұндай рөлi оның өзiнiң сипатымен – таным құралын атқаруынан туындайды.
Дүниетаным құрылымына қатысты көзқарастарды талдай келе, бiз оның үш компонентiн қарастыруды ескерiп отырмыз. Дүниетанымды қалыптастырудың iргетасы ретiндегi әлемнiң жаратылыстану-ғылыми бейнесi; жаратылыстанудағы ғылыми таным үдерісi; ғылыми ойлай алу стилi.
Әлемнiң жаратылыстану-ғылыми бейнесi. Әлемнiң жалпы бейнесiн құру – барлық бiлiм салаларының мiндетi. Әлемнiң жаратылыстану-ғылыми бейнесi (ӘҒЖБ) – табиғат туралы жүйеленген және қорытындыланған бiлiмдер жүйесiнiң бөлiгi.
ӘҒЖБ-інiң ұғымдық құрылымының маңызды компоненттерi ретiнде:
 материя, кеңiстiк, қозғалыс және өзара әрекеттесу туралы түсiнiк енетiн бастапқы философиялық идеялар;
 әрқайсысына тән құрылымдық элементтерi (негiз, өзек, салдар, интерпретациялау) бар ғылыми теориялар;
 сәйкестiк, толықтырушы, симметрия, себептiлік принциптерi арқылы сипатталатын теориялар арасындағы байланыс болып табылатынын атап өтемiз.
Оқу пәнiнiң мазмұнын қалыптастырудың көзi сәйкес ғылымның мазмұны болып табылады. Әлемнiң жаратылыстану-ғылыми бейнесi (ӘЖҒБ) –табиғат жайлы жүйеленген және қорытындыланған бiлiм жиынтығының – әлемнiң ғылыми бейнесiнiң бөлiгi.
Әлемнiң жаратылыстану-ғылыми бейнесінің сипаттамалары тек философиялық қана емес, басқа ғылыми әдебиеттерде де кеңiнен қарастырылған. Сондықтан әлемнiң қазiргi заманғы физикалық бейнесiн (ӘФБ) қарастырайық. ӘФБ-нiң ұғымдық құрылымының маңызды компоненттерi ретiнде:
 материя, кеңiстiк, қозғалыс және өзара әрекеттесу туралы түсiнiк енетiн бастапқы философиялық идеялар,
 әрқайсысына тән құрылымдық элементтерi (негiз, өзек, салдар, интерпретациялау) бар теориялар,
сәйкестiк, толықтырушы, симметрия, себеп-салдарлық принциптерi арқылы бейнеленетiн теориялар арасындағы байланыс болып табылады.
Әлемнiң қазiргi заманғы кванттық-өрiс теориясы әлемнiң электродинамикалық бейнесi қойнауында пайда болды. Планк гипотезасы, Бор атомының теориясы, сондай-ақ де Бройль гипотезасы, оптикалық-механикалық аналогия және т.б. алғашқы кванттық-өрiстiк түсiнiктердiң пайда болуымен материя, қозғалыс, олардың өзара әрекеттесуi туралы кванттық-өрiстiк түсiнiктер қалыптаса бастады. Әрі қарай әлемнiң кванттық-өрiстiк бейнесiнiң дамуы арнайы салыстырмалылық теориясының (релятивтiк теория) мен кванттық теорияның туындауымен дамыды. Кванттық теорияны пайдалана отырып, өткен ХХ ғасырда ғалымдар өрiс және зат, кристалдарға, молекулаларға, атомдарға, атом ядроларына, элементар бөлшектердiң өзара айналымына қатысты мәселелердi түсiнуде елеулi қадам жасады. Қатты денелер, плазма, атомдық және ядролық, элементар бөлшектер физикасы сияқты бөлiмдер пайда болды. Оптиканың сызықтық емес оптика, голография сияқты салалары пайда болды.
Соңғы жылдары элементар бөлшектер мен бiрыңғай өрiс теориясының жасала бастауымен әлемнiң кванттық-өрiстiк теориясы кеңеюде. Мұнда кеңiстiк пен уақыт туралы релятивтiк түсiнiктер материя туралы кванттық-өрiстiк түсiнiктерге, элементар бөлшектер бойынша зерттеулерде соңғы жылдары жасалып жатқан өзара әрекеттесуге толық сәйкес келетiн неғұрлым тереңiрек кванттық түсiнiктер тұрғысынан қарастырылуда. Сондай-ақ әлемнiң кванттық-өрiстiк бейнесi дамуының қазiргi кезеңi материя, қозғалыс, өзара байланыс, өзара әрекеттесу туралы түсiнiктер мен уақыт және кеңiстiк туралы релятивтiк түсiнiктердiң өзара қосылуымен сипатталады. Әлемнiң кванттық-өрiстiк теориясында материя кванттық-өрiстiк ретiнде қарастырылады. Сонымен бұл айтылғандарды қысқаша қорытындылай келе:
әлемнiң кванттық-өрiс бейнесiнiң екi түрде: зат және өрiс түрiнде болатынын және алдыңғы қатарға бұл материя түрлерiнiң айырмашылығы емес, олардың бiрлiгi шығатынын;
әлемнiң бұл бейнесiндегi қозғалыс анықталмағандық принципiне бағынатындығын;
кванттық-өрiс теориясына кеңiстiк пен уақыт туралы түсiнiк электродинамикадан (онда объектiлер қозғалысының кеңiстiк және уақыт бойынша сипаттамалары олардың қозғалыс жылдамдықтарына тәуелдi болатыны, ал кеңiстiк пен уақыт гравитациялық (тартылыс) массасымен байланысты) көшкенiн атап өтемiз.
Әлемнiң кванттық-өрiстiк бейнесiнiң аясында төрт iргелi өзара әрекеттесулер бөлiнедi, олар:
− барлық белгiлi объектiлердiң күйiнiң өзгеруi мен олардың құрылымына (күштi, электромагниттiк, әлсiз, гравитациялық) жауапты;
− алмасушы сипаты бар. Соңғы кезде барлық iргелi төрт өзара әрекеттесулердiң бiрыңғай теориясын құру үшiн зерттеулер басталған. Мұндай сұлбаларды кеңейтiлген супергравитациялық сұлбалар деп атайды. Супергравитацияны жасау кеңiстiк-уақыт туралы жаңа түсiнiктерге алып келуi тиiс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет