Грек-Рим күресі XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Еуропа елдерінде грек–рим күресі пайда болды. Жекпе-жек Франция жерінен бастау алған. Сол кездегі жергілікті қала және ауыл тұрғындарының ынтасы күреске ауып, олар біртіндеп осы өнермен айналыса бастады. Грек-рим күресі бірден халықтың қызығушылығын арттыра бастады. Күшті саңлақтар көше циркында өнер көрсетті. Қалың жұрт жиналатын жерлерде белдесулер ұйымдастырылды. Кейін Франция қалаларының біріншілігі, біраздан соң әлем чемпионаттары өткізіле бастады. Белдесуден әлем чемпионатын жақсы деңгейде ұйымдастырып өткізу, кәсіпқой күрестің болашағына үлкен жол ашып, оның өсіп- Франция астанасы Парижде 1848 жылы алғаш рет кәсіпқой күресшілер белдесетін арена бой көтерді. Франция жеріне өзге де шет елдерден бәйгеге қатысу мақсатымен балуандар келе бастады. Немістер, түріктер, италияндықтар және орыстар әлем чемпионатына қатысып, жарыстың ережесін үйренді. Ақырында француз күресі әлемдік мәртебеге ие болып, өзге мемлекеттерге тарап кетеді. Францияның аты шығып, бүл күрес түрі халықтың сүйікті спорт түріне айналған. Әрине, күрес өнері дүниежүзінде әртүрлі бағытта дамыды. Бұл әр халықтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлеріне байланысты болды. Еуропада француз күресі (грек–рим күресі) Азия елдері мен шығыста және Америкада еркін күрес жақсы дамыды.
Бірінші Олимпиада ойындарының бағдарламасына 1896 жылы француз күресі енгізілді. Осы күреске Халықаралық Олимпиада комитеті «грек-рим» күресі деген ресми атау тағайындаған. Белдесудің бірінші кездесулерінде небәрі 5 саңлақ өнер көрсетті. Олар 4 мемлекеттің намысын қорғаған болатын. Екеуі Грециядан, Германия, Венгрия және Ұлыбританиядан бір бірден балуан қатысты. Осы бәйгеде балуандар салмақ дәрежелеріне бөлінбеді. Дәл сол уақыттан бастап (1900 және 1904) жылдардағы екі Олимпиаданы есепке алмағанда Олимпиада бағдарламасынан түскен жоқ.
Кейін 1912 жылы (FILA) Халықаралық күрес түрлері федерациялары құрылып, әлемдегі ең үлкен және беделді спорттық ұйымдардың біріне айналды.
Грек-рим күресі әр заманда жаңа атауға ие болған. Нағыз кәсіпқой күресшілер «француз күресі» деп атаса, әуесқойлар «грек-рим» деп атады. Біздің елімізде 1948 жылы Бүкілодақтық денешынықтыру мен спорт комитеті спорттық күрес түрлеріне екі бірдей атауды бекітті. Француз немесе грек-рим күресі «классикалық» деп, ал «еркін-американдық» «еркін күрес» деген атауға ие болса, сол кезегі «еркін» күрес "самбо"- деген атауға ие болды. Нәтижесінде 1991 жылы «классикалық» күрестің атауы «грек-рим» болып өзгертілді.
Грек-рим күресінің жарыс ережесі 1896 ж. шығарылып, содан бергі уақытта талай рет жаңартылып келеді. Ол 1986 ж. 1 -ші Олимпиялық ойындардың бағдарламасына еніп, содан бері (1900, 1904 жылдардан басқа) бағдарламадан басқа олимпиядалық жарыстан түспей келеді. Әлем чемпионаты 1897 ж. Еуропа чемпионаты 1898 жылдан бастап өтіп келеді. Күрес әуесқойларының халықаралық бірлестігі (ФИЛА) 1912 ж. құрылды. ҚР- ның Грек-рим күресінің бірлестігі 1993 жылдан ФИЛА-ға мүше.