Лекция 1 Тіл білімі туралы жалпы түсінік. Тіл білімінің ғылымдар жүйесіндегі орны, басқа ғылым салаларымен байланысы


Лекция 2  Тілдің пайда болуы. Тілдің пайда болу мәселесінің тарихы (глоттогенез)



Pdf көрінісі
бет2/23
Дата08.12.2022
өлшемі1,22 Mb.
#55940
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
ТБК Лекциялар

Лекция 2 
Тілдің пайда болуы. Тілдің пайда болу мәселесінің тарихы (глоттогенез) 
қазіргі жай-күйі. 
Тіл адаммен бірге пайда болады және адамға ғана тән деп саналады. 
Шынында да адамзат тілі адамдағы барлық физиологиялық ағзаның бар 
болуына байланысты пайда болуы мүмкін және адамды өзге хайуанат 
әлемінен ерекшелейтін де тіл. Осы сұрақ төңірегінде адамдардың жеке-жеке 
дыбыстарды шығара алуын адам ағзасының ерекшелігі деп табады.
Хайуанат әлеміндегі дыбыстар – ауырған, қорыққан, ашуланған, 
сезімдерді білдіруде, қарама-қарсы жынысты жануарды өзіне қарату 
мақсатында және т.б. жағдайларда пайдаланылады. Дегенмен бұл дыбыстар 
анық емес, себебі «сөйлеу анықтығы біз қабылдауымыз үшін арнайы бөлініп-
бөлініп айтылады». 
Анық сөйлеу ас қорыту ағзасы мен тыныс жолдарының тағы бір қызметі 
– сөйлеу дыбыстарын жасау барысында, яғни ұзақ уақыт көлемінде 
жасалынған. Анық сөйлеуге деген қабілет тек дыбыстарды шығаруда 
ағзалардың икемделуімен ғана байланысты емес, сонымен қоса мидың да 
дамуымен тығыз байланысты, себебі анық сөйлеу жеке дыбыстардың, дыбыс 
кешендерінің құрамымен қоса бірге айтуды талап етеді.
Адам миының сол жақ жарты шарында сөйлеуді айту мен тыңдауға 
жауапты – Брокб зонасы (сөз тудыруға жауапты моторлы орталық) және 
Вйрнике (сенсорлы орталық – есту анализаторы) зоналары орналасқан. Сол 
жақ жарты шардың зақымдануынан сөйлеу (афазия) бұзылуы мүмкін. 
Зоналардың бірінің зақымдануына байланысты, афазия сөздерді ұмыту 
немесе дыбыстарды шығарудағы қиындықтармен көрінеді. Адам бас миында 
бұл зоналардың болуы сөйлеу мен қабылдаудың адам миының 
физиологиялық 
(биологиялық) 
процестерімен 
жүзеге 
асатындығын 
куәландырады. 
Бұл фактілердің шынайылығына қарсы шығу екіталай. Дегенмен 
биологиялық концепцияны жақтаушылардың пікірлері ерсілеу көрінеді. 
Бұлардың ойынша тіл – адамның биологиялық құбылысы болып табылады 
дейді, бірақ бұл дегеніміз, тіл - жатқан-тұрған биологиялық құбылыс дегенді 
білдірмейді. Тек физиологиялық процесстерді алға тарта отырып тілдің 
табиғаты мен мәнін түсіндіру мүмкін емес. Тіл адамдағы өзге биологиялық 
құбылыстар секілді мұраға берілмейді, тіл тек меңгеріледі. 
Жануарлар арасында баланы тәрбиелеу жағдайы мәлім. Сөйлеуге деген 
барлық мүмкіндіктер тізгіні (бас миы, сөйлеу аппараты) бола тұра, бұл 
балалар ұзақ уақыт бойы сөйлей алмаған. Немесе басқа бір жайт, баланың 
бар уақытта да ата-анасы сөйлейтін тілде сөйлемеуі. Бүтін бір халық өз 
тілдерін ұмытып, басқа тілге көшкені жайлы дерек те бар.
Адам – жай ғана тірі ағза емес, ол әлеуметтік құбылыс. Адамның тілі тек 
адам әлеуметінде ғана пайда болып, өмір сүреді. Тілдің әлеуметтік табиғаты 
келесі анықтамада ерекше аталып өткен: «Тіл – мен үшін де, өзгелер үшін де 


өмір сүретін түйсік және ол түйсік басқа адамдармен қатынас үшін туған 
қажеттіліктен пайда болды». 
Тілдің әлеуметтік табиғатын ескере отырып биологиялық өнім ретінде 
мойындамау қате саналады, себебі тек екеуінің бірлескенінде ғана тілдің 
ерекшелігі көрініс табады.
Тіл мен қоғам байланысы жайлы ұғым ежелден бар құбылыс. Ежелгі 
грек философтарының өзі заттарды атауда қоғамдық шарттасуды сөз еткен. 
Бұл мәселеге назар көптеп аударылып, жаңа лингвистикалық бағыт 
әлеуметтік лингвистиканың пайда болуына себепші болды.
Тіл қоғамға қызмет етеді және осы жағдай тілді қоғамдық құбылыстар 
қатарына жатқызады. Қоғамдық құбылыстар қатарына тілден басқа қоғамның 
экономикалық құрылымын (базисін), қоғамның саяси, құқықтық, діни, 
эстетикалық, философиялық көзқарастары мен соларға сәйкес мекемелерді 
(мұның бәрі құрылым болып табылады) жатқызады. Әйткенмен көрсетілген 
қоғамдық құбылыстарға қарағанда, тіл – адам қызметінің барлық аясында – 
мәдениет, білім, өндіріс, ғылым және т.б. салаларда жаппай қолданылады. 
Мұның бәрі тілдің басты қызметі – қатынас құралымен тығыз байланысты. 
Лингвистикалық теорияларда тілдің қоғамдық құбылыс ретіндегі 
статусы әр түрлі көрініс тапқан. Мысалы, Н.Я. Марр коммунизмнің пайда 
болу дәуіріне тілдің синтетикалық типін жатқызады да, ал жеке сөз 
таптарының, сөйлем мүшелерінің пайда болуын қоғамдық формациялардың 
өзгеруі, яғни қоғамдық еңбек бөлінісінің пайда болуы, қоғамның топтарға 
бөліну дәуірімен байланыстырады, ал флективті тілдерді сословиелік және 
таптық қоғаммен байланыстырады. 
Бұл идеялардың бәрі тілдің жол үсті сипатымен бекітілген, яғни 
құрылымға жатқызылған. Құрылым базиске қызмет етеді және базис 
өзгергенде өзгереді. Мысалы, капиталистік қатынастар пайда болысымен 
феодалдық қоғамға қызмет етіп жүрген құрылым жаңа бағытқа икемделеді. 
Тіл тағдыры қоғамдағы экономикалық қатынастардың өзгерісіне тікелей 
байланысты емес. 
Қоғамның экономикалық құрылымының ерекшелігі тілдің тарихи 
өзгерісімен байланысы болмайды. Дегенмен тілдің адамзат қоғамы 
жағдайына тәуелді екендігін жоққа шығара алмаймыз. Бұл тіуелділік тілдің 
диалектілерге бөлінуінде анық байқалады. 
Тілдің қоғамдық мәні әдеби тілдердің құрылу тарихында да көрінеді
жалпыхалықтық тіл – қай жердің экономикалық мәдени қатынастары жақсы 
дамыды, сол жердің диалектісі негізінде пайда болады. Осылайша әдеби 
орыс тілі мәскеу диалектісі негізінде пайда болған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет