Лекция №10 ландшафттар


Ландшафттар табиғатты жайластыру нысаны



бет3/4
Дата22.10.2022
өлшемі444,04 Kb.
#44901
түріЛекция
1   2   3   4

2.7.3 Ландшафттар табиғатты жайластыру нысаны


Адамзаттың Жер бетіндегі және Әлемдегі тағдыры сан-алуан тіршіліктің табиғи негізі және қайнар көзі болып табылатын табиғаттың тағдырынан ажырамайды. Адам өзінің өмірінде табиғатты пайдаланудан да, оның құрамдас бөліктерін өзгертуден
де бас тарта алмайды. Сондықтан қоғамның қорлықтұтынушылық қызметтен сақтаушы-жасампаз қызметке қарай қозғалыс стратегиясын дайындау қажет. Осыған байланысты адамзаттың тарихи дамуында табиғатты пайдаланумен қатар табиғатты жайластыруға және табиғатты қайта өндіруге сұраныс пайда болды.
Адамның табиғатпен қарым-қатынасын келесі түрлерге бөлуге болады:

  • табиғаттану – табиғаттың жекелеген құрамдас бөліктерінің және олардың табиғи-аумақтық кешендер немесе әртүрлі дәрежедегі геожүйелер түріндегі жиынтықтарының пайда болуының, дамуының, жұмыс істеуінің объективтік заңдарын білу;

  • табиғатты пайдалану – табиғаттың құрамдас бөліктеріндегі заттарды, энергияны, ақпаратты адамзат қоғамының материалдық және мәдени сұраныстарын қанағаттандыру үшін қоғамдық өндіріске тарту;

  • табиғатты жайластыру – табиғатты пайдаланушылардың талаптары мен табиғаттың қасиеттерінің өзара келісімге келуі табиғаттың құрамдас бөліктеріне олардың тұтынушылық құнын немесе пайдалылығын жоғарылататын жаңа қасиеттер беру, бұзылған құрамдас бөліктерді қалпына келтіру.

Екі қызметтің арасында дәл белгіленген шекара жоқ болса да, әдетте табиғатты жайластыру табиғатты пайдаланудың алдында жүреді. Табиғатты пайдаланудың кез келген түрі табиғаттың құрамдас бөліктерін пайдалану тиімділігін жоғарылату үшін олардың қасиеттерін қандай да бір өзгерту қажеттігіне кездеседі, ол өзгертулер табиғатты пайдалану технологиясының құрамына міндетті түрде кіреді. Сондықтан табиғи жүйелерді жайластыру кезінде ол қызметтің нысанын дәл белгілеп алу аса маңызды. Мұның тек әдіснамалық қана емес, үлкен тәжірибелік маңызы да бар. Табиғаттың жекелеген құрамдас бөліктеріне әсер ету іс жүзінде мүмкін емес, себебі ол бөліктер автономды емес. Табиғатты жайластыру кезінде табиғатты пайдалану кезіндегі сияқты тұтас геожүйелерді қарастыру керек. Әрине, әрбір нақты жағдайда олардың басқалармен тығыз байланыста екенін естен шығармай, басты геожүйелерді бөліп алуға болады. Табиғатты жайластыру нысаны адамның жүзеге асырып жатқан өзгертулері олардың ауқымында тікелей көрінетіндей дәрежедегі геожүйелер болуы тиіс. Өзгертулерді жүзеге асыру кезінде жүйеаралық байланыстардың бар екендігіне сүйене отырып, жақын және алыс салдарды болжау, яғни табиғатты жайластыру жұмыстарының көрші геожүйелерге әсерін бағалау қажет.
Ландшафттарды олардың орналасқан жеріне, табиғи құрамдас бөліктері қасиеттерінің қиылысуына байланысты тұрпаттарға, тұрпатшаларға, топтарға, топшаларға, түрлерге біріктіреді. Ландшафттың тұрпаты – аса ірі таксономиялық бірлік, ол жылумен және ылғалмен табиғи қамтамасыз етілуінің арақатынасы бойынша анықталады. Ландшафттың жұмыс істеуінің көптеген көрсеткіштері, оның өнімділігі, яғни оның негізгі қасиеттері: тұтастығы, ашықтығы, тіршілік етуі, биомасса өндіруі, топырақ түзу қабілеті, құрылымдылығы, серпінділігі, орнықтылығы, дамуға қабілеттілігі, құрамдас бөліктері қасиеттерінің кеңістікте өзгергіштігі, табиғи үдерістердің сызықтық еместігі тап осы арақатынасқа байланысты.
Демек, ландшафт – өзіндік жеке-даралығы, бірыңғай пайда болу тегі, күрделі құрылымы бар ірі аумақты жер телімі. Ол бірнеше жерлерден, алқаптардан, фациялардан тұрады, бірнеше әлеуметтік-экономикалық қызмет орындайды, басқаша айтқанда онда әртүрлі мақсаттарға арналған жерлер орналасқан. Бұл жағдайлар адам мен ландшафттың қарым-қатынасын едәуір күрделілендіреді, оны көп мағыналы, кейде қарама-қайшылықты етеді.
Ландшафттарды олардың өзгеру дәрежесіне қарай келесі түрлерге бөледі:

  • шартты түрде өзгертілген ландшафттар – олар тікелей шаруашылықтық пайдалану мен әсерге ұшырамаған, оларда жанама әсер етудің болмашы іздерін ғана табуға болады, мысалы, атмосферадағы техногендік заттардың адам баспаған тайгаға, биік тауларға, Арктикаға, Антарктикаға түсуі;

  • шамалы өзгертілген ландшафттар – олар негізінен экстенсивті шаруашылықтық әсерге ұшыраған, оларда ландшафттың жекелеген «екінші» дәрежелі құрамдас бөліктері өзгерген, бірақ негізгі табиғи байланыстар бұзылмаған және өзгерістердің қайтымды сипаты бар. Олар – тундралық, тайгалық, шөлдік және экваторлық ландшафттар;

  • орташа өзгертілген ландшафттар – оларда кейбір құрамдас бөліктер, әсіресе өсімдіктер және топырақ қабаттары қайтымсыз өзгеріске ұшыраған. Олар өзгерістер нәтижесінде су және жылу теңгерімдерінің құрылымдары өзгеретін орманды кесу, жерді кең ауқымды жырту;

  • өзгертілген (бұзылған) ландшафттар – олар құрылымының едәуір, көбінесе қайтымсыз және қоғам мүддесі тұрғысынан қолайсыз бұзылуына алып келген, барлық дерлік құрамдас бөліктерін (өсімдіктерді, топырақты, суды, тіпті жер қабығының қатты қабаттарын) қамтыған қарқынды әсерге ұшыраған. Оларға негізінен ормандардың жойылуы, топырақтың эрозиясы, сорлануы, шектен тыс ылғалдануы, су мен топырақтың ластануы байқалатын оңтүстік тайгалық, орманды-далалық, далалық, құрғақ далалық ландшафттар жатады;

  • өңделген ландшафттар – құрылымдары таиғатты пайдалану қағидалары сақтала және қоғам мен табиғаттың мүдделері қорғала отырып, ғылыми негізде ұтымды және оңтайлы өзгертілген ландшафттар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет