«Этика» (грек. «этос» - «мінез», «әдет») терминін ғылыми қолданысқа Аристотель еңгізді. Этика – адам мінез-құлқысының заңдары мен нормалары туралы ғылым
«Этика» (грек. «этос» - «мінез», «әдет») терминін ғылыми қолданысқа Аристотель еңгізді. Этика – адам мінез-құлқысының заңдары мен нормалары туралы ғылым. Этика мынау сұраққа жауап береді: біз не істеуіміз керек? Біздің іс-қылықтарымыз қандай болуы керек? Аристотель этиканың мақсатын бақытқа жеткізетін іс-қылықтар деп түсінген. Этикалық құндылықтар – бұл басқа адам-дармен қарым-қатынастардың негізіни құрайтын құндылықтар: ізгілік, әділеттілік, борыш, мейірімділік және т.б. Антикалық софистер (б.д.д.V ғ.) Аристотель(б.д.д.384-322 жж.)
Материалдық және рухани құндылықтар
Құндылықтар адам үшін маңызды материалдық игіліктерге (тамақ, киім, баспана) және рухани игіліктерге бөлінеді Рухани игіліктер – адам мен бүкіл қоғамның діни, этикалық, эстетикалық құндылықтар жүйесі
Конфуцийдің ілімі бойынша, «бекзат ер» - бұл адамдармен қарым-қатынастарда бес тұрақ-ты этикалық құндылықтарды жүзеге асырған кісі «У-чан» - бес тұрақтылық: - «жень» - адамды сүю, - «и» әділеттілік, - «ли» - әдеттілік, ритуал, - «чжи» -даналық, сау ес , - «синь» - сенімділік Конфуций (Кун-фу-цзы) б.д.д. 551-479 ж.ж.. Негізгі еңбегі - «Лунь-Юй»
Этикалық категориялар
Игілік – адам үшін оң, жақсы құндылық деп танылатын заттар, іс-әрекеттер, мінез-құлықтың түрлері Ізгілік (жақсылық) - игілікті жасауға, сақтауға және нығайтуға бағытталғанның бәрі Зұлымдық (жамандық) – игілікті құрту, бұзу Мейірімділік – өзге адамға рақымдылықты, қамқорлықты, жанашырлықты, сүйіспеншілікті білдіру Парыз, борыш - адамды өз болмысын адамгершіліктік құндылықтарға сай қалыптастыруға мәжбүрлейтін, ол үшін ішкі міндетке айналған рухани қажеттілікті бейнелейтін этикалық категория.