Лекция №1 Тақырыбы: Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі пәніне кіріспе


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар



бет7/41
Дата05.03.2023
өлшемі1,17 Mb.
#71623
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41
Байланысты:
лекция жинағы

Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Баскетбол ойынының шығу тарихы
2. Қазақстандағы баскетбол ойынының дамуы
3. Баскетбол алаңы мен қалқанның өлшемдері


Лекция №5
Тақырыбы: Футбол ойынының шығу тарихы және оның дамуы
1. Әлемдік деңгейдегі футболдың дамуы
2. Қазақстан футболының дамуы
Футбол (ағыл. foot – аяқ және ball - доп) командалық спорттық ойын. «Аяқ добының» тарихы бірнеше жүздеген жылдардан бастап саналады. Футболға ұқсас түрлі доппен ойналатын ойындарды Ежелгі Шығыста (Египет, Қытай), көне дәуірде (Греция, Рим), Францияда («ла суль»), Италияда («кальчио») және Англияда ойнаған. Еуропа футболы тікелей римдік «гарпастум» ойынынан бастау алады деп есептеледі. Легионерлердің әскери дайындығының негізгі түрлерінің бірі болып саналатын бұл ойында допты екі баған арасынан өткізу қажет болатын. Шамамен 5 ғасырда бұл ойын Рим империясымен бірге жойылып кетті, бірақ Еуропа тұрғындары арасында және Италияда сақталып қалды. Ұлы Леонардо да Винчиді замандастары тұйық, ұстамды деп сипаттағанымен, ол да бұл ойынға қызығушылық танытқан. Оның «Ең танымал живописьшілер, ойшылдардың өмірбаяны» жазбасында мыналарды оқимыз: «... Ол живопись пен мүсіндеуден өз артықшылығын көрсетумен қатар флорентиялық жасөспірімдермен өзі жақсы көретін аяқ добынан сайысқа түсетін...». 17 ғасырда жазаланған ағылшын королі І Карлдің жақтастары Италияға қашып барып, онда осы ойынмен танысты, ал 1660 жылы ІІ Карлдың тақты жеңіп алғанынан кейін оны Англияға алып келді, ол сарай қызметкерлерінің ойынына айналды. 1863 жылы Англияда әлемдегі тұңғыш футбол ассоциациясы құрылып, әлемде бірінші рет ресми ойын ережесі жасалды, ол бірнеше онжылдықтардан кейін баршаға танымал болды. 1873 жылдан бастап халықаралық кездесулер бастау алады. Англия мен Шотландия құрама командалары арасында өткен матч 0:0 есебімен тең аяқталды. 1884 жылдан бастап Британ аралдарында тұңғыш рет ресми халықаралық турнир өткізілді, оған Англия, Шотландия, Уэльс пен Ирландия футболшылары қатысты (бұл турнирлер қазіргі кезде де жыл сайын өткізіледі). 19 ғасырдың басында футбол Еуропа мен Латын Америкасында тез кеңінен тарала бастады. 1904 жылы Бельгия, Дания, Нидерландия мен Швейцарияның бастамасымен Футбол ассоциацияларының халықаралық федерациясы құрылды (ФИФА). ФИФА-мен қатар 1954 жылдан бастап Футбол ассоциацияларының Еуропалық одағы – УЕФА жұмыс істей бастады. ФИФА-ның өз жарғысы бар, ХОК мойындап, Халықаралық спорт федерацияларының бас ассоциациясының (ХСФБА) мүшесі болып табылады. 1930 жылдан бастап әр 4 жыл сайын Футболдан әлем чемпионаты, ал 1958 жылдан бастап Еуропа чемпионаты өткізіледі. УЕФА жетекшілігімен ойналатын жарыстар: Еуропа чемпионаттарының Кубогі (1956 жылдан), Кубок иегерлерінің Кубогі (1961 жылдан), УЕФА Кубогі (1958 ж.). Футбол 1900 жылдан бастап толыққанды олимпиадалық ойын түрі болды, 1896 жылғы Олимпиада ойындарында футболдан көрсетілім ойындары өткізілді. Парижде өткен осы алғашқы олимпиадалық турнирде Бельгияның, Ұлыбритания мен Францияның командалары қатысты, ол небары екі матч болды. Шешуші матчта ағылшындар француздарды 4:0 есебімен ұтып, футболдан Олимпиада ойындарының тұңғыш чемпионы атанды. Ұлттық құрама деңгейінде бірінші рет құрылықтық Еуропада 1902 жылы Австрия мен Венгрия футболшылары кездесті. Австриялықтар 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осы жылы бірінші рет оңтүстік америкалықтар құрамаларының кездесуі болды (Аргентина – Уругвай – 6:0). Олимпиада ойындары тарихында еуропалық емес дара жеңімпаз елдер Канада (1904 ж.) мен Уругвай (1924-28 жж) болды. КРСО құрама командасы 1956 жылы Олимпиада ойындарының чемпионы болды (Мельбурн - Австралия).
Алаң ретінде ұзындығы 90-нан 120 м-ге дейін, ені 45-тен 90 м-ге дейін болатын тікбұрышты орын алынады, халықаралық ойындар үшін алаң ұзындығы 100-110 м, ені 64-75 м болуы тиіс. Алаңның беті сызықтармен белгіленеді. Қақпа сызығында қақпа орнатылады, олардың тік бағандарының арақашықтығы бір-бірінен 7 м 32 см, ал көлденең көлбеу жерден 2 м 44 см болады. Қақпаның артқы жағына арқанды торлар бекітіледі. Ойынды салмағы 396-453 г, аумағы 68-71 см доппен жүргізеді, ойынға 11 адамнан құралған екі команда қатысады, әр командада қақпашылар, қорғаушылар, шабуылшылар мен жартылай қорғаушылар болады. Ойын 90 минутқа созылады, 45 минуттан 2 тайм болады, олардың арасындағы үзіліс 15 минут. Балалар мен жасөспірімдер үшін ойын ұзақтығы қысқарады. Ойын уақыты 10 минуттық үзіліспен екіге бөлінеді. Әр команданың міндеті қарсылас қақпасына мүмкіндігінше көп доп соғу (аяқпен немесе баспен ұрып) болып саналады. Ойыншылардың допқа қол тигізуіне тиым салынады, тек қақпашы ғана допты қолымен ұстай алады (тек өзінің айып алаңында). Қақпаға салған доп саны көп команда жеңіске жетеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет