Лекция №10 ландшафттар


Ландшафттардың қасиеттері



бет2/4
Дата22.10.2022
өлшемі444,04 Kb.
#44901
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
10 ЛЛЕКЦИЯ

2.7.2 Ландшафттардың қасиеттері


Экологиялық бағалау кезінде аумақты табиғи-ландшафттық жіктеу ландшафттардың экологиялық маңызды қасиеттерінен, яғни экологиялық проблемалардың пайда болуына ықпал ететін немесе ықпал етпейтін қасиеттерінен (мысалы, су алмасудың нашарлығы, топырақ құрамының механикалық жеңілдігі, ауа райының антициклондық тұрпаты және т.б.) және оларды жоғалту едәуір шығын алып келетін ерекше құндылықтық қасиеттерінен (мысалы, ауланатын бағалы аңның мекені, бағалылығы жоғары ормандар, ландшафттың эстетикалық құндылығы және т.б.) көрінетін белгілі бір өңірлік ерекшеліктері бар кеңістіктік нақтылық ретінде қарастырылады.
Экологиялық маңызды қасиеттерді бағалау ландшафттың табиғи әлеуетін анықтаумен, атап айтқанда, оның орнықтылығын, яғни антропогендік әсерлер кезінде өзінің қалыпты жағдайын ұстап тұру қабілетін анықтаумен байланысты. «Орнықтылық» ұғымы ландшафттың экологиялық әлеуетін анықтаудың барлық түрлері үшін негізгі болып табылады. Геожүйенің орнықтылық ұғымының өзі және механизмдері әзірге толықтай анық емес.
Ландшафттың табиғи-қорлық әлеуетіне келер болсақ, оның жаңғырмалы қорларының негізгі түрлері бойынша деңгейлері айтарлықтай дәрежеде дәл анықталған (16-сурет). Ол әлеуеттің сарқылуы ормандардың жойылуы, топырақтың құнарлылығының жоғалуы, жайылымдардың тозуы сияқты күрделі экологиялық проблемаларға алып келеді.
Ландшафттар негізінен тұрақты жағдайға ұмтылатын өздігінен реттелетін жүйелер болып табылады. Оған ландшафтта әртүрлі, олардың ішінде қарапайым өзін-өзі реттеуді – оның құрылымындағы тұрақты немесе сондай жағдайды қамтамасыз ететін тура және кері басым байланыстардың болуымен қол жеткізіледі. Белгілі бір ландшафттың бір жағдайдан сыртқы әсерлердің, оның ішінде адамның антропогендік қызметінің салдарынан екінші жағдайға ауысуға (жаңа тепе-теңдікке) жұмсалатын уақыт көптеген факторлармен және себептермен анықталады. Ол, мысалы, ландшафттық кешеннің құрамдас бөліктерінің өз массасы мен энергиясын, әртүрлі әсерлерге орнықтылық дәрежесін сақтау қабілеті, болып жатқан үдерістер мен құбылыстардың ауқымдылығы және т.б.
Ландшафттық тұрпаттық кешендер тұрақтылығы бойынша орнықты, салыстырмалы түрде орнықты және сукцессиялы болып бөлінеді.

16-сурет. Ландшафттың табиғи әлеуеті және оны пайдалануға байланысты мәселелер
Ландшафттың орнықты жағдайы деп оның дамуы және алдыңғы тепе-теңдіктің жағдайларын қалыпына келтіруге беталысы басым болатын тұрақты тепе-теңдігін атайды. Ландшафттардың сыртқы бейнесінде және құрылымында болмашы сыртқы себептердің әсерінен едәуір өзгерістер болатын жағдайларда ландшафттар салыстырмалы түрде орнықты деп саналады.
Қандай да бір белсенді жүрген үдерістер барысында қатты өзгеретін ландшафттар (олардың орнында ландшафттардың табиғи немесе антропогендік жаңа түрі пайда болады) сукцессиялыларға, яғни өзінің сыртқы және ішкі құрылымын жылдам өзгертетін түрге жатады. Ландшафттардың сукцессиялық өзгерістері қазіргі кезде негізінен антропогендік әсерден болады.
Табиғаттағы ландшафттық-экологиялық тепе-теңдіктің серпінін зерттеу мәселесі өте күрделі, сонымен бірге аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Ландшафттар табиғатты пайдаланудың негізі ретіндегі шаруашылық қызметтен басқа адамның өмір сүру ортасы ретінде де қызмет атқаратынын естен шығармау керек. Зерттеулер шаруашылықтық игеру кезінде орнықтылығы төмен солтүс-тіктегі және қуаңшылық ландшафттардың табиғи әлеуеті айтарлықтай көбірек төмендейтінін көрсетті. Бірақ орнықты ландшафттар басым орналасқан орманды далалар және далаларда да қарқынды шаруашылықтық қызмет кезінде (мысалы, жерлерді жаппай жырту, ауыр техниканы пайдаланудан топырақ тығыздалған және басқа да салмақтар түскен кезде) ландшафттардың табиғи әлеуеті төмендеп, экологиялық ахуал едәуір өзгереді.
Экологиялық зерттеулерде ландшафттың меншікті қисындық әлеуеті – адамның өмір сүруінің бастапқы сұраныстарын: ауаға, жарыққа, ауыз суға, азық-түлік көздеріне және еңбек, демалыс, рухани даму жағдайларына сұраныстарын қанағаттандыру қабілеті бөлек тұрады. Ландшафттардың экологиялық әлеуеті табиғи қасиеттері бойынша да (Қиыр Солтүстік және т.б.), саналы шаруашылықтық қызметтің нәтижесінен (кен өндіру, жаппай урбанизациялау, гидротехникалық құрылыстар мен суландыру және т.б.) ландшафттың құлдырауынан да төмендеуі мүмкін.
Сонымен, ландшафттың экологиялық маңызды және құнды қасиеттері мен оның табиғи әлеуетінің (орнықтылық, ресурстық және экологиялық әлеуеттерінің) аумақты экологиялық бағалауда үлкен маңызы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет