өзіндік негізі болып табылуынан құралады. Демек, фонетиканы зерттемей
жатып, тілдің лексикалық, грамматикалық қатарын зерттей алмаймыз.
Фонетиканы оның фонологиялық аспектінде зерттеу филологтың
ғылыми көзқарасының құрылуына негіз болады. Фонетика «жас филологты,
тіл – бүтін, жүйелі, ақылды, іштей келісілген, мәмілеген келген біртұтас жүйе
ретінде түсінуге оқытады. Тілдің заңдарын фонетикада арқылы түсіну
оңайырақ, өйткені фонетиканың өзі лексика және грамматикадан да
қарапайым».
Фонетиканың практикалық мәні даусыз. Оның жетістіктерін әртүрлі
аймақтарда қолданылып жатыр:
1) Жазуы жоқ халықтар үшін жазуды құру, ескіжазулы тілдердің жазуын
және орфографиясын жетілдіруде;
2) Оқу және жазуға оқыту әдістемесінде;
3) Екінші тілдің айтылуы мен орфографиясын оқытуда;
4) Мылқау және құлағының мүкісі барлардың (сурдопедагогика) сөйлеу
тілін оқытуда;
5) Техникалық
мәселелер қатарын шешуде: а) телефония және
радиотехникада байланыс тракты көмегімен сөйлеуді жеткізу; б)
кибернетикада – сөйлеу командасы көмегімен өндірістік процестерді
басқаруды автоматизациялау мәселесін дамыту үшін және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: