Лекция 1
Тіл білімі туралы жалпы түсінік. Тіл білімінің ғылымдар жүйесіндегі
орны, басқа ғылым салаларымен байланысы.
Тіл білімі (лингвистика) – тіл және оның даму зандары туралы ғылым. Тіл -
қоғамдағы
адамдардың өзара пікір алысу, бір-бірімен қарым-қатынас жасау,
сөйлесу құралы. Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалық
құрылысы болады.
Тілдің осы аталған әр түрлі жақтары тіл білімінің тиісті салаларында
(деңгейлерінде) қарастырылады. Мысалы, тілдің дыбыс жүйесі тіл білімінің
фонетика саласында, сөздік құрамы лексикология саласында сөз етіледі.
Тіл білімінің осы аталған салаларының әрқайсысы өз ішінде тағы да
бірнеше тармақтарға бөлінеді. Мысалы, фонетика саласы 1) сипаттама фонетика,
2) салыстырмалы-тарихи фонетика, 3) эксперименттік фонетика және тағы басқа
болып сараланады. Лексикология, грамматика да дәл осындай.
Тіл және оның жоғарыда аталған әр түрлі салалары (деңгейлері) ылғи
дамуда болады. Ол
даму қалай болса солай емес, тілдің ішкі даму зандары
бойынша дамиды.
Тілдің әр түрлі жақтары: дыбыс жүйесі (фонетика), сөздік құрамы
(лексикология), грамматикалық құрылысы (грамматика) бір- бірімен тығыз
байланыста болады және бір-бірімен тығыз бірлікте сөз етіледі. Өйткені, тіл
білімі тілдің, жоғарыда айттық, әр түрлі салалары мен оның тармақтарын,
олардың дамуын,
өзара байланысын, тіл дамуының ішкі зандылықтарын
зерттейді.
Тілдің белгілі бір дәуірде өмір сүріп тұрған қалпын зерттейтін тіл білімі
бар және оның шығуы мен тарихын, дамуын зерттейтін тіл білімі бар.
Алдыңғысы - сипаттама тіл білімі (немесе синхрондық лингвистика), соңғысы —
тарихи тіл білімі (немесе диахрондық лингвистика) деп аталады.
Белгілі бір тілді (оның жүйесі мен құрылымын) ғылыми тұрғыдан
талдап түсіндіру үшін және оның даму зандарын айқындау үшін, ол тілді және
ондағы
фонетикалық, лексикалық, грамматикалық құбылыстарды туыстас
тілдердегі бір тектес кұбылыстармен салыстыру тұрғысынан зерттеу кажет. Яғни
тілдің табиғатын, оның даму зандарын айқындаудың басты шарты — тілдік
құбылыстарды салыстыру және тарихи (өзгеру, даму) тұрғысынан зерттеу. Бұны
салыстырмалы-тарихи әдіс деп атайды.
Белгілі бір тілдің жүйесі мен құрылысын және оның даму зандарын
айқындайтын жеке тіл білімі (мысалы, қазақ тіл білімі немесе орыс тіл білімі)
бар да, ғылым ретіндегі тіл білімінің теориясы
болып саналатын жалпы тіл
білімі бар. Жалпы тіл білімі — нақты бір тіл туралы емес, адам баласы тілінің
дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Демек, тіл білімінің жалпы
теориялық саласы болып саналатын жалпы тіл білімі, әдетте, бір ғана тілдің
емес, көптеген тілдердің деректерін есепке алады. Оларды жинақтай келіп, жалпы
теориялық топшылаулары мен қорытындылар жасайды.
Жалпы тіл білімінің теориялық топшылаулары
мен қорытындылары
жеке тілді зерттеу үшін кажет. Ал жалпы тіл білімі жеке тілдерді зерттеуге
бағыт-бағдар сілтейді.
Сөйтіп, жалпы тіл білімі тілдің мәні мен қызметін, оның ойлаумен ара
қатынасын, байланысын, адам баласы тілінің пайда болуын қарастырады; тілдің
даму зандарын айқындайды; дүние жүзіндегі тілдерге классификация жасайды;
ғылымдар жүйесінде тіл білімінің алатын орнын айқындайды.
Жалпы тіл білімі – тіл туралы ғылымның теориялық саласы. "Тіл
біліміне кіріспе" деп аталатын курс – міне, осы жалпы тіл білімінің бастамасы.
Ол жалпы тіл білімі қарастыратын мәселелерді оқып білу үшін
алғашқы
баспалдақ, соған жолдама іспетті.
Тіл білімі – ғылымдардың екінші тобына, яғни қоғамдық ғылымдар
тобына жатады. Тіл білімінің басқа ғылымдар жүйесінде алатын орны ерекше.
Себебі кез келген ғылым тіл арқылы түсіндіріледі, тіл арқылы игеріледі.
Жалпы алғанда: барлық ғылымдар бір-бірімен тығыз байланыста, бірлікте
болады. Өйткені материалдық дүниенің өзі органикалық бірліктен тұрады.
Сондықтан, материалдық дүниенің әр түрлі жақтарын зерттейтін ғылымдардың
өздері бір-біріне әсер етеді, бірін-бірі байытады.
Біз сөз еткелі отырған тіл білімі де көптеген
ғылымдармен байланысқа
түсіп, солармен қарым-қатынаста дамып келеді. Ол, ең алдымен, қоғамдық
ғылымдармен тығыз байланыста. Себебі: тіл – қоғамның тууымен бірге туып,
қоғамның дамуымен бірге дамитын қоғамдық құбылыс. Ол қоғам мүшелерінің
пікір алысу, қатынас жасау құралы ретінде қызмет атқарады.
Қорыта келгенде, тіл білімі - дербес ғылым. Ол әр түрлі қоғамдық және
жаратылыстану ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өзара байланыста болады.
Тіл алдымен ғылыми тұрғыдан зерттелінеді. Соның нәтижесінде тілдің
табиғаты, оның даму заңдылықтары айқындалады, ондағы тілдік
категориялар сараланады. Ол категориялар
мен заңдардың бір-бірімен
байланысы, өзара қарым- қатынасы анықталады. Сөйтіп, белгілі бір тіл туралы
қорытындылар, топшылаулар жасалынады. Сол қорытындылар мен топшылаулар
негізінде грамматикалық, ягни ғылыми немесе нормативті окулықтар жазылады,
түрлі сөздіктер құрастырылады. Міне, тілдің теориялық мәні дегеніміз осы.
Ал тілдің практикалық мәні деп - әлгі заңдылықтарды білуді, ол үшін сол
тілді оқуды, үйренуді айтамыз. Белгілі бір тілді оқып білу - ең алдымен,
сөйлеу мәдениеті мен жазу мәдениетін арттырады,
адамның ой өрісін
кеңейтеді. Содан кейін тілді, оның зандары мен қағидаларын үйретеді.
Қысқасы, университетке, институтқа түсіп оку, білім алу, әдетте, тілді
окып машықтанудан атап айтқанда, дүрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуді
үйренуден басталады. Дүрыс сөйлеп, дұрыс жаза білу - әрбір мәдениетті, білімді
адамның алдына қойылатын басты шарттардың бірі. Ал мұның өзі тілдің
орфоэпиясы мен орфографиясын, грамматикасын жақсы білуді қажет етеді.
Тілдің стильдік тармақтарын жете білудің де практикада маңызы зор.