Адамзат өзінің табиғатты пайдалану саласындағы тарихи дамуында табиғи жайластырудың жекелеген әдістерін қолдануда үлкен тәжірибе жинақтады. Бұл аталған қызметтің табиғи жүйелер мен адамзат қоғамының үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін жалпы заңдылықтарын тұжырымдауға және келесі жалпы қағидаларын дайындауға мүмкіндік берді:
тұтастық қағидасы – табиғатты жайластыру нысаны табиғаттың жеке құрамдас бөлігі емес, жеке дәрежедегі геожүйе болуы тиіс;
табиғи ұқсастықтар қағидасы – табиғатты жайластырудың мүмкіндігінше табиғаттың құрамдас бөліктері қызметінің табиғи үдерістерін қайталайтын технологияларын қолдану;
теңгерімделгендік қағидасы – жайластырылған аумақтағы шаруашылық қызметтің табиғи жүйелердің қорлық және
экологиялық мүмкіндіктеріне сәйкестігі;
қажетті сан-алуандылық қағидасы – басқарылатын техногендік жүйе басқарылатын табиғи жүйе сияқты сан-алуан
болса, ол өз қызметтерін табысты орындайды;
әсердің барабарлық қағидасы – табиғи жүйелерді басқару тура және кері байланыстардың негізінде құрылуы тиіс;
айналымдарды үйлесімдендіру қағидасы – заттар мен энергияның антропогендік және табиғи айналымдарының ең жақсы үйлесуін табу;
болжамдылық қағидасы – табиғатты жайластыру жұмыстары табиғи жүйелердің басқарушы әсерлердің ықпалымен жұмыс істеуінің өзгеруінің көпжылдық шынайы болжамдарына және жайластырылатын аумақтардағы әлеуметтік-экономикалық ахуалдың өзгеруінің болжамдарына сүйенуі тиіс;
білімдерді біріктіру қағидасы – табиғатты жайластырудың табиғат туралы, әлеуметтік-экономикалық ғылымдарды және инженерлік-техникалық шараларды қамтамасыз ететін қолданбалы ғылымдарды пайдаланатын өз ғылыми базасы бар, ол сонымен бірге сол білімдерді синтездей отырып, өз білімдерін құрастырады.
Аталған қағидалар ландшафттарды табиғатты жайластыру әдістері мен тәсілдерін негіздеу кезінде жүзеге асырылады.