Лекция №1 Тақырыбы: Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі пәніне кіріспе


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар



бет18/41
Дата05.03.2023
өлшемі1,17 Mb.
#71623
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41
Байланысты:
лекция жинағы

Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Қол добының тарихы

  2. Қазақстандағы қол добының дамуы

  3. Қол добы ойынының ережелері



Лекция №10
Тақырыбы: Суда жүзу спортының шығу тарихы, жетістіктері
1. Су спортының түрлері
2. Қазақстандағы су спортының даму
Су добы ойынының шығу тарихы кездейсоқ оқиғаға байланысты. Балалар ұзақ уақыт ыстық күндегі футбол ойынынан кейін суға шомылмақ болып, суға түсіп салқындағаннан кейін, баяғы ойыннан суда жалғастыра беріпті, бірақ аяқпен тебу мүмкіншілігі болмағандықтан қолмен ойнай бастаған. Міне, кездейсоқ мұндай жағдай су добы ойынын ойлап табуға себепші болған дейді, спорт тарихы туралы деректерде. Ал шын мәніне келгенде бұл спорт ойынының өзіндік тарихы, белгілі даму кезеңдері бар, мұның делелі 1885 жылы құрылған су добы федерациясы. Ол 1900 жылы француз спорт мамаңдарының ұсынысымен екінші Олимпиада ойынының бағдарламасына кіреді де ол ойынға екі француз ойыншыларымен бірге тағы да екі команда қатынасып, барлығы төрт команда, су добынан олимпиада медалын сарапқа салыпты.Ал 1920 жылғы олимпиадаға дүниежүзінің 12 командасы қатынасады.
Су добы алғашқы уақытта судағы футбол деп аталынғанымен біртіндеп өз ережесі, өз құрал-сайманы бар спорт ойынына айнала түседі.
Алғашқы кезенде су добы, ұзындығы 45 метірлі су айдынында өтеді, қақпаның орнына «гол» - деп жазылған нысана қойылады, егер қарсы жақтың ойыншысы лақтырған доп көрсетілген нысанаға тисе ұпай есептелетін болған.
Қазіргі кезенде су добы 30х20 метірлік су айдынында айналады. Ережеге сәйкес бассейіндегі судың тереңдігі 2 метірден кем болмауы керек. Қақпаның кеңдігі 3 метр, ол су бетінен 0,9 метрлік биік тұруы міндетті. Су добының дөңгелектігі 68-71 см, салмағы 400-500 гр болады. Допты екі қолымен ұстауға тек қақпашыларға ғана рұқсат етіледі,ойыншылар тек бір қолымен ғана доп ұстайды. Алғашқы Европа біріншілігі 1926 жылы өтіп, 1973 жылдан бастап дүниежүзілік чемпионат өткізіліп келеді.
Су добының отаны аталған ағылшындар командасы 1920 жылдары алдына команда салған емес, олар 4 мәрте олимпиада чемпионы болды. Рессей тарихында су добынан алғашқы жарыс 1910 жылы өткізілген. ҚСРО-біріншілігі 1925 жылдан бастап өткізіліп келеді. Су добы өнерінің кең таралуына байланысты оның ойыншыларының бойында өсе береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет