Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар: Жаттықтырудың кіші айналымы
Жаттықтырудың мезо айналымы
Жаттықтырудың көпжылдық сатысы
Дайындықтың түрлері
ӘДЕБИЕТТЕР Негізгі: 1. Әбілдаев Ә.К., Оңалбек Ж.К., Дене мәдениетінің ілімі мен әдістемесі. Түркістан.2018
2. Уанбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері. Оқу құралы , Алматы, Санат, 2010
3. Спорт теориясы мен әдістемесі. Педагогикалық мамандықтарға арналған оқулық / Е.К. Сейсенбеков.- Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2017.- 332б.
Қосымша: 1. Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері. Оқулық. Қыдырмолдина. А.Ш. Алматы, 2016.- 528б.
Лекция №2 Тақырыбы: Гимнастика түрлері, тарихы және жетістіктері. 1. Спорттық гимнастиканың бағыттары
2. Көркем гимнастика түрлері, жетістіктері
Гимнастика мынадай түрлерге бөлінеді: жалпы жетілдіру, спорттық, қолданбалы. Жалпы жетілдіру түрлеріне негізгі, гигиеналық, ырғақтық, атлетикалық және балалар гимнастикасы жатады; Спорттық гимнастикаға әйелдердің спорттық гимнастикасы, ерлердің спорттық гимнастикасы және көркем гимнастика, Спорттық акробатика, акробатикалық жолшада секіру (тамлинг);
Қолданбалыға – әскери-қолданбалы, өндірістік қолдабалы, реттегіш және емдік гимнастика жатады.
Жаттығуды таңдаудың кең мүмкіншілігі мен оның мөлшері қойылған міндетке байланысты қорғаныс-қимыл аппаратының түрлі бөліктеріне әсер етуіне, жүрек-қан тамырларының, тыныс алу және ағзаның басқа да жүйелерінің қызмет ету қабілетін арттыруға мүмкіншілік береді. Гимнастикалық жаттығудың түрлі сипаттағы және дәрежедегі қиыншылықтарына үйрену орталық жүйке жүйесінің үйлесімді механизімдерін жетілдіруге көмектеседі.
Гимнастиканың түрлі дене жүктемесіне бейімделу механизімін жетілдіру дененің үйлесімді дамуына мүмкіншілік береді, тұлғаны дұрыс қалыптастырады, қаңқа бұлшық еттерін, әсіресе қолдың бұлшық етін, иық белдеуін, іш прессін нығайтады, иілгіштікті жетілдіреді, қимыл үйлесімін дамытады. Гимнастикалық жаттығудың арнайы іріктелген бөлігі арқылы түрлі мүшелерімізге және ағза жүйесіне емдік мақсатта әсер етуге болады.
Жалпы жетілдіру гимнастикасы, денсаулықты нығайтуға, адамның қозғалыс қабілетін жетілдіруге, үйлесімді дене дамуына бағытталған арнайы дене жаттығуларының жүйесі. Жалпы жетілдіру гимнастикасы барлық жас ерекшеліктеріне бұқаралық дене тәрбиесінің маңызды құралы болып табылады.
Сабақ барысында маңызды қолданбалы қозғалыс дағдыларын (жүгіру, секіру, еңбектеу, лақтыру және т.б.) оқытады.
Құралдармен жаттығу (доптар, гимнастикалық таяқшалар және т.б.), иілгіштікке, босаңдыққа, керілуге және т.б. «Қарсыласу» жаттығулары кеңінен қолданылады. Негізгі гимнастика мектептегі дене тәрбиесінде басты орын алатындардың бірі. Сабақ беру әдісінде жаттығуларды көрсету мен еліктету кеңінен қолданады. Қимыл мен қалыптың көбінде түрлі болуы мүмкін және жаттығу мен бастапқы қалыпты жиі ауыстырады, көбінде ойын әдістері қолданылады. Гимнастика сабағы орталық жүйке жүйесіне және эндокринналық жүйеге дем береді, зат алмасу, тоттыққыш процесстеріне, қан айналу және тыныс алу қызметін жақсартады.
Атлетикалық гимнастика, денісау жасөспірімдерге беріледі. Ол барлық бұлшық ет топтарын үйлесімді дамытуға, жүрек қан тамырларының және тыныс алу жүйесінің қызмет ету мүмкіншілігін белгілі бір шамада арттыруға себепші болады, күшті тәрбиелеп, тұлғаны дұрыс қалыптастырады.
«Созылумен» жаттығу қолдану сабақты дене жүктемесі қарқынын арттырады. Атлетикалық гимнастика спорттық гимнастикаға дайындық болып табылуы да мүмкін, олардың кейбір ұқсастығыда бар (бодибилдингке қара).
Гигиеналық гимнастика азаматтардың демалысымен еңбегінің органикалық бөлімі, тұрмыстық ажырамас бөлігі. Гигиеналық гимнастиканың негізгі міндеті шұғылданушылардан денсаулығын нығайту, олардың өмір сүру қызметін және еңбек қабілетін арттыру. Гигиеналық гимнастика жаттығулары әртүрлі дайындықтағы және түрлі жасерекшеліктеріндегі адамдар үшін қолайлы, қарапайым.
Қолданылатын жаттығулар тынысалу және қан айналымды жақсартады, зат алмасуды арттырады, жүйке бұлшықет аппаратын нығайтады. Гигиеналық гимнастика күн сайын өткізілуі тиіс. Онымен күннің кез-келген уақытында шұғылдануға болады. Ұйқыдан соң ол жылдам көмектеседі және еңбек қызметіне қарқынды кірісуге, жұмыс барысында еңбек қабілеттілігін сатауға үлкен септігін тигізеді, ал ұйқы алдында демалуға барынша жағымды жағдай туғызады. Гигиеналық гимнастика арнайы жабдықтарды талап етпейді және үйде, мектепте, лагерьлерде және т.б. жерлерде өткізіле береді. Гигиеналық гимнастика жаттығулары белгілі бір жоспар бойынша таңдап алынады, сондағана шұғылданушыға жақсы әсер етеді.
Барынша мақсатты, тәжірибеде бектілген, келесі сызбадағы гигиеналық гимнастиканың құрастырылған кешені болып табылады: