1. Этика өрісінің кеңеюі: «ізгілік» ұғымы экология саласына (биоцентрлік этика) және адаммен ғылыми эксперименттерге таратылады (биоэтика) 2. Этиканы гендерлік тұрғыдан қарастыру 3. Дәстүрлі этикаға эволюциялық көзқарас 4. Ойын теориясында моральдық таңдаудың логикалық-математикалық ас-пектілері (түрмеге қамалған адамның дилеммасы: «қылмысты мойындаймын ба әлде мойындамаймын ба?»)
Либералдық биоэтиканың«жаңа этикалық стандарттары» (XX ғ. 2-ші жартысы)
- эвтаназияны қолдаушылардың «лайықты өмір, лайықты өлім» принципін «өмірді қолдайтын аппаратураны үзіп тастаудың моральдылығын» ақтау үшін қолдану; - «бас миының өлімі» ұғымын адамдық биоматериалдың зерттелуін және пайдаланылуын ақтау үшін қолдану; - «отбасын рационалды жоспарлау» ұғымы; «табиғи сұрып-талуды түзету» мақсатпен тұқым қуалайтын ауруларға «генетикалық шабуыл» жасау ұғымы; - «жасанды сұрыпталу» тәсілі ретіндегі пренаталдық диагностика
Қазақ философиясындағы құндылықтар мәселесі
Қазақ философиясының дәстүрлі ерекшелігі - адам экзистенциясына (тіршілігіне) бетбұрыс, адам болмысының мән-мағыналы негіздерін руханилық тұрғыдан іздеу. Бұл беталыс қазақ ақындарының шығармашылығына, араб-мұсылмандық және түркі тілді ойшылдардың кәсіби философиялық ізденістеріне, қазақ ағартушылдардың ілімдеріне тән Қазақ үшін ең басты құндылық, ең бағалы нәрсе - өмір. Адам тіршілікте өзінің өмірін әр күнін бағалап, мандайға жазылған өмірді гүлдендіруге, жандандыруға, мәнді өткізуге ұмтылуы тиіс. - Дүние-өмірдің ерекшеліктерінің бірі - оның өткіншілігі : «дүние-жалған», «сұм дүние», «өттің дүние», «дүние-арман». Қазақ халқы оны қадірлеуге шақырады. «Дүние-арманға» мән беретін нәрселер: еңбек, сүйікті жар, жақсы дос, басқалармен сыйласып өмір сүру