Лекция 10. Этика. Философия ценностей


«Этика» (грек. «этос» - «мінез», «әдет») терминін ғылыми қолданысқа Аристотель еңгізді. Этика – адам мінез-құлқысының заңдары мен нормалары туралы ғылым



бет2/8
Дата06.11.2022
өлшемі1,92 Mb.
#47896
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәріс 9. Этика. Құндылықтар философиясы

«Этика» (грек. «этос» - «мінез», «әдет») терминін ғылыми қолданысқа Аристотель еңгізді. Этика – адам мінез-құлқысының заңдары мен нормалары туралы ғылым.
Этика мынау сұраққа жауап береді: біз не істеуіміз керек? Біздің іс-қылықтарымыз қандай болуы керек? Аристотель этиканың мақсатын бақытқа жеткізетін іс-қылықтар деп түсінген.
Этикалық құндылықтар – бұл басқа адам-дармен қарым-қатынастардың негізіни құрайтын құндылықтар: ізгілік, әділеттілік, борыш, мейірімділік және т.б.
Антикалық софистер
(б.д.д.V ғ.)
Аристотель(б.д.д.384-322 жж.)

Материалдық және рухани құндылықтар


Құндылықтар адам үшін маңызды материалдық игіліктерге (тамақ, киім, баспана) және рухани игіліктерге бөлінеді
Рухани игіліктер – адам мен бүкіл қоғамның діни, этикалық, эстетикалық құндылықтар жүйесі

Конфуций іліміндегі этикалық құндылықтар


Конфуцийдің ілімі бойынша, «бекзат ер» - бұл адамдармен қарым-қатынастарда бес тұрақ-ты этикалық құндылықтарды жүзеге асырған кісі
«У-чан» - бес тұрақтылық:
- «жень» - адамды сүю,
- «и» әділеттілік,
- «ли» - әдеттілік, ритуал,
- «чжи» -даналық, сау ес ,
- «синь» - сенімділік
Конфуций (Кун-фу-цзы)
б.д.д. 551-479 ж.ж..
Негізгі еңбегі - «Лунь-Юй»

Этикалық категориялар


Игілік – адам үшін оң, жақсы құндылық деп танылатын заттар, іс-әрекеттер, мінез-құлықтың түрлері
Ізгілік (жақсылық) - игілікті жасауға, сақтауға және нығайтуға бағытталғанның бәрі
Зұлымдық (жамандық) – игілікті құрту, бұзу
Мейірімділік – өзге адамға рақымдылықты, қамқорлықты, жанашырлықты, сүйіспеншілікті білдіру
Парыз, борыш - адамды өз болмысын адамгершіліктік құндылықтарға сай қалыптастыруға мәжбүрлейтін, ол үшін ішкі міндетке айналған рухани қажеттілікті бейнелейтін этикалық категория.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет