Аутэкология- жеке организмдер арасындағы қарым-қатынастарды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді яғни аутэкологиялықта организмдердің бір дарасы және популяциясы жан-жақты зерттеледі. Популяция дегеніміз белгілі бір орындағы бір түрге жататын даралардың жиынтығы. Жер бетіндегі саналы адам (Homo sapіens) жәһандық популяцияны түзеді. Қазақстанның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Ресейдің тұрғындары географиялық популяциялар. Емен ағашында 200 дей түрлері балдырлар саңырауқұлақтар, жануарлар түрлерінің даралары тіршілік етеді. 1950 жылдарға дейін аутэкологиялық зерттеулерге айрықша көңіл бөлінді. Мәдени өсімдіктердің жаңа сорттары, ауылшаруашылық жануарларының сапалы тұқымдары шығарылды. Жабайы тұяқты аңдарды қолда өсіре бастады. Мысалы Шығыс Қазақстан облысындағы Котон-Қарағай ауданында маралдарды, Шығыс Африкада канна бұғысын интродукциялады. ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастап халық санының өсуі өндірістің техниканың қарқынды дамуына байланысты экология ғылымының синэкологиялық зерттеу әдісі де дами бастады. Бұл әдісте белгілі бір орындардағы барлық тірі организмдердің түрлерінің жиынтығын өлі табиғатпен байланыстарын зерттейді.
Ал сол жердің тірі организмдері бірлестіктігін биоценоз деп атайды.
Бірлестік – белгілі бір орындағы әртүрлі түрге жататын бір-бірімен қоректену тізбегі, кеңістік арқылы байланыста болатын организмдердің тобы.
Дэмэкология - бір түрге жататын организмдер (особьтар) тобын, яғни популяцияларды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Бір түрге жататын организмдердің топ құрып тіршілік ету ерекшеліктері, биологиялық құрылымы (жас, жыныс, көбею, өлу, табиғаттағы саны, тығыздығы, таралуы т.б.) табиғаттағы сан мөлшерінің реттелуі мен ауылшаруашылығындағы маңызы туралы мәліметтер қарастырылады.
Эйдэкология - түр мен оның популяцияларын органикалық дүние дамуының жоғары деңгейі тұрғысында қарастырады. Особь, популяция, биоценоз-биогеоценоз-биосфера деңгейіндегі қарым-қатынастар жүйесі бойынша зерттеулер жүргізеді.
Синэкология - бірлестіктер экологиясы (биоценология) ретінде әр түрлі түрлерге жататын популяциялар (өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер) жиынтығын біртұтас организмдер деңгейінде зерттейді. Организмдер бірлестіктерінің қалыптасуы, құрылымы, динамикасы, қарым-қатынастар, энергия зат алмасулар, сандық және сапалық өзгерістер, биологиялық өнімділігі мен бірлестіктерінің тұрақтылығы туралы мәселелер қарастырылады.
Геоэкология - экологиялық жүйелерді биос-фералық деңгейде қарастырады. Құрлық пен дүниежүзілік мұхиттардағы экожүйелер, ондағы қарым-қатынастар мен байланыстар, географиялық ландшафтар бойынша экожүйелердің құрамы, бірлестіктер тұрақтылығы кеңістік пен уақытқа байланысты өзгеруі, экожүйелердің өнімділігі, агро және антропогендік экожүйелер, олардың практикалық маңызы туралы зерттеулер жиынтығы.